Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаевтың тағдыры және әруақтар





Қарасай ауданы, Алғабас ауылы. Телефоны: 8 701 326 85 20;

Жақсылықты рахымшыл үмбетімнен талап ет, олармен дастархандас бол. Жақсылықты залымдардан күтпе, сонда залымдар кездесетін лағынеттен құтыласың. Я, құдірет егелері! Алла тағала жақсылықты жаратты, жақсылық істеуші кісілерді жаратты, ол кісілер жақсылықты сүйеді, тілегі жақсылық істеу. Ол кісілерге жақсылық істеушілерді кездестіреді. Шөлдегеннің сусынын қандырып, сусаған жерге су жібергенде, су жердегі нәрселерді қалай тірілтсе, өзі де сол сияқты жақсылыққа жетеді. Жақсылық жасаушылар ақыретте жақсылыққа жетеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаев жұбайы Күләш Сәтбайқызы екеуі үш ұл бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Екеуі де Шымкент қаласындағы мәдениет институтын бітірген жоғары білімді рухани адамдар.

Ұлдарының үлкені Абзал, екіншісі Айбар, қызы Майра, бәрі де жоғары білімді мамандар, кенжелері Нұрбол оқушы.

1993 жылы Созақ ауданынан Алматыға қоныс аударады.

Төлжан 1994 жылы бір апта ес-түссіз (комада) жатады. Үш күннен кейін есін жиып, өзінен кейінгі бауыры Амангелдіні іздей бастайды. Амангелді ағасының жағдайын көріп молда іздейді. Сонан соң «Горный гигант» ауылының мешітінің иманын алып келеді. Молда келіп екі кештің арасында Төлжанға дем салады. Дем салғаннан кейін үш күннен кейін басын көтереді. Төлжан 10 күндей өстіп шала-жансар күйінде үйінде домалап жатады, себебі дәрігерге барайын десе жағдай, прописка жоқ, өзі пәтер жалдап тұрады. Ал ауруының жағдайын, қандай ауру екенін ешкім дөп басып айта алмайды, өзі де түсінбейді.

Түсініксіз тылсым осы жағдайдан кейін, сауда мәселесінде бағы жанып, қолы жүріп, біраз уақыттан кейін «Алғабас» ауылынан үй сатып алады.

1998 жылы көңілі хош, бизнесі қарқындап, тасы өрге домалап тұрғанда, өздерінің студент шақтарын бірге өткізген курстасы, Мерке ауданының мәдениет үйінің директоры Нұржан Тулақбаев деген азамат жұмыстарымен қалаға келеді. Бастары қосылған соң «айды аспанға шығарып: күмібірлетеді, күлдірлетеді, балқиды, толқиды, шалқиды, жүздетеді». Содан қатты ауырып, екі күн орнынан тұра алмайды. Осы мезетте түс көреді. Түсінде бір ата тек сақалы ғана көрініп, теріс қырындап қарап тұрады да: «оқы, оқы, оқы», – деп үш мәртебе қайталайды. Сол кезде Төлжан түсінде «Ықылас» сүресін оқып ала жөнеледі. Төлжан бұған дейін, аят білмек тұрмақ, қолына Құран кітабын ұстаған пенде емес. Осыдан кейін қорықанынан ішімдік пен темекіні бірден қояды. Ол кезде әкесі Дүйсенбек пен анасы Бибіхатша марқұмдар тірі болатын, көрген түсін соларға айтады. Анасы: «Балам, біздің Адан деген атамыз Кеңес үкіметі тұсында молда болған, мүмкін сол атаң шығар сені қолдап жүрген», – дейді.

Осылай тазаланып жүргенде бағы одан әрмен жана түседі, бірақта бір күні қонақта отырғанда, біреулер алманың шырынының ішіне сыра аластырып жібереді, Төлжан мұны білмей ішіп алады. Сонан соң баяғы «таз» қалпына түсіп, пендешілікпен ішімдікке әуестене бастайды. Сол кезде анасы, жұбайы ауыра бастайды. Жұбайы Күләш екі кештің арасында талып қалатын түсініксіз ауруға ұшырайды. Бүкіл басына қотыр қаптап, жара басып кетті. Ешқандай ем қонбады.


2000 жылы қаңтар айының үшінші жұлдызында, анасы Бибіхатша: «Ата жолы» қозғалысы деген қозғалыс бар екен. Ұзынағаштағы Жамбыл атаның ордасын Еркін, Айсәуле деген кісілер ұстайды екен», – деп айтып келеді.

Төлжанның «Ата жолы» қозғалысына келуіне себеп болған, тағы да бір аулада тұратын жамағайын жеңгесі Дана. Ол кісінің баласы әскерден келеді, осыған құран оқытам деп қазан айының орта шенінде Түркістанға аттанады. Бара сала, құран оқытудың орнына Түркістан қаласында спирт арзан деп, өкіртіп спирт алады. Кентауға әке-шешесінің үйіне келгенде көрші-қолаң: «Әбдірасылдың баласы аман-есен әскерден келіпті», – деп қауқылдасып жиналады. Бұлар мал сойып бата қылудың орнына, спиртке су араластырып «тоқымын қаға бастаған». Сол күні кешке Дана жеңгесі құлап, аяғы үш жерінен сынады. Бүкіл сынықшыларды, хирургтарды аралайды аяқ орнына түспейді, ем қонбайды. Кентаудан екі жарым айдан кейін, автобуста үш кісінің орнына жатқызып үйіне алып келеді. Желтоқсан айының аяқ шеніне таман, Төлжан жеңгесін Қуаныш деген танысы арқылы бір профессерге алып барып, қаланың емханасына жатқызады, бірақ екі күннен кейін профессор: «Бұл адам болмайды, өледі», – деп шығарып тастайды. Төлжанның басына қара бұлт үйрілген заман туады, себебі шешесі ауру, әйелінің талмасы күннен-күнге үдей түсуде, кішкентай Айбарды түнде төсегінен біреу түрткілеп оятқандай болып, кіші дәретін ұстай алмайтын, ол аз болғандай жеңгесі келіп қосылды. Сөйтіп «қырық қатынның толғағы бір күнде келеді».

Бір күні Дана жеңгеміздің жиен тақуа, намаз оқып, Ратбек қажыдан оқып жүрген інісі: «Сіздер Ұзынағаштағы Жамбыл ата ордасын ұстайтын Еркін, Айсәулге барыңдар, шипа бір болса, сол жерде болады», – деп айтады.ТөлжанДүйсенбекұлыайтады:Бардық.Ол кезде «Ата жолынан» хабарымыз жоқ, бәріміз мақұрымбыз. Таң-тамаша қалып отырмыз. Осы ордаға барғанымызда Дана жеңгемізге Айсәуле деген «аққу» қыздың жүрегімен – Жамбыл атаның әруағы былай деді: «Сенің нағашы жұртыңнан сынықшы бабаң болған екен, ол саған наразы, саған теріс қарап тұр», себебі осы бабасы Данаға түсінде талай келіп: «Сен арақ ішпе», – деп аян береді екен. Бірақ жеңгеміз той-томалақта ретін тауып қағып жібереді. Болмағаннан соң, кейіген бабасы аяқтан алыпты және өкпесінде шиқылдап тұратын бір ысқырық пайда қылғызады. Ренжіген бабасының әруағы шөбересін осылайша жазалайды.


Аталар әруақтары бізге барған бетте сөйледі, ал Данаға 15 күн бойы сөйлемей қойды. 16-шы күні аталар әруағы Данаға: «Саған 39 күннен кейін ем қонады. Нағашы бабаңнан қалған Құран кітап бар екен. Сен соны алдыр». Әйел жылады: «Оны қайдан табамын?», – деп. Әруақ: «Түс арқылы», – деді. Дана әруақтың айтқанындай аян алып, Кентаудағы анасына хат жазып, сондағы Құран кітапты алдырған. Осының бәріне кеткен уақыт тұп-тура 39-ыншы күнге келді. Сол күні түнгі 3-те тылсымнан бір құдірет күші келіп аяғын тарс еткізіп, сүйектерін орын-орнына салады.

Түркістанға бардық, әйелім ауру, басының бәрі қотыр-қотыр және қандай машинаға мінбесін жарты сағаттан кейін лақылдатып құса бастайтын. Қайтарда осының бәрінен айықты. Бұл да бір Алланың құдіреті, тылсым дүние.

Батада Айсәуле «аққудың» жүрегімен Жамбыл атаның әруағы: «Баяғыда бір жарым жыл бұрын түсіңе кірген атаң Тілеубай тылсымнан келіп, үш рет «оқы, оқы, оқы» деп айтқан менмін деп тұр», – деді. Сол кісінің жалғыз баласы бар-тұғын, осы батада Тілеубай ата баласын маған аманат етті. «Жеті жыл болды, жеті жыл – жеті ғасырдай болып аңсап күтіп жатырмын, осыны балама айт», – деді. Мен сонан кейін арнайы Шымкентке барып, Тілеубай атаның баласын іздеп барып, әкесінің аманатын айттым.

Түркістанға барып қайтқаннан кейін әйеліме емес, маған қасиет берді. Маған аталардың әруақтарының тарапынан халық емдеп орда ашасың деген аманат болған. Басында ел не айтады, халықты соңымнан ерте аламын ба? – деп шырақ жағып, орда ашпай біраз қиқалаңдап жүрдім. Бірақта сол кезде киелі аталар әруақтары менің үлкен балам Абзалды ұстай бастады. Балам тоэквандист мықты спортшы, әрқашанда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген, денсаулығы мықты. Ол да екі кештің арасында талып құлап қалатын тылсым ауруға ұшырады. Тәп біз келердің алдында 5 минут бұрын тұрып отырады. «Ой, мынаған не болды?», – деп сұрасақ бүйрегі ұстап талып қалды дейді. Күн ара тағы қайталанатын болды. Күләш екеуміз уролог дәрігерге апардық. Олар компьютерге салып ары-бері тексеріп, дені сау, бүйрегі таза дейді.


Баланы ала салып Ұзынағашқа келдік. Аталардың әруақтары: «Бала керек болса «Ата жолына» қызмет етесің», – деп қысқа да, нұсқа айтты. Мен келе салысымен шырақ жағып, орда ашып «сұңқарлықты» алаңсыз ұстап келемін. Қазақстанның түкпір-түкпірінде көптеген өзімнің шәкірттерім бар, бірнеше ордалар бар. «Ақ ұлдың» өзі шақырып алып жүрегіме Алланың мөрін салды, Қазақстан бойынша ер адамдардың ішінен шыққан алғашқы «сұңқарлардың» бірі боламын.

2001 жылының сәуір айынан бері «Ақ ұлмен» қояма-қолтық араласып келе жатырмын және тікелей шәкіртімін.

Біреуді жақсы жолға бастаған адамға және сол жолға түскен адамға ерекше сауап жазылып тұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

«Ақ ұл» халқымызға, даламызға жыр болып, сыр болып, сын болып келген кісі. Өзім «Ата жолына» келгеннен бері көптеген жоғалтып алған қасиеттерімді қайырдым, рухани дамыдым. Бастапқыда қиын болды, бүкіл керуенге 10...15 адамды әрең деп салатынбыз. Сонда «Ақ ұл» айтатын: «Автобустар әлі-ақ кезекте тұратын болады, Арыстанбаб бабамыздың, Йасауи бабамыздың, Айша Бибі анамыздың, ата жолын бастап жүрген Бес атаның басы құмырсқаның илеуіндей болады», – деп айтатын. Ол кезде «Ақ ұлдың» осы сөздеріне күмәнмен қарайтынбыз. Бірақ 4...5 жылдан кейін «Ақ ұлдың» осы сөзінің іске асқанын көзіміз көріп, бұл кісінің көріпкелдік қасиетіне бас ұрдық. «Ақ ұл» өте қарапайым, сондай сабырлы, бойында адам баласына белгісіз тұнып тұрған көп қасиеттері бар. Айтқан ойлары, сөздері көп жағдайда дәл келіп жатады. «Ата жолының» әлемдік деңгейге де шығуына да «Ақ ұлдың» қосқан еңбегі ұшан теңіз. Бәрімізді халықпен қалай жұмыс істеу керек, т.б. толып жатқан жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре білді. Мемлекеттік деңгейдегі, алыс сапарға, әлемдік жарыстарға кетіп бара жатқан адамдардың лек-легімен келіп «Ақ ұлдан» бата алып жатқанын өзіміз талай көрдік. Қазір Германияда, Болгарияда, Америкада, Ресейде, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. алыс, жақын шетелдердің бәрінде «Ата жолы» ордалары бар, күннен-күнге құлашын кеңге сермеп қанат жайып, әлемді шарпуда. Қазір Израилдан да еврейлер келіп бата ала бастады.

Адамзат баласын біздің киелі ата баба әруақтары имандылыққа жетелеп, бір Жаратушының хақ екенін танытып қызмет жасап жатыр. Арыстанбаб әруағының басында орысша, немісше, ағылшынша т.б. әлем халықтарының тілінде бата есту қазір таң емес, әдепкі жағдай. Барсаңыз өзіңіз де куә болуыңыз мүмкін.







Date: 2015-07-22; view: 798; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию