Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ата мен баланың байланысы. Жанның заттық әлемге қайтуы
Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны, Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны. Қазақ мақал-мәтелдері Не себептен артта қалған қыз есептелмей, тек қана ұл бала есептеледі? Себебі, тұқым қуалау еркек кіндік арқылы жүреді. Яғни, атадан балаға байланыс тек қана еркек арқылы болады. Шәкәрім тұжырымы бойынша, еркек Күн тәрізді, ол ұрық береді, яғни адамның жаны еркек арқылы енеді. Әрине, баланың қалыптасуына ананың рөлі де өте зор. Бірақ ана Жер тәрізді. Ана құрсағына жан ата ұрығы арқылы түседі. Жанның рухы және нәзік денесі бар. Рух нәзік денесінің заттық әлемге керекті бөлігін 3, 7, 40 күнде және бір жылда бұрынғы тәнін тастағанда біртіндеп қалдырған болатын. Рух енді тәнмен байланыстыратын сол денесін ол ана құрсағында қайтадан толықтырып, қалыптастыра бастайды. Бұны рухтың өсуі деуге болады. Осылай рух өзінің нәзік материалдық денесін қайта қалыптастырып, сол арқылы енді тәнді қалыптастырады. Жан өзіне керекті элементтерді әлемдік өзіне тарту (гальваника) ағымы (процесі) арқылы ғарыштан (космостан) ғана емес, сонымен бірге, ана құрсағынан да алады. Осылай ана құрсағы бала тәнін қалыптастыратын орта болып табылады. Ана балаға тән ғана береді. Тән заттық дүние, Сондықтан ол мәңгілікті емес, өзгеріп отырады. Ал еркек ұрығы арқылы келетін рухани жан – мәңгілікті. Ол өлмейді, өзгермейді. Осыдан маңызды тұжырым жасауға болады. Адамның рухани қасиеттері негізінен атадан келеді. Бірақ өмірде бір әкеден жақсы да, жаман да туады. Бұның себебі неде? Бұл сұрақтың жауабы – ұрық түсер кезде ата-ананың ой-өріс, ынта-жігер, сана-сезімі қандай болса, соған байланысты рух келеді. Сондықтан, келешек баланың жақсы болуына әке-шешесінің «алғашқы түні» өте қатты әсер ететінін медицина да, тылсым (эзотерикалық) ілімдер де растайды. Қазіргі кезде «мас шаһуаттан» (пьяная сперма) пайда болған балалар көбейді. Ұрпақтың жақсы не жаман болуы негізінен ана жатырына түскен рухтың ерекшелігіне байланысты. Қай дінде болса да әйел мен еркектің махаббат қатынасы алдында түрлі рәсімдер бар. Бұл рәсімдер ұрпақтың жақсы болуы үшін арналған. Рух ата шаһуатымен келіп түсетіндіктен, ата мен бала байланысы жоғалмайды. Бала ержеткенде оның рухы өсіп, келесі ұрпаққа беріледі. Ал оның келесі ұрпаққа берген рухының негізі өзінің әкесінен алынды. Осылай ата рухы гена арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Тұқым қуалау арқылы белгілі бір мінез-қасиеттері ұқсас адамдар туады. Генетика ғылымы бұны – тұқым қуалағыштық заңы деп түсіндіреді. Өздерінің мінез-құлықтары бір-бірімен ұқсас, басқалардан айырмашылығы бар ру, одан тайпа, одан халықтар осылай пайда болса керек. Date: 2015-07-22; view: 747; Нарушение авторских прав |