Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Адамның үш болмысы
Адам өзін-өзі тану үшін ол өзінің үш болмысын білуі керек. Бұл үш болмысты үш түрлі ғылым түрі зерттейді. Оның біріншісі – рухани болмыс (жан, рух), адам өзінің рухани болмысын дін жолы арқылы танып, біледі; екіншісі – адамның сезім мүшелері көріп-біле алмайтын нәзік болмыс (психикасы), мінез-құлық, ой-өрісті зерттеу психология ғылымының үлесі; үшіншісі – адамның сезімдері көріп-біле алатын тұрпайы болмыс, яғни тәні, тәнді физиологиялық және заттардың құрылымын қарастыратын ғылымдардың барлығы зерттейді. Рухы арқылы жан осылардың өзіне қажетті бөліктерін алып адам қалпын құрайды. Жанның адам денесін қалай қалыптастыруын зерттеу "Мен қайдан келдім?" деген сұрақтың жауабын береді. Енді осы сұрақтың жауабын іздеп, адамның қалыптасуына көз жіберейік. Әуелі Шәкәрімнің адам баласының өмірі қайдан басталатынын білдіретін мына өлеңінен бастайық: Атаның шаһуатының көп қой мәні, Ананың құрсағында қан болғаны. Құс пен адам болар деп кім айта алар, Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны. Басында оның киімі шаһуат еді, Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні! Денесі неше миллион құбылса да, Оның жаны – баяғы ескі жаны. Сезімінің зорайып, азаймағы – Қандай түрде болғаннан оның тәні. Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді "Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны. Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды, Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.
Бұл өлең – Шәкәрім қажының рухани жетілу шыңын, биік философиялық ой-өрісінің деңгейін білдіретін шығармалардың бірі. Осы қысқа өлеңде жан иелерінің өзін-өзі тану бағыты, оның өзінің кім екені, бұл әлемге қайдан және қалай келетіні өте қысқа тұжырымдармен тезис ретінде берілп отыр. Атаның шаһуатының (ұрықтың) мәні шынында да көз жетпейтін тереңде жатыр. Себебі, жан иелерінің келешек өміріндегі көретін бақыты мен қорлығы, адамшылық қасиеттері осы шаһуаттың қуат түріне, оның ана құрсағына түсу уақытына, жағдайына және басқа да көптеген себептерге байланысты. Қандай жан иесі болса да ұрықтан, не болмаса жұмыртқадан тарап, өмірге келеді. Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын салу керек, ал шеше одан әрі оны бала қалпына келтіріп қалыптастырады. Яғни, әке – жаратушы, ал шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды Шәкәрім мен Абай аспан, не болмаса күн мен жер, олардың арасындағы байланыс туралы жазылған өлеңдерінен алуға болады. Күн мен жердің арасындағы махаббаттан бүкіл жер бетіндегі жан иелері туып, өмірге келеді. Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен ана құрсағына түседі. Шәкәрім айтпақшы, басында оның киімі шаһуат еді. Ананың құрсағына түскен соң жан ананың ұрығына оранып қызыл қан қалпын алады. Әрі қарай жан өзінің рухына байланысты, ақын сөзімен айтқанда, неше миллион құбылып, өзіне дене қалыптастырады. Рухтың қасиеттері жан иесінің өткен өмірінің нәтижесіне байланысты. Бірақ, денесі өзгерсе де, оның жаны – баяғы ескі жаны болып, өзгермейді. Медицинаның дәлелдеуіне қарағанда ана құрсағыгда оның денесі өсу барысында әртүрлі болып өзгереді екен. Құрсақтағы баланың денесі балықтың қалпынан бастап, жер бауырлаушылар, құстар және басқа да түрлі хайуанаттардың қалпын алып, ақыры адам түрін алады. Бұл – материалдық ғылымға түсініксіз құбылыс болып көрінгенмен, рухани тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты. Өмірдегі көрген тәжірибенің барлығы жан иесінің генасында жазылып, ол келесі өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін біз инстинкт деп атап жүрміз. Әрбір дене түрінде өзіне лайық инстинкт бар. Соның арқасында барлық жан иелері өзіне тиесілі өмір түрін алып, қалтқысыз өмір сүреді. Шәкәрім сөзімен айтқанда, сезімінің зорайып, азаймағы – қандай түрде болғаннан оның тәні. Сонымен бірге, ол қандай тән алса да өзін "өзім", яғни, жан деп айтқаны. Мысалы, жылан жорғаалайды, құс ұшады, аң жүгіреді деген тәрізді. Олардың барлығының негізі – жан. Ең соңында адам қалпын алады. Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы рух өзіне дене қалыптастыру барысында өткен өмірдегі денелерін тағы да есіне түсіріп, бірінен кейін бірін қалыптастырып өтеді. Құрсақтағы бала денесінің түрлі жануарладың порымдарын алатыны осыдан болса керек. Бірақ, табиғаттың сырлы заңдылығы бойынша, ол бұл жарық әлемге келгенде өзінің өткен өмірлерін ұмытып, олардың ең негізгі қорытындыларын ғана қалдырады. Мысалы, жаңа туған баланы ешкім де емшек емуге үйретпесе де, өзі еме береді. Өткен өмірдің адамның есінде сақталмауы тағдырдың бейірімділігінің бір көрінісі. Егер адам өткен өмірінде жауласқанын білсе, ол бұл өмірде онымен бірге тіршілік құра алмас еді. Ол өзінің өткен өмірінде жау болғанын ұмытып, бұл өмірде оған дос болып келіп, өзінің қарызын өтеуі мүмкін. Анаға берілген шаһуаттың құндылығы әкенің қасиеттері, кім екеніне байланысты. Егер әкенің шыққан тегі, өмір сүру әдісі, жан дүниесі жақсы болса, әрине, шаһуаттың құндылығы да соған сәйкес жоғары болады. Барлық өмір көріністері біздің хромосомымызда, әрбір Жасаушаларымызда (клеткаларымызда) жазылып, сақталып отырады. Егер ата-тегімізде жаман қасиеттер мен аурулар болса, ол ұрпаққа беріліп, түзету өте қиынға соғады. Жерге отырғызған ұрықтың келешек тегі ағаштың түрі мен қасиетін беретіні сияқты, әкенің берген шаһуаты да келешек ұрпақтың қадір-қасиетін анықтайды. Ал баланың анасы тоғыз ай бойы құрсағында баланың тәнін ғана қалыптастырып қоймайды, ол оның әкесі берген шаһуаттың жақсы-жаман қасиеттерін де өсіреді. Бұл – ең әуелі ананың өзінің қадір-қасиетіне, сонан кейін оның сол кездегі көңіл күйі, ойлаған ойлары мен сезімдері, өмір сүру қалпына байланысты. Яғни, өсімдік ұрығы үшін жердің құнарлығы қандай маңызыды болса, ана құрсағының қасиеттері де шаһуаттың жетілуі үшін сондай маңызы бар. Ананың өзінің қасиеттері мен оның бала көтеру кезіндегі қалай тамақ ішу, ұйықтау, өзінің көңіл күйін басқара білу қасиеттеріне байланысты келешек нәресте қалыптасадя. Материалдық әлемде, мектептен белгілі, химиялық гальванизация деген процесс бар. Адамның қалыптасуын, оның келешек өмірінің қандай болатынын осы процеспен салыстырып отырып түсінуге болады. Бұны француз философы Айванхов О.М (1900-1986 жж.) – рухани гальванизация деп атайды. Егер кім болса да жақсы бала көргісі келіп, ұрпағының және өзінің өмірі қайғы-қасіретсіз дұрыс болсын десе, осы заңдылықты білуі керек. Ыдысқа металл тұзы ерітінісі құйып, екі электрод салынады. Оның бірі – оң полюс –анод, ал екіншісі – теріс полюс – катод. Тоқ жіберілгенде ерітіндідегі металл теріс полюске тартылып оны жабады, ал оң полюстегі металл еріп, ерітіндінің құрамын бір қалыпта ұстап отырады. Егер ыдыстағы ерітінді алтын, не болмаса қорғасын, мыстікі болса, онда теріс полюсті алтын, не болмаса қорғасын, мыс жабады. Табиғатта гальванизация процесінің көріністері өте көп. Мысалы, ғарыш кеңістігінде біздің жер теріс полюс болып өзіне әлемдегі өзіне керекті заттарды тартады. Ал әлем кеңістігіндегі жұлдыздар, оның ішінде күн де, оң полюс болып табылады. Уақыттың әр сәтінде жерге әсер жасайтын планеталардың әсері әртүрлі болғандықтан, сол кездегі туған жан иелерінің тағдыры да әртүрлі болады. Оларға сол сәттегі планеталардың өзара байланысы әсер етіп, сол байланыс адамның алдағы өмірін басқарып отырады. Астрология ғылымы, міне, осы заңдылықты білу арқылы адамның келешек өмірін болжай алады. Ғарыштағы ерітінді – эфир, ал батарея Құдайдың әлемдік көрінісі болып, осылай ғарыш кеңістігіне қуат беріліп, барлық планеталар арсында үздіксіз өзара байланыс болып жатады. Теріс полюске – жер, әйел жыныстылар, ал оң полюске – күн, еркек жыныстылар жатады. Сондықтан, ана құрсағындағы ұрық өзіне керекті заттарды тартып бала денесін құраса, жер құрсағындағы өсімдік ұрықтары да өздеріне жерден, күннен, ғарыштан өздеріне керекті заттарды тартып, өз денелерін құрайды. Ұрық қасиеті қандай болса, ол өзіне сондай қасиетті заттрады тартады. Ұрық маскүнем, күнәһар адамдікі, не болмаса рухани жетілген, иманды адам болуы мүмкін. Ұрық та, соған байланысты, өзіне соған сәйкес заттарды тартып, болмысын құрайды. Сондықтан, туған бала маскүнем, хайуан болып, не болмаса адамгершілігі үлкен адам, әулие болып шығуы мүмкін. Ерітінді – ананың қаны. Қан бүкіл денені аралайтын болғандықтан, онда адамның қандай тамақ ішкені, не ойлап, не сезгені – барлығының әсері бар. Анод, оң полюс бастағы ми зат (ойлар) бөледі де, ол заттар қан арқылы шаһуатқа жетіп, оның нәзік және тұрпайы болмыстарын қалыптастырады. Егер анасының басында "қорғасындай" ауыр, қайғылы ойлар болса, онда шаһуат та сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған бала пессимист, ауру, зардапты, ақлы төмен болып қалыптасуы мүмкін. Егер ана гальванопластика заңдылығымен таныс болып, келешек баласының көкірек көзі ашық болсын десе, ол басына "алтын" анодын орналастыруы керек. Яғни, ана жаман ойларға жол бермей, тек қана жақсылық ойлап, көңіл күйін жоғары ұстап, рухани музыка тыңдап балаға (катодқа) "алтын" жіберіп отыруы керек. Сонда шаһуат қымбат металлмен қапталып, дені сау, ақылды, сұлу, барлық қиыншылықтарға төзімді, қымбат бала туады. Бұндай баланың келешегі зор, ата-анасына қуаныш, еліне тірек болады. Міне, осының барлығы аяғы ауыр әйелдердің өздерін дұрыс ұстап, өте қатаң бақылауда болуының зор маңызын көрсетеді. Адамзат ұрпағының келешегі әйелдерге көп байланысты, сондықтан олардың табиғаттың осы заңдылығын мұқият білгендері жөн. Бала дүниеге келген соң да гальванопластика ағымы (процесі) тоқаталмай, оның өмірінің соңына дейін жалғаса береді. Бала енді өз болмыстарын қалыптастыратын заттарды өзін қоршаған ортадан, табиғаттан алады. Сондықтан баланың қоршаған ортасы оның келешектегі өмірін анықтайды. Ал, шаһуаттың өзіне жасалған жағдайларды барынша ұтымды пайдалануы оның өзінің рухани қасиеттеріне, яғни, жанның туа біткен қасиеттеріне байланысты болады. Жан қасиеттері – оның өткен өмірлерінің нәтижесі. Бұл – барлық өмірдің квинтэссенциясы, яғни, мәні. Адамның басқа жан иелерінен айырмашылығы да осы мәнде жатыр. Сонымен, рухани гальванопластика заңдылығы бойынша, адам болмысының құндылығы ең әуелі шаһуаттың қасиетіне, яғни әке тұқымына; сонан кейін, ол шаһуаттың құрсақтағы дұрыс өсу жағдайына, яғни ана қасиеттеріне; туғаннан кейінгі өскен ортасына; және өзінің жан талабына байланысты болады.
Date: 2015-07-22; view: 2118; Нарушение авторских прав |