Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ата жолы – Ар жолы» әнтұмар әнінің дүниеге келуі
Әділбек Төлегенұлы Нысанбайұлының телефоны: 8 701 345 93 92; Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. Абай Әділбек Төлегенұлы Нысанбай, 1954 жылы ақпан айының 4 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Шымкент педогогикалық мәдениет институтын бітірген. Мәдениет пен білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етеді. Жұбайы: Әдемі Төлебекқызы Нұрышова жоғары білімді қазақ тілінің маманы. Балалары: Ғазиза, Мұхтар, Гүлжан, Әділет. Балаларының бәрі жоғары білімді әр саланың мамандары. Мұхтар заң ғылымдарының кандидаты. Немерелері бар. Өрбіп-өсіп, тамыры мен жапырағын кеңге жайып жайқалған тұқым. Әділбек Төлегенұлы айтады: 1997 жылдан бастап ауырдым. Оң жақ қолыма белгісіз ауру жабысты, не іспейді, бірақ ауырғанда шыбын жанымды шырылдатады. Апталап ұйықтамаған кездерім болды. Бармаған дәрігерім, қаралмаған бақсы-балгерім қалмады. Азып-тоздым. Қу сүйегім ғана қалып, тірі әруаққа айналдым. Амандасқан адамнан қорқатын болдым, өйткені қолымды ұстаса болды, зырқырап ала жөнеледі. Тамақты солақай ішетін болдым. 2002 жылы Алматыға қоныс аудардық. Осы кезде Төлжан Жақсыбаев деген бауырымнан «Ата жолы» қозғалысы туралы естідім. Бір күні Төлжан: «Аға, жақында Арыстанбаб бабадан басталатын – түрлі әулие-әмбиелерге зиярат ететін үлкен керуеніміз шығады, осының құрамында барып қайтып келсеңізші, мүмкін шипа болар», – деген ұсыныс айтты. 2003 жылы 28 наурыз күні керуенмен сапарға шықтым. Ол жақтан Құданың құдіреті, жылдар бойғы тартқан бейнетім бір аптада жоғалып, қолым ауырмайтын болып, ұйқым түзеліп, сап-сау адамға айналып – жайнаң қағып жазылып қайттым, басқа адам айтса сенбес едім! Тылсым дүние мен киелі аталардың әруақтарының кереметін өз көзіммен көрдім, басымнан өткіздім! Шүбәсіз сендім! Содан бері «Ата жолындамын». Қаншама шырақтарға қатыстым, қаншама жақсы адамдармен танысып, білімі мен рухани деңгейі аса жоғары достар таптым. Жұртқа қарасам біреуінің қасиеті бар, біреуінің жүрегі ашық т.б. Орда жетектейтін «аққу мен сұңқарлар» адамдарды имандылық жолға жетектейді екен, қаншама адамдар осы жерден ауруларына шипа тауып, түзу жолға түсіп жатқанына сүйсінесің, кеудеңді мақтаныш сезім кернейді. Мен бұрын-соңды, осындай салауатты өмір салтын ұстайтын, елді имандылық жолға түсіретін, өздерінің көңілдері ақ, жүректері пәк, адамгершіліктері мол адамдар тобын кездестірген емеспін. «Ата жолы» қозғалысында жүріп ерекше әсер алдым. Өмірім мән-мағынаға ие болды. Не үшін осы фәни әлемде тіршілік етіп жүргенімізді түсіндім. Өзіме Алланың ақиқаты ашылды. Көзге көрінетін мен көзге көрінбейтін әлемдердің бір-бірімен тығыз байланыста екенін өз көзіммен көрдім, санам, ойлау жүйем өзгеріп, жүрегімнің кірі аршылды. Көктен іздегенімді жерден таптым. Осы «Ата жолына» риза болғаным соншалық, бір күні «Ақ ұлдан» сұрадым: «Не істесем екен, осы жолдағы парызымнан қалай құтыла аламын?». «Ақ ұл» маған қарап тұрды да: – Аға, сіз осы өнердің маңайындасыз, ән жазумен шұғылданасыз, шығармашылықпен айналысасыз. Бізге осы «Ата жолының» қалай басталғаны мен, қалай өмір сүріп, адамдарға қалай қолғабыс етіп жатқанын және қайда бара жатқанымызды, қысқаша мазмұнды түрде бір ән жазып берсеңіз болар еді. – Жәрәйді, ән жазуға тырысып көрейін, бірақ тылсымның құпиясы жөнінде мен ешнәрсе білмеймін ғой. Сөзін осы жөнінде жөн білетін бір ақынға жаздырсаңыз, мен әнін жазып көрейін. Бетіме қарап тұрды да: – Сөзін де, әнін де сіз жазасыз. – Әй, жазу қолымнан келмес... Бұл 2004 жылдың аяғы еді. Күндердің күнінде әуен жаздым, нотаға түсірдім. Менің қолымда бары: «Ақ ұлдың» екі өлеңдер жинағы мен Нострадамустың болжамдарынан шамалы-шамалы бір үзінділер. Өзім 80-ен астам ән жазыппын, кейбіреулері көшіп-қонып жүргенде жоғалып кетті. Таяуда 40 шақты әнімнің жинағы шықты. Менің тұңғыш әнім «Кездесу мен қоштасу» 1976 жылы жарық көрді. 1989 – 91 жылдар аралығында Шәмші Қалдаяқов пен Мыңжасар Мыңғытаевтан әндерімді көрсетіп баталарын алдым. Сол кісілермен үзеңгілес сапарлас болдым. Өзіміздің Созақ ауданын аралаттым. Бірге ән айттым. Менің әдетім – егер әуеннің сөзі жоқ болса, өзім нобайлап қайырмасы мен бір шумағын өлеңнің мазмұнына сәйкес шығарып ыңылдап айтып жүретінмін. Бір күні жақсылап жуынып-шайынып, дәрет алып, бір Жаратушыға жалбарынып, киелі аталар әруақтарынан демеу сұрап, әп-сәтте 4 шумақ пен 1 қайырманы жазып-ақ тастағаным! Өзіме-өзім таңқалдым. Сөз бен әуеннің өзі тылсым дүниеден құйылып жатқандай әсерде болдым, нәзік әлеммен тілдестім, мұңымды шақтым. Нәзік әлем жауап қайтарды. Нәтижесінде «Ата жолы» қозғалысына арналған әнтұмар: «Ата жолы – ар жолы» әнім осылай дүниеге келді. Бірақ та өзіме-өзім сеніңкіремей біраз уақыт жүрдім де, бір күні Төлжан Жақсыбаевқа көрсеттім, орындап бердім. Төлжан: «Аға, керемет екен! Үнтаспаға жазып берсеңізші, азаматтарға тыңдатайын». Жазып бердім. Төлжан «Ақ ұлға» апарып беріпті, олар өздері –ішінде ақындар, журналистер бар бәрі тыңдап, ешқандай өзгеріссіз қабылдапты. 2005 жылдың көктемінде «Ата жолы – ар жолы» әнім, «Ата жолы» қозғалысының әнтұмарына айналып, барша жұртқа танымал болды. Мен үшін бұл – аса жоғары мәртебе, шабытымның шыңы, арманымның, орындалуы. Халқымның бір кәдесіне жарағаныма Жаратушыға, киелі аталар әруақтарына шексіз ризамын. Халқым бағалап жатса, одан асқан мәртебе, атақ, даңқ, бар ма?! Мен шексіз бақытты жанмын! Date: 2015-07-22; view: 864; Нарушение авторских прав |