Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақтар дегеніміз кімдер?





 

22 – Хаж сүресі, 66 аят.

Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді. Расында адам баласы нәсүкір (саңырау, соқыр).

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 340 бет.

 

Әруақ дегеніміз тәнді тастаған жан. Ол нәзік денесімен көрінбейтін көмескі әлемге өтіп, сонда өмірін әрі қарай жалғастырады. Бірақ тәннің өзі адам емес екені тәрізді, нәзік дене де әруақ емес. Себебі нәзік дене ойлай алмайды. Рух пен нәзік дене, жанмен біріккенде әруақ болып, оның сезіну, ойлау қабілеті пайда болады. Шын мәнінде әруақтың нағыз өмірі нәзік әлемде ғана басталады. Ал бұл өмір оның өзінің бұрынғы жіберген күнәләрін өтеу үшін, не болмаса, тәжірибе алып, әрі қарай тазарып, жоғарылау үшін, кейде Алла тағаланың әмірімен белгілі бір тапсырманы (миссияны) (мысалы, пайғамбарлар, өкіллер, өкілдер) орындау үшін келеді. Сондықтан бұл өмірдің мақсаты міндетті дұрыс орындап, келесі өмірге дұрыс өтуде жатыр.

Пенденің түпкі мақсаты – Құдайға қайту. Бұл мақсат өте алыс, оған жету үшін жан бір емес, бірнеше рет біресе адам, біресе әруақ болып қайталаудан өтуі керек. Ол қайта туу неше рет болатынын ешкім айта алмайды. Оның барлығы әуелі Алла тағаланың әмірі, сонан кейін әркімнің өзінің талпынысына байланысты болады.

Әруақ туралы ұғым барлық халықтарда бар деуге болады. Ол спиритуалистерде, шаман, тәңiр, будда, зороастризм т.б. iлiмдерде қайталанады. Әруақ мәселесi мұсылман елдерiнде исламшылар мен сопыларда кеңiнен зерттеледi.

Қазақтың алғашқы ағартушысы Ш.Уәлиханов әруақ туралы былай деп жазады /14/:

«Адам табиғаттың аясында ғана дүниеге келiп – туып, соның ғажап, тосын қаhарынан өледi. Өлген сәттен бастап жаратылыс пен табиғаттың үстемдiгi кiлт үзiлiп, оның өзi әруаққа – онгонға, барлық құдыреттi күштерден (жер бетiндегi физикалық күштерден – автордың ескертпесi) тәуелсiз кейiпке айналады. Өлген адамның о дүниедегi хал-ахуалы жерлегендегi, жерлегеннен кейiнгi ырым-жоралардың салт-санасына тән, бұзылмай орындалуына байланысты. Егер өлгеннен кейiнгi ырым-жоралар дұрыс орындалса, онда өлген адамның рухы жайбарақат рақат күйге түсiп, өз үрiм-бұтақтары мен туған-туысқандарына шапағатын тигiзiп, жебеп жүредi, ал олай болмаған жағдайда жауығып, әруағы қарғап-сiлейдi». Осылай Ш.Уәлиханов та бiздiң халықтың о дүние (нәзiк әлемдер) туралы ежелден берi түсiнiгi болғанын көрсетеді.

Қазақ тілінде «ата-бабалардың әруағы», «пәленшенің әруағы», «түгеншенің әруағы» деген сөз тіркестері бар. Әруақ түсінігін тәңіризм ғана емес, сонымен бірге, ислам да жоққа шығармайды. Бірақ, ислам адам өмірін бір Алла тағалаға бағыттауға арналғандықтан әруақ ұғымына көп көңіл аудармай, тіпті кейбір жағдайларда әруаққа сиынуға тиым да салынады.

Емші – Ержан Құлиевті ата-баба әруақтарының қолдап-қоршауы:

Ержан Ұзанқұлұлы Құлиев; 8 705 209 22 94; 8 702 652 38 67; Үйі. (872757) 2 43 46; Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылы, К. Әзірбаев көшесі № 6/1.







Date: 2015-07-22; view: 998; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию