Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралады





Кейде жақсыны іздейміз, кейде жаман,

Көңіл неге қызықса – соған таман.

Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,

Жан билесе, жаманнан қалмақ аман. Шәкәрім

 

Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралатыны дау тудырмайтын ақиқат. Бұлар Алла тағаланың түрлі қуаттары. Рухани негіз – жоғары қуат, ал материалдық негіз – төменгі қуат. Рухани болмыс жаннан және рухтан құралады. Адам денесіндегі жан, яғни, қазақша айтқанда, шыбын жан, Үлкен Жанның, яғни, Ғазиз жанның, Алла тағаланың жоғары қуаты. Оның қасиеттері Ғазиз жанның қасиеттеріне ұқсас – мәңгілікті, толық білімді және толық ләззатты. Қатты ескертетін бір жағдай, бұл сәйкестік тек қана сапа жағынан ғана. Ал сан жағынан алғанда Алла тағала әрқашанда шексіз үлкен болып қала береді. Жан «өзім» деген сезімін әрқашан да сақтайды. Сондықтан ол өзімдігін жоғалтпай, жеке тұлға ретінде Ғазиз Жанмен қарым-қатынасқа кіреді. Осылай жан иесі түпкі мақсатқа жетіп, ең жоғарғы қарым-қатынасқа, шексіз ләззатқа бөленеді. Түп Иеге қайтудың шыңы осы болып табылады.

Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі

 

80 – Ғабәсә сүресі: 18, 19, 20, 21, 22 аяттар.

Алла адамды не нәрседен жаратты? (18) Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. (19) Сосын оның жолын оңайластырды. (20) Кейін оған өлім беріп, оны қабырғаға қойдырды. (21) Қалаған сәтте оны тірілтеді. (22)

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 585 бет.

 

Жан өзінің тұрпайы денесін тастағаннан кейін нәзік денесімен басқа ғаламшарларға бара алады, әруаққа айналады. Мұндай жағдайлар адам түс көру кезінде де болады, сол кезде адамның жаны денесінен бөлініп нәзік әлемдегі ата анасының жандарымен т.б. жолығысып тілдесуі де мүмкін. Немесе бір жамандық не жақсылық боларда адамның жаны нәзік әлем арқылы түсінде болашақты көре алады, осындай жағдайларды өз басыңыздан да талай өткерген шығарсыз.

Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі өте күрделі құбылыс. Рухани жан тәннен айырылғаннан кейiн (өлгеннен кейiн) жалаңаш қалмайды. Жан өзiнiң тұрпайы және нәзiк болмыстарын бiртiндеп тастайды. Нақтырақ айтсақ, адамның жатқан қабiрiнде тек қана тән қалады, жан нәзiк болмысымен одан түгелдей бөлiнiп кетедi. Нәзік материалдық болмыс бірнеше қабаттан құралатын болғандықтан, жан оларды бiртiндеп өз уақыттарында тастайды. Яғни жан иесi әлi бiрнеше рет «өледi». Сол кездерде артында қалған туыстары құрбандық беру арқылы есiне алып отырады. Бұл нәзік материалдық әлемнің заңдылығы. Сондықтан қазақтар да, орыстар да, тибеттiктер де ұлтына, дiнiне қарамастан дүниеден өткеннен адамның қайтқан күнiнде, жетiсiнде, қырқында, жылында жиналып бата оқып, iзгi тiлегiн бiлдiредi. Бұны халқымыз «жерлеу», «жетiсiн беру», «қырқын беру», «жылын беру» деп атайды. Бұл кезде жанның нәзiк денелерi өзiне арналған нәзiк тағамдармен (айтылған жақсы ниетпен) қоректенедi. Бұны қалай түсiнуге болады? Адам қайтқаннан кейiн оны есiне алып оқылған дұғалар, айтылған сөздер, ойлаған ойлар, сағыныш сезiмдерi нәзiк әлемдерде жүрген қайтыс болған адамға қорек болады. Себебi оның нәзiк болмыстары сезiм, ой, қалаулардан құралады ғой. Бұның өзi нәзiк әлемдегi қайтқан адамға жақсы болу үшiн оның батасын дұрыс берiп, қатымды iзгi ниетпен өткізіп, барлық рәсiмдердi дұрыс жасау керек екенiн көрсетедi. Ал егер адам өткеннен кейін оған берілген қатымның мақсаты оның артында қалған туған-туысқандарының мәртебесін өсіріп, өздерін көрсету, ел аузында атағын шығару үшін жасалатын болса, ондай қатымның пайдасынан гөрі зияны көп болады. Сондықтан, қатым бергеннің мәні мен мағынасы өте үлкен. Бұның барлығы бізге тәңіризмнен сіңген әдет-ғұрыптар.







Date: 2015-07-22; view: 1022; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию