Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пендеге адам денесі не үшін беріледі?
Тірлігіңді өлімге әзірлік көр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Тірі жан иесіне Жаратушымен жоғалтып алған байланысын қайта қалпына келтіру және өзін-өзі тану үшін адам денесі беріледі. Қазіргі қауымның санасы – Құдай туралы ілімнің жоқтығынан жануарлардың деңгейінде тұр. Хайуан да ұйықтайды, ішіп-жейді, қосылады, қорғанады, ұрпақ әкеледі, ауырады, жазылады, дәретке отырып өз денелерінен қалдықтарды шығарады. Адамдардың артықшылығы жақсы жағдайда тұрады. Хайуандар мен жануарлар күнәға батпай табиғаттың заңдылығымен өмір сүреді. Олардың шамасы жеткені әлсізін жесе де даму сатысына әсерін тигізбейді, тек нашарлары мен ауруларын сұрыптайды. Біз саналы түрде ағаштарды кесіп, хайуандарды аяусыз жойып қырудамыз. Осындай іс-әрекетімізбен сананың эволюциялық сатылап даму ағымын тоқтатамыз. Сондықтан да осы тірі жан иелері осы денесімен қайта тууға мәжбүр болады. Қарымта қайтару заңы бойынша – осы істеген күнәларымыздың жазасын тартпай қоймаймыз. Бұл күнәлардан бір өмірімізде құтыла алмаймыз, бұның өтемін талай-талай өмірлерді өткізіп барып қана өтейміз. 57. Біз сіздерді жараттық Осыған сіздер сенбейсіздер ме? 58.Шаһуаттарыңыздың (әйелдеріңіздің жатырына) Құйылғанын қалай көрмейсіздер? 59. Осының жаратушысы – сіз бе әлде Біз бе? 60. Біз сіздерге өлімді біркелкі тағайындадық, Бұл – біздің мақсатты еркіміз Ешкімде осыны өзгертуге қабілетсіз, 61. Біз сіздердің бейнелеріңіздің бірін Басқа бейнеге өзгертуге ниет етсек, Осы уақытқа шейін өзіңізге белгісіз, Басқа бейнеде жаңадан жаратамыз. 62. Ақиқатында, сізге алғашқы жаратылған тұлға белгілі, – Онда неге осы жайды сізге Ой елегінен өткізбеске? 63. Сіз тұқымның себілгенін көресіз (егістікте), – 64. Онда барлық өсіп-өрбудің себептері сізде ме әлде Бізде ме?
КОРАН перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. Рипол классик Москва 2005, Сура 56 Неотвратимое событие, стр. 566 (аударған Әсет Мұқашбеков)
Адам баласының түп мақсаты – Құдайға қайту екендігі мұсылман қауымының киелі кітабы Құран Кәрімде бүкпесіз ашық көрсетілген. Табиғаттың заңы мүлтіксіз. Адамдар ойлайды, сәбилер пәк, таза туады – себебі, әлі күнә жасап үлгерген жоқ деп. Өкінішке орай сәбилер пәк емес, қарымта заңына сәйкес, өткен өмірлерінің салдарын өсе келе көретін болады. Адам егер өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан ауруына дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық, сараңдық, өзімшілдік т.б. келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурудан аман, жаны таза адамның сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік, шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау болғанда ғана ол толық сау бола алады.
Date: 2015-07-22; view: 801; Нарушение авторских прав |