Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Адамда жан қай жерде орналасқан?
Алла тағалаға сыйынғанда, оны Алла тағала көріп тұрады деп біліңіздер. Себебі сен Алла тағаланы көрмесең де Алла тағала сені көріп тұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Жан жүректе орналасқан дейдi. Сонымен бірге, жүрек адамның тәнi мен нәзiк болмысының орталығы. Сондықтан, жан адамды жүрек арқылы басқарады. Фәни тіршіліктің әсерімен жан былғанған кезде, адамдар жақсы мен жаманды айыра алмай, өмірдің сергелдеңіне түседі. Адамның көрген барлық қорлығын әуелі жүрек қабылдайтындықтан, қазіргі замандағы жүрек ауруының көбеюінің негізгі себебі, міне, осында жатыр. Жан былғанса әуелi жүрек, соның ықпалымен адамның нәзiк болмысы (психикасы), сонан кейiн оның тәнi ауруға шалдығады. Салауатты өмiр заңдылығымен ауырмай-сырқамай, дұрыс өмір сүруi үшiн әуелі адам өзін-өзі тану арқылы рухани өмiрiн бiр қалыпқа келтіруі керек. Ғазиз жан Алланың қуатының (энергиясы) жүректе орналасқан кішкентай бір бөлшегі. Ғазиз жан адамның іс – әрекетіне араласпайды, тек бақылап қана отырады. «Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде». Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым, Оның ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді. Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір жан иесінің жүрегінде. Ал «Ғалам Алла тағаланың ішінде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік бейнесін көрсетеді, яғни бүкіл ғалам оның ішінде. Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл – Кудата әл – Хамадани (1048 – 1138) жүректе Алланың орны барын былай деп ашық жазады: «Алла сіздің түріңіз бен бейнеңізге, сіздің іс – әрекетіңізге қарамайды, Ол сіздің жүрегіңізге қарайды. О, достым, жүрек бәрін көріп отыратын Алланың орны болып табылады». Мәшһүр Жүсіптің енді атағы шыға бастаған кезі екен. Біреу Абайға келіп, мен Мәшһүр Жүсіппін депті. Сонда Абай: «Алла қайда, құбыла қайда?», – деп сұрапты. Анау: «Алла аспанда, құбыла Мекеде», деп жауап беріпті. «Жоқ сен Мәшһүр Жүсіп емессің», – деп әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде Абайға сәлем берем деп Мәшһүр Жүсіптің өзі келіпті. Сонда Абай өткендегі сұрақтарын қайта қойыпты. Сонда Мәшһүр Жүсіп: «Алла адамның жүрегінде, құбыла өзің туып өскен жерің – отаныңда», деп жауап беріпті. Сонда Абай разы болып: «Сен нақ Мәшһүр Жүсіптің өзі екенсің ғой», – деп құшағына басыпты. Date: 2015-07-22; view: 1189; Нарушение авторских прав |