Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы
28 – Қасас сүресі, 83 аят. Кім бір жақсылық келтірсе, оған да жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана ғана сазайы беріледі. ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 395 бет. Есіңізде болсын: – Жаратушының жасаған бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта қайыру заңы бойынша «не ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. Бұл – әлемнің әділет заңы. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да, жамандығы да тек өзіне белгілі бір мерзімнен кейін қайтып оралады. Алланың адам баласына ерік бергені соншалық өз тағдырыңды өзіңе берген, жаман болуың да жақсы болуың да өз қолыңда. Алла айтады ғой: «Сен маған бір табан жақындасаң мен саған қырық табан жақындаймын». Мәйітті шығарар алдында молдалар сұрайды: «Мына кісінің қарызы бар ма?», – деп. Егер адам кешірмесе Алла да кешірмейді. Сондықтан да біз үнемі Жаратушының бақылауында болғандықтан да жаман қылық түгіл, жаман ой ойлаудан да аулақ болуға тырысу керек. «Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең мағынылы сөзінің түп төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі. Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..)
Алла тағала адамға қандай алыс болса, екiншi жағынан, Ол жүректе болғандықтан сондай жақын. Шыбын жан да, Ғазиз Жан да жүректе орналасқан. Олар үнемi байланыста. Сондықтан, Алла тағала адамның барлық қалау-ниетiн, ой-өрiсiн бiледi. Онан ештеңенi жасыруға болмайтын, Ол – негiзгi куәгер. Сонымен бiрге, Ол ештеңенi де ұмытпайды. Қоғам өмiрiнде кейбіреулер түрлi заңсыз әдiстермен кейде жасаған қылмысы үшін жаза алмай, құтылып кетуі мүмкiндiк, бiрақ Құдай алдында жазадан ол ешуақытта құтыла алмайды. Әлемдік әділет заңы бойынша уақыт келгенде түбiнде әркім өз сыбағасын алады. Алладан ешнәрсенi жасыруға болмайтын болғандықтан, иманды адамдар ешкiмге зияндық келтірмейтін, таза көңiлдi болуға ұмтылады.
Алла тағаладан еш нәрсе жасыра алмайсың. Біреуге жамандық жасасаң артынан жақсылық жаса, жасаған жамандығың үшін тірлігіңде жазаланасың, біреуден бір нәрсе сұрама, аманат алма. Екі кісінің ортасында қазылық қылма. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осыны түсiнбегендер өзiнiң жүрегiнiң әмiрiне кейде құлақ аспай, өмiрдiң түрлi «жылтырағына» алданып, Құдайға қарсы (ұятына қарсы) көп әрекеттер жасайды. Ол соның нәтижесiнде бүкіл әлемдік әділет заңы бойынша оның зардабын тартып отырады. Бiрақ ол оның себебiн түсiнбейдi, сондықтан одан сабақ та ала алмайды. Қарымта заңына сәйкес жазықсыз кісі өлтіргендер көп ұзамай өздері де ит өліммен өледі, не қалған өмірі азаппен, қиналумен т.б. жайсыздықтармен өтеді. Бұған нақақтан кісі қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар, алаяқтар, парақорлар, залымдар, өсімқорлар т.б. жатады. І згілік, құмарлық, надандық байлаулары дегеніміз не? Тиянақ көрме жалғанды, Қуа берме арманды. Пайғамбар мен сахаба, Сен түгіл содан қалғанды. Неменені қимайсың, Нәпсіні неге тыймайсың? ¤зіңді кімге силатып, Өзің кімді сыйлайсың? Құры білген не керек, Білгенді қылған, со керек. Баянсыздың бәрін қой, Боласың сонда шын зерек. Шәкәрім
Адам осы әлемде ізгілік, құмарлық, надандық деп аталатын үш арқанға байланған, себебі пәндік әлемді басқаратын осы үшеуі. Осының барлық жанды және жансыз заттарға да қатысы бар. Біз туған кезде ақыл-ойымыздың қалыпына байланысты не ізгіліктің, не құмарлықтың, не надандықтың шырмауына түсіп байланамыз. Біз осы үшеуінің де әсерінде боламыз, бірақ ішінде біреуі белең алып тұрады. Шөппен қоректенетін жануарлар: жылқы, қой-ешкі т.б. ізгіліктің, жыртқыш хайуандар құмарлықтың, ал есек, қашар сияқты жануарлар надандықтың шырмауына байланған. Сондай-ақ өсімдік әлемі: хош исті гүлдер, шөптер, көкөністер – ізгілік; кесіп кететін, шаншып алатын, қышытатындар – құмарлық; ал улы, жабысқақ тікен тәріздестер және жаман иіс шығаратын өсімдіктер – надандық шырмауына маталған. Адамдар да осылай бөлінеді: ізгілік аясындағылар – білім мен ілімге ұмтылып үнемі ізденетіндер және Жаратушының бар екенін мойындайтын, сенетіндер. Мұндай адамдардың денесі тұрпайы, қолапайсыз емес. Олар қайырымды, адамдармен араласуы сыпайы, ауруларға бой алдырмайды, жүрістері мен дене қозғалыстары жеңіл, көңіл күйлері көтеріңкі болғаннан кейін үнемі күліп бірқалыпта жүреді. Құмарлық шылауына оралған адамдар – қайырымдылығы аздау, Жаратушыны мойындап қайыр-садақа беріп жүрсе де, барлық іс-әрекеттерін өзінің сезімдерін қанағаттандыруға бағыштайды. Оларға көре алмаушылық, қызғаныш, ызалану, кекшілдік, шырт етпе т.б. сезімдер тән. Олар табанды, тәуеклшіл, жылдам, пікірлерін кесіп айтатын, ішкі жалыны тепе-теңдікте болған кезде адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайтын көңілді адамдар болады. Надандық құрсауындағы адамдарда көптеген жаман қылық пен қасиеттер болады. Олар Құдайға сенбейді, сенгісі де келмейді. Қылықтары маңайындағы адамдарға бақытсыздық пен зардап әкеледі. Мұндай адамдар жалқау, жұмысқа құлқы жоқ маубас болады. Денелері ауыр элементтерден құралып аурушаң, санасы мен ақылы жануарлар деңгейінде ғана қалыптасады. Адамның жаны тәнде болғанда пәндік табиғаттың байлауының біреуіне шырмалады, ал жан өзі бөлек болғанда табиғаттың байлауы әсер ете алмайды, себебі ол фәни пәндік әлемде емес, бақилық нәзік әлемде болады. Кей кездерде ізгілік аясында жүрген адамға керемет жаман ойлар келеді, ол адамның өзі осы ойдан шошып кетіп: «адамға неше түрлі сұмдық ойлар келе береді екен-ау», – деп таңырқайды. Немесе надандық, не құмарлық байлауына шырмалып жүрген адамға керемет тамаша жақсы ойлар келеді. Бірақ осы ойлар біздің санамызды өзгерте алмайды, себебі бұл жерде рухани ілім жоқ. Адам толықтай рухани ілім алмаса сезімнің жетегінен шыға алмай, әре-сәре күй кешіп өмірін өткізе береді. Материалдық білімнің өзі екі түрлі болады: академиялық және пәндік. Біздің жоғарғы оқу орындарында алған біліміміз академиялық, ал өмірден алған сабағымыз пәндік. Академиялық білім жетілмеген, себебі пәндік үш байлаудың (ізгілік, құмарлық, надандық) ықпалынан шыға алмайды. Date: 2015-07-22; view: 841; Нарушение авторских прав |