Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фәни әлемде жан иелерінің бірігіп өмір сүруінде не мағына бар?
Ей адам баласы, азға қанағат қыл, ал сен болсаң – бай болайын дейсің, тағы да солай жасайсың. Мұндай әдетіңді қой, азға қанағат ет, бала шағаңның саулығын тіле, одан артық байлық жоқ екенін білгенің жөн. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Фәни әлемде де бірігудің негізгі мақсаты – ләззат алу. Төменгі әлем жоғарыдағы әлеммен сәйкес болғандықтан, жан иелерi ләззаттанып, өмірдiң рахатын көру үшiн бұл әлемде де бiрiгедi. Бұл – материалдық бiрiгу. Рухани әлемде кiшкентай жандар рухани құндылық аясында бiрiксе, фәни әлемде олар төменгi материалдық қуат арқылы, яғни материалдық құндылық арқылы бiрiгедi. Бұл екi бiрiгудiң бір-бірінен айырмашылығы үлкен: рухани бiрiгуде – шексiз ләззат бар, ал материалдық бiрiгу – басында балдай тәттi болып көрінгенмен, ол уақытша, сондықтан, арты уға айналады. Осының мысалын кешегі өткен Кеңес үкіметі тұсындағы колхоз, совхоздардан көруге болады. Бұл – материалдық әлемнiң заңдылығы. Материалдық бiрiгудiң зардабын Абай алтыншы қара сөзiнде былай деп түсiндiредi. «Қазақтың бiр мақалы: «өнер алды – бiрлiк, ырыс алды – тiрлiк» дейдi. Бiрлiк қандай елде болады, қайтсе тату болады – бiлмейдi. Қазақ ойлайды: бiрлiк ат ортақ, ас ортақ, киiм ортақ, дәулет ортақ болса екен дейдi. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейлiктен не залал? Ағайын құрымай мал iздеп не керек? Жоқ, бiрлiк – ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Бiрлiк малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек, сонда әркiм несiбесiн Құдайдан тiлейдi, әйтпесе Құдайдан тiлемейдi, шаруа iздемейдi. Әуелi бiрiне-бiрi пәле iздейдi. Не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қорғалатып, әйтеуiр бiрiн-бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты?» Абайдың бұл сөздері өмірдегі бірліктің негізі неде екенін түсінуде үлкен маңызы бар. Ол бiрлiктiң негiзгi мақсаты рухани құндылықта болу керек екенін түсіндіреді. Бiрақ фәни өмірдегi бiрлiк екi түрлi болатынын айтады. Бiрiншiсi – ортақ киiм, ортақ дәулет, яғни мал-дүние арқылы. Мұндай бiрлiктiң бақытынан залалы көп болады. Оған себеп – өздерiн тән деп бiлгендiктен, өзімшілдік сезімдерімен адамдар бақытты тән арқылы сезiнуге ұмтылады. Тойымсыз, арсыз сезiмдер адамды өзiне тиесiлi несiбеден артық қамтуға итередi. Олар «Судың да сұрауы бар» деген қағиданы ұмытады. Әркiм қолынан келгенше түрлi қулықтарға барып, басқаны алдап түсіруге ұмтылады. Осылай, Абай сөзiмен айтқанда, «Құдайдан тiлемей» өз күштерiмен табамыз деп имандылығын жоғалтады. Бiрiне-бiрi пәле iздеп, не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, пәле салып алдаудың амалын iздейдi деп, ойшыл осылай мал арқылы жасаған бiрлiк адамға бақыт әкелмейтінін, сонымен бiрге адамға бақыттан гөрi зардабы мол болатынын көрсетедi. Ол бiрлiктiң бұдан гөрi жоғары түрiне сiлтейдi. Ол – ақылға, яғни адамды сүйіспеншілікке әкелетін рухани болмыс арқылы болатын бiрлiк. Бұндай бірліктің дәлелі: қазіргі таңдағы елімізде бастау алған халықаралық «Ата жолы» қозғалысы. Бұл қозғалыстың жалыны тек қана Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді шарпи бастады. Бұл да Құдайдың құдіретімен болып жатқан іс. Бұндай бiрлiктiң мақсаты адамзатты «Ата жолы» қозғалысы арқылы әруақтардың көмегімен имандылық жолға түсіріп Құдайға жақындату. Date: 2015-07-22; view: 789; Нарушение авторских прав |