Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емші Ержан





Емнің қону қонбасы тағдырдан (Алла тағала белгілеген). Алла тағаланың бұйырумен болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Ержан Ұзанқұлұлы Құлиев 1964 жылы, сәуір айының 6 жұлдызында, Алматы облысының бұрынғы Күрті ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Тоғыз ағайынды. Ержан Ұзанқұлұлы жұбайы Райхан Әлібайқызы Медеуова екеуі 5 ұл-қыз тәрбиелеп отырған үлгілі де, бақытты жанұя. Үлкендері Ескендір студент, Айдос, Нұрбол, Гауһар оқушылар, кенжелері Жәмилә 5-те.

Ержан Ұзанқұлұлы 1986 жылы Алматыдағы Қазақтың «Абай» атындағы мұғалімдер институтының көркем сурет графика бөлімін бітіреді.

Ержанға бала күніненемшілік қасиет қонған. 1993 жылдан бастап емшілікпен шұғылданады. 2004 жылы Қазақстандағы халық медицина орталығының шешімімен «Халық емшісі» атағы берілген.

Ержан Ұзанқұлұлы қамал алар қырықты ерттеп мінген, ашаң жүзді өңіне қайратты қара шашы ерекше сипат беріп тұрған, ер келбетті, еңсегей бойлы, қақпақ жаурынды, кере қарыс маңдай астына орналасқан көздерінен кемеңгерлік шуағы, жүзінен нұр сәулесі төгілген, ақыл-ойы ұстараның жүзіндей өткір, аққайыңдай сымбатты денесі тіп-тік, іс қимылы ширақ, сөзінен даналық лебі есіп тұратын, көкірегі ашық, рухани санасы жоғары, өз заманынан көш ілгері туған, тағдыр соққыларын қаймықпай қарсы ала білетін, өмір өткелдерінің қиыншылықтарын онша елемейтін, мінезі даласына сай, ер көңілді, жау жүректі, қайтпас-қайсар, адам баласының бәрін бауырым деп сүйетін, Жаратушы қайталанбас ерекше тылсым қасиет берген, дана дала азаматтарының бірі.

Ержан Ұзанқұлұлы 1993 жылы әкесінен бата алып, ата тектен жалғасқан таяғын қабылдап – емшілікпен, оташылдықпен шұғылдана бастаған уақыттан бері, сан мыңдаған адамдарға шипасы тиеді. 1997 жылдан бері «Ата жолында». Қазіргі халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ұстазы Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев екеуі бірге ашылған.

Ержанға қаралуға еліміздің түкпір-түкпірінен науқастар толассыз ағылуда. Кей-кездерде оралман қандастарымыз арқылы Түркиядан да науқастар келіп емделуде. Ол бәрін де қабылдайды, себебі олардың келе жатқанын аян алу арқылы, алдын-ала біліп отырады. Ауырып келген адам, емін қабылдағаннан кейін тәні де, жаны да сауығып, жайраң қағып, шексіз алғыспен ауылдарына, елдеріне қайтады. Ержанның емдейтін аурулары: оташылық (сынықшы), омыртқадағы кеселдер (грыжа), бауыр, асқазан, бүйрек тастарын қуық жолдары арқылы үгітіліп түсіріледі. Өт жолындағы тастар үлкен дәрет арқылы түсіріледі. Кейбір қатты науқастар түстерінде Ержан туралы аян алып емделуге өздері іздеп келеді. Келетін адамдар Ержанға аян арқылы 3-5-15 күн аралығында белгілі болып тұрады. Науқастардың емделу мерзімі 3 күн өте белгілі бола бастайды. Ем қонбайтын адамдар 3-5 тәуліктен кейін белгілі болады. Ержан оларды қайтарып жібереді. Ержанға сондай-ақ бала көтере алмай жүрген келіншектер күйеулерімен бірге қаралады, нәтижесінде бала бітеді. Армандарына жетеді. Бел қуаты төмендеген ер адамдар да Ержаннан келіп шипа тауып жатады. Қазір Ержанның емімен 50-ден астам сәбилер жарық дүниеге келді. Ержанға Аталар жолындағы болжау қасиеті де қонған. Ержан өзі емшілікпен шұғылданған 14 жылдың аралығында 5 шәкірт тәрбиелеп шығарды. Олардың 2-уі ғана емшілікпен шұғылданады. Емшілік қасиет Жаратушы дарытқан ерекше қабілет, кім көрінген ата-бабадан дарыған қасиет болмаса – емші бола алмайды.







Date: 2015-07-22; view: 1315; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию