Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жан деген не?
Басында жоқты бар қылған, Жоқтықты жойып көр қылған. Есепсіз дене жаратып, Еріксіз жиып нәр қылған Жан емей енді немене? Шәкәрім
Жан – Алла тағаланың нұры. Жан Алла тағаланың бір бөлігі. Жандар Алла тағаладан тарағанда Алла тағаланың нұры болып тарайды. Бұл күннің сәулесі тәрізді. Күн сәулесі корпускул деп аталатын өте кішкене бөліктерден құралады. Сол сияқты Алланың нұры да Оның өзімен салыстырғанда өте кішкене жандардан құралады екен. Бұл рухани білімді ешқандай заттық құралмен біліп болмайды. Жан материялық атомнан да кiшкене рухани атом. Оны ешқандай құралмен көруге болмайды. Аса iрi кит те, пiл де, көзге көрiнбейтiн кiшкене микроорганизмдер де сол жан болған соң өмiр сүредi. Өлi табиғатты Алла тағала жан енгiзу арқылы тiрiлтедi. Бұл туралы Абай жиырма жетiншi қара сөзiнде Сократ хакiмнiң сөзiмен былай дейдi: «Адамның денесi өзiң жүрген жердiң бiр битiмдей құмына ұқсас емес пе? Денеде болған дымдар жердегi сулардың бiр тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келдi де, сонан соң ие болдың». Әрi қарай бұның бәрi өлшеусiз ұлы ақылдың ықпалымен болғаны түсiндiрiледi. Сөйтiп, жанның арқасында бүкiл әлем бөлiктерi бiр-бiрiмен қатынасқа кiредi. Жан болғандықтан олардың әрқайсысы жеке тұлға. Ал олардың қарым-қатынасын Алла тағала басқарады. Сондықтан Ол әрбiр жан иесiнiң жүрегiнде орналасады. Сөйтiп Алла тағала өлi табиғаттың да, тiрi табиғаттың да ең кiшкене бөлшегiне енiп, бүкiл әлемнiң өмiрiн басқарады. Жан рухани, нәзік және заттық болып табылатын үш әлемде болады. Бұл әлемдердің қасиеттері бір-бірінен өте алшақ. Су өзгеріп мұз, сұйық және бу болғанда оның қасиеттері де, бір-біріне ұқсамайтын қасиеттер алады. Сол сияқты осы үш әлемнің де қасиеттері бір-біріне ұқсамайтын өте алшақ. Рухани әлем сөзбен жеткізуге келмейтін таза рухтан тұрады. Нәзік әлем де бұл заттық әлемге ұқсас емес. Адамның нәзік болмысы қандай материалдардан құралатын болса, нәзік әлем де сондай материалдардан құралады. Сондықтан тәнді тастаған соң әруақ болған жан онда еркін өмір кеше алады. Заттық немесе материялдық әлем басқа екі әлеммен салыстырғанда өте ауыр, ең тығыз және тұрпайы бес элементтерден құралады. Бұл элементтерді ауа, от, су және топырақ деп атайды. Бұларға қарапайым сезімдер қабылдай алмайтын эфирді қосатын болсақ, сонда бұл фәни әлемді құрайтын негізігі бес элементті білеміз.
Date: 2015-07-22; view: 1448; Нарушение авторских прав |