Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ке мен баланың бір аян көруі
Ержанның әкесі Ұзанқұл Сарайбайұлы өз өңіріне белгілі сынықшы, оташы болған адам. Аяқ-қолы сынып, шығып жазым болған адамдар дәрігерге емес, Ұзанқұлға келетін. Ол өз-өзінің аяқ-қолының сынығын дәрігер-хиургтарды таң қалдырып өзі салған. Сондай-ақ көріпкелдігі мен ешілік қасиеттері де мол бола-тұғұн. Бірде мұғалім болып қызмет істейтін «салт басты, сабау қамшылы» баласы Ержанға әкесі: – Қашан үйленесің, үйленбейсің бе? – Мен үйленем деп 19-ымда бір, 21-імде екі қағындым, енді үйленбеймін – дейді. Сол кезде жабырқаған әке көзіне жас алады. Сасып қалған Ержан: – Ой аға! Қыздар деген көп қой, қайсысын әкелейін? – Әне қойың күтіп тұр, той малыңа жылқың күтіп тұр. Осының бәрін сен үшін бағып отырмын ғой. Кім көрінгеннің баласы емессің, менің баламсың. Ешқандай жаман атағыңды естірткен жоқсың, институтты да жақсы бітірдің, оған да мен ризамын, балам! Машина алып бердім, оны жездеңе мінгізіп қойдың, оған да ризамын, балам! Үйіне келеді. Аталарының әруақтары: «Әй, балам! Әкеңді неге соншылықты қынжылтасың сен. Өзің сүйген, ауылдың төмен жағында тұратын ана қара қызыңды алып кел! Мына жүріп жүрген қыздарың саған қатын болмайды», – деп тағы да, 3-4 жабысып жүрген қыздардың аттарын атап-атап айтады. Оянып кетсе түсі екен. Велосипедіне міне сала мал бордақылайтын алаңда тұратын 3-4 шақырым жердегі әкесінің үйіне келеді. Өзі жұмыстан бос уақытта, күнделікті дүкеннен нандарын сатып апарып тұратын. Әкесі осында қарауыл. Көрген түсін айтпақшы, қуантпақшы болады. Үйге кіріп барса: – Әй, бала, келдің бе? – Келдім. – Иә, бірінші не мен өлермін, не шешең өлер. – Не болса соны айта береді екенсің, қойшы аға! – Әй, балам! Ол емес айтпағым басқа, тыңда сөзді! – Ал тыңдайын. – Бүгін түсімде әкем Сарайбай келді, үлкен әкем Төленді келді. Маған аян берді балам! Мына балаң ана қатынды, мына қатынды алмасын. Өзінің сүйгені бар екен, ауылдың төмен жағында тұратын қара қыз, соны алсын деді. Сол қара қызыңды алып кел. – Қашан алып келейін? – Балам, бүгін әкесең де, мен саған қарсы емеспін. Сәрсенбінің сәтіне түсірсең бақытты боласың, балам! – Жәрәйді! Ертең сәрсенбінің сәтінде келіндеріңе босағаны оң аяғымен аттатамын, үйде болады. – Әп бәрекелді, жолың болсын қарағым! Біз дайындала берейік. Бірақта барсаң ақ «волгамен» емес, жасыл «москвичпен» бар, «волга» сынып тұр – деді. Жоғарыды айтылған «волга» да, «москвич» те көрші ауылдағы жолдастарының көлігі, әкесі олардың жағдайын көрмей-ақ, үйде отырып біліп отырады. Ержан көрген түсін әкесіне барып айтайын десе, әкесі де сол түсті, сол түні көріпті. Түсінде аталары алма деп атын айтқан қыздардың аттарын да, әкесі сарнап айтып отыр. Міне керемет! Әкесі мен Ержан екеуі де бір түс көреді. Ержанның тылсым дүниенің сырын әлі толық түсіне алмай жүрген шағы. Ержан келе сала қазіргі келіншегі Райханға телефон шалады да, дайын отыр дейді. Қиқалағына көнбейді. Жолдасы Тұрсын Көпбаевтің жасыл «москвич»-іне Есім жездесі үшеуі отырып алып, қыздың үйіне тартады. Жолдан қыз жолдас ретінде Айман деген қызды жол-жөнекей салып алады. Райханның үйіне туған күнге кеттік деп айтады. Қайтарда Шамалғандағы Шолпанқұл ағасының үйіне барып, онда жеңгесі Шәйзадаға Райханның басына орамал жаптырып, әке-шешесінің үйіне келін қылып түсіреді. Бұл 1989 жылғы, шілде айының 5-і тұғын. Date: 2015-07-22; view: 1488; Нарушение авторских прав |