Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ең қорқынышты нәрсе – белгісіз құбылыс





Адамзат жаны өлгеннен соң бір-біріне сынап қарайтын болады, көңілі жақындар туысқандай бір топқа бөлінсе, ал жаман мінезділер басқа топқа бөлінеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Халық арасында жын, шайтан туралы түрлі қорқынышты аңыз-әңгімелер де көп. Ал шын мәнінде ешқандай жын, періден қорқып қажеті жоқ. Егер олардың жай-жапсарын, мән-мәнісін дұрыс түсіне білсе, қандай қорқынышты жын, періден де оңай құтылуға болады. Жоғары әруақтар мұндай істермен шұғылданбайды. Мұндай істермен әлі жетіле қоймаған төменгі әруақтар ғана шұғылданады. Олардың кейбірі шын мәнінде адамды қорқыту үшін, ал кейбірі бұрынғы өшін алу үшін, тіпті болмаса, көңіл көтеріп, уақытын өткізу үшін келеді. Ал кейбірі адамдардың көңілін өзіне аударып, оларға белгілі бір хабар жеткізу үшін, не болмаса өздеріне бір керек мақсатты орындату үшін келеді. Сұңқарлар мен аққулар өзіне дұға сұраған, көмек сұраған, не болмаса өткен қателігі үшін кешірім сұраған әруақтарды көп кездестіреді. Жалпы әруақтардан қорқып қажеті жоқ. Олар тынышты алуы мүмкін, бірақ қатерлі емес. Әрине, кейде әруақтар адамды өлтіріп те жібереді. Ондай істер тек қана жоғары күштердің ұлықсатымен ғана болады.

 

Шайтанның жүрер жолы адамның қан тамыры.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Ермек үшін келген әруақтар болса, олар өзінен қорыққан сайын қызық көріп, күшейе түседі. Бұл төменгі әруақтар әдейі адамды ашуландыруға тырысқан, не болмаса қорқақтарды қорқытқан балалар тәрізді. Жасаған қылықтарына мән бермей, еркелетсе, олар өздерінің бейбастақтығын қоя салатыны тәрізді төменгі әруақтар да оларға мән бермесе, өздері кетіп қалады.

Әруаққа не керек екені жөнінде «жазатын» аққудың, сұңқардың (медиумның) көмегімен білуге болады. Әруақтың жауабының түрі оның қандай деңгейде екенін, не керек екенін білдіреді. Соған байланысты әрекет ету керек. Егер ол зұлым шайтан болса, онда оның тазарып, түзелуі үшін Жаратушыдан көмек сұрап, дұға оқу керек. Егер қиналып жүрген бақытсыз әруақ болса, оған мейірімділік көрсету керек. Бұл әрекеттер төменгі әруақтардың жасайтын қылығы болса да, олар жоғары әруақтардың ықпалымен орындалуы мүмкін. Олар адамның назарын тылсым әлемдерге аудару үшін осындай әрекеттерге баруы мүмкін. Қандай жағдай болса да дұғаның көмегі өте зор. Жын, шайтанның Алла тағаладан қорықпайтыны болмайды. Себебі, нәзік әлемдерде заттық әлемге қарағанда жоғары әлеммен байланыс тікелей жүреді. Сондықтан әруақтардың барлығы да Жоғары күштің ықпалында болып, егер оны бұзатын болса өзінің жазасын алатынын жақсы біледі.

Date: 2015-07-22; view: 840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию