Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жартушыны тану





Жер жүзіне қарасам,

Неше түрлі халық бар.

Дін иманын санасам,

Мыңнан артық анық бар.

Біреу отқа жағынды:

«Нұрдың түбі – Құдай», – деп.

Не суретке табынды:

«Олай емес, былай», – деп.

Бірі: «Құдай бір», – бір десе,

Бірі айтады: «Көп Құдай».

Бірі: «Тәңірі – күн», – десе,

Бірі дейді: «Жоқ Құдай».

Міне, осыдан байқалды –

Бәрі іздеп жүр Иесін.

Табамыз деп ойға алды,

Жаратқанның киесін. Шәкәрім

 

Бүкіл тіршілік көрінісі рухани және заттық негізден құралатыны белгілі. Рухани болмысқа сенудің ешқандай да зияны жоқ. Керісінше, ол болмыстың біртұтастығын түсінуге мүмкіндік беріп, сана-сезім, ой-өрісті жаңа деңгейге көтереді. Бірақ, заттық өркениет басым болып тұрған заманда мұны әркім бірден түсініп, оған толық сеніп кете бермейді. Жаратушының берген жалпы заңдылықтарымен үйлесімді өмір сүру, түптеп келгенде, өмірді Оның разылығы үшін арнау. Кім болса да бір нәрсені жасаса, өзінің керегіне жарату үшін жасайтын тәрізді, Жаратушы да әлемді жаратқанда, тек Өзінің разылығы үшін жаратты. Себебі ол мәңгілік, Оның жаратылу себебі жоқ, керісінше, әуел бастан Оның Өзінен басқа ешкім, яғни басқа Жаратушы жоқ. Өзін қанағаттандырып, ләззәт алу үшін, Жаратушы рухани болмысты жаратты. Бірақ кейбір жандар өздеріне берілген аздаған еркіндікті дұрыс пайдалана алмай, өздерінің міндеттерін ұмытып, Жаратушыны разы етудің орнына өздері қызық өмір сүргісі келеді. Бұл – білместік. Шексіз мейірімді Жаратушы ешкімнің еркіне қарсы емес, сондықтан Ол өздерін ғана қанағаттандырғысы келген жандарды әркімнің қалауына қарай өз несібесімен бақи әлемнен, яғни рухани өмірден фәни әлемге, заттық (материалдық) өмірге жіберді. Бұл материалдық әлем өздерiнiң қылмысы үшiн жазасын өтейтiн абақты тәрiздi. Осыдан фәни өмiрдегi барлығымыз да Жаратушының ырқынан шыққан күнәһарлар екенiмiздi түсiнемiз.

 

Аллаға сенген құстай ұшады,

Адамға сенген мұрттай ұшады. Қазақ мақал-мәтелдері

 

Кімді болмасын кей кездерде дәрменсіздік, уайым, сағыныш, аңсау басып тұмшалап алады. Уайым мен сағынышқа негіз жоқ болса да және онымен күресуге де дәрменсіз боламыз, себебі біздің жанымыз өзінің мәңгілік сүйікті Жаратушысын аңсайды, сағынады. Осы аңсаудың себеп-салдарын түсінбей осының түйінін пәндік әлемнен іздеп кейбіреуіміз арақ ішеміз, бәңгі шегеміз, темекі тартамыз, енді біреуіміз театрға, киноға, дискотекаға барамыз, махаббаттан іздейміз, әуен тыңдаймыз. Шарасыздықтан осыдан шығатын жол іздеп мешітке барып Алланы сүюге тырысамыз, бірақта Жаратушы туралы біліміміз жоқ болғандықтан бұл іс-қаракетіміз іске аспайды. Тіпті болмағанда басқа дін ағымдарына түсеміз, Жаратушыны содан табамыз.

Алла сондай алыста, Ол қайда? Біз Алла туралы түк те білмейміз, себебі теологияны (Тео-Құдай, логия-ілім) білмейміз. Сондықтан да мешіттерде осы туралы айтса да қабылдай алмаймыз. Жаратушыны сүю тұрмақ, өз жақындарымызды да жақсы көре алмаймыз. Пәндік әлемде кітап, кино кейіпкерлерін сүйеміз. Жарнамасы жақсы болса ел басқарған көсемдерді, басшыларды, батырларды сүйеміз. Біздің алдыңғы ұрпақ, жас күнімізде өзіміз де, өзіңіз де: неше түрлі кино, кітап кейіпкерлерін, ал алдыңғы ұрпақ өкілдері Ленинді, Сталинді марксизм-ленинизм мен диалектикалық материализм теорияларын сүйдік қой.

Қасиетті Құран Кәримдегі Алла туралы ілімді әркім дұрыс түсіне бермейді, сондықтан да түсінбейтінімізді сүю өте қиын. Нәтижесінде адамзаттың басты бөлігі қараңғылық тұмшауында болады.







Date: 2015-07-22; view: 762; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию