Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жаратушының қасиеті туа бітеді





Ержанға Жаратушының қасиеті туа біткен. Ержанды 2-3 жас сәби күнінде – ағасы Тілеуберді желкесіне мінгізіп жүрген бағып, ойнатады. Тілеуберді балалықпен құрбы-құрдастарымен футбол т.б. ойындарды ойнағысы келіп Ержанды жерге отырғызайын десе қорқып шырылдап жылап қоя береді. Өзінің айтуы бойынша сол кезде жан-жағынан көзге көрінбейтін аталар, апалар әруақтары пайда болып: «Ей, отырма! Сасық, бықсық жерге отырма! Тұр балам!», – деп көзге көрінбей құйрығынан ұрады. Жерге отырғызбайды. Әруақтарды Ержанның өзі көрмейді, бірақ болмысымен сезеді. Ержан солардан қорқып шырылдап жылайды.

Ержан апасымен қонаққа барса өзінің көрпесінен басқа көрпеге жата алмайды. Үйінде апасының қасынан басқа жерге жатпайды. Себебі, үйлеріндегі пештің үстінде кішкентай ағаш шығып тұратын. Кішкентай күнінде сол ағаштан 4-5 үлкен кісілер шығып Ержанға: «Әй, балам! Ұйықтай ғой!», – деп сылдырмақ ойыншықтарды сылдырлатып ұйықтататын. Біреуі әскери киінген соғыста қаза тапқан Сарайбай атасы, қалғандары аса салтанатты шапан киген Шілмембет, Төленді бабалары екен. Олар кезінде аса дәулетті, текті, қасиет қонған адамдар болса керек. Ержан мұны кейіннен, бабалар әруақтарымен тілдескеннен соң түсінеді. Бұл әруақтарды Ержан бала кезінде анық көретін, ал қазіргі уақытта тек түсінде аян бергенде ғана көреді, олармен тілдеседі, баталарын алады. Алдын ала болатын жайттар туралы ақпарат алады. Науқастардың шипасы жайлы мағлұмат беріледі.

8-9 жасында Ержанға Шолпанқұл ағасы менШәйзадажеңгесі кішкентай «Орленек» велосипедін алып береді. Осымен дүкенге барады, қайтып келе жатып Құрманғали деген ақсақалдың үйінің жанында су алатын құбыр болатын, қараса үйректер шомылып жүр екен. Осы жерде тайып жығылып, кір суға былш етіп құлайды. Үйге бара сала қызуы көтеріліп, ес-түссіз ауырады. Апасы арқалап Зияда Садырбаева деген тәуіп әжеге апарады. Кейін ол кісі 1987 жылдары 90-ға кеп қайтыс болды. Зияда әже кіріп келе жатқанда: «Әй, балам-ай! Сасық суда нең бар? Тоқтап жүрсең болмай ма? Саған ол жермен жүруге болмайды ғой», – деп ұшықтап, су оқып береді. Барғанда сұлқ жатқан бала, қайтарда шауып кетеді. Зияда әже апасына: «Шынтай, мына баланың кісісі бар бала, байқап жүрсін», – деп айтады.

Кейіннен осы Зияда әженің әруағы түсінде: «Әй, балам! Көз тиген бала келе жатыр, соны ұшықтап бер», – деп үнемі, аурулар келер бұрын аян беріп жүреді.

Ержан анда-санда әке-шешесінің басына, Зияда әжеге құран оқып қайтады. Зияда әже өлерінде басыма белгі қоймаңдар деп кеткен. Бірақта, зиярат етуге барған ел, адасып кетпес үшін басына «Әулие Зияда» деген тақтайшаны іліп қояды. Зияда әженің әруағы: «Мына белгіні алып тасташы», – деп Ержанмен тілдеседі. Ержан алып тастаса да, көпшілік қайтадан іліп қояды. Ержан алудан, көпшілік ілуден жалықпайды. Ержанға әруақтар сөзін жүрегіне салады, өздері көрінбейді, аян бергенде (түс көргенде) кәдімгі тірі адам сияқты келеді, тілдеседі.







Date: 2015-07-22; view: 715; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию