Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Созақтағы тірі әулиенің болжамы





28 қыркүйек 2008 жылы Ержан таң атпай мазасызданып көңілі алабұртып ағасы Тілеуберді мен тағы бір кісінің келе жатқанын аян арқылы біледі. Қойын қосып келсе, үйінде ағасы мен сол шамалас бір адамның үнтаспасын (диктофонын), принтерден басылып шыққан қолжазбасын столдың үстінде жайып отырғанын көреді. Өзі туралы жазуға келгенін сезе қояды да, далаға шығып кетіп ата-баба әруақтарымен байланысқа шығады. Аталар әруақтары: «Балам, бар сырыңды айта бер, шешіл. Сұрағына жауабыңды бере бер», – деді. Тілдескен әруақтар – әкесі Ұзанқұл, атасы Сарайбай, бабалары Төленді, Шілмембет. Аталар әруақтарымен тілдескенді Арыстанбаб баба жоғарыдан қолдайды. Осы әруақтармен тілдескенде Ержан олардың бейнесін анық көріп тұрады.

Тілеуберді Құлиев ағасымен бірге еріп келген адам мен, осы кітаптың авторы Әсет Ризаұлы Мұқашбеков болатынмын. Ержанмен таныстым. Бірден адамның жан дүниесін айтқызбай-ақ сезе қоятын ерекше қасиетіне таң қалмасқа шарам қалмады. Әп, дегеннен әңгімеміз жарасып, ол мені, мен оны баяғыдан білетін ағалы інілі адамдай шүйіркелесіп кеттік. Әңгіменің басын Созақта бейіт арасын мекендейтін «тірі әулиенің» әңгімесінен бастады.

– Қаншама журналистер газет-журналдардан, теледидардан келді, бірақта аталар әруақтары осы жылдар аралығында бір де, біреуіне рұхсат бермеді. Бүгін таң алдында аян алғанмын. Рұхсаттарын берді. Әсет аға, мен сізді күткеніме тұп-тура 12 жыл болды – дегенде шалқамнан түсе жаздадым.

Құрметті оқырман! Енді Ержан Ұзанқұлұлы айтқан, өзім үнтаспаға жазып алған тылсым дүние әңгімелерінің кішкентай ғана ширегін ғана беріп отырмын, қабыл алыңыздар.

1996 жылы Ержан Ұзанқұлұлы әулие аралап Созаққа барғанда: «Балам, әкең мен шешең о дүниелік болады. Өз атың көкке шығады. Егер мен айтқан өсиетті орындасаң. Теледидерға, газет-журналдарға атыңды шығарма. Белгілі бір уақытта, алдыңа алпысты алқымдап қалған бурыл шашты, дінді терең білетін, рухани білім деңгейі жоғары бір адам келеді. Соған ғана шешіліп айтуыңа болады», – деп бейіттің ішінде өмір сүріп жатқан ақсақал «тірі әулие»-нің айтқаны. Содан бері 12 жыл уақыт зымырап өте шығады.







Date: 2015-07-22; view: 836; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию