Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Анамнестикалық мәліметтер жинақтау сызба нұсқасы
Жүктілік ағымы: o Жүкті болуға ниетінің болуы немесе оны қаламауы, жүктілікті үзуге әрекет жасауы; o Нешінші жүктілігі; o Неше рет жасанды түсік жасатқандығы және түсік тастау саны; o Жүктілік қалай жүрді (жүрегінің айнуы, құсу, АД көбеюі, жұқпалы аурулар, дәрілер қабылдау, ісік, қан аздық, нефропатия, темекі шегу, ішімдік ішу және басқалары). Жүктілік кезіндегі еңбек жағдайы мен уақыты; o Кәсіби зияндылығы (химиялық дәрі-дәрмектермен жұмыс, радиациялық сәулелену және т.б.). o Эмоционалды жағдайы, психикасын жақымдаушы жағдай. Босану жағдайы (мерзімді (уақытылы), уақытынан бұрын, қарқынды, тез, созылмалы, уақыты өтіп кетіп босану) o Босануға көмектесу (ынталандыру, қысу, қысқыш салу, баланы іштен жарып алу, аяғын бұрып шығару) o Туу кезіндегі ерекшеліктер (асфиксия, туу кезінде алған жақым, басындағы қанды ісік, кіндігінің мойнына шырматылуы, дұрыс жатпауы) o Салмағы; o Бас төңірегі; o Туған кезде бірден шыңғыруы; o Апгар шкаласы бойынша баға беру; o Асфиксия; o Перзентханадан шығарылған уақыты; o Перзентхананың қойған диагнозы; o Тамақтандыру жағдайы (емшекпен, жасанды). Қандай жасқа келгенде емшектен шығару керек; Қозғалтқыштық даму o Басын қай айынан бастап ұстады; o Қай айдан бастап отырып үйренді; o Қай айдан бастап жүре бастады; Психикалық дамуы o Тірілу кешені; o Көзбен жинақталу реакциясы; o Есту арқылы жинақталу реакциясы; o Заттармен алдау; o Былдырлап сөйлеу; o Үлкен адамның сөзін түсінуі; o Алғашқы сөздері; o Алғашқы сөйлемі; o Ұқыпты болуы; o Өзін-өзі күтуі.
Денсаулығы мен мінез-құлқының ерекшеліктері Оған сабырлылығы, мазасыздығы, құсуы, бала ұйқысы жатады. Балада әлсіздік, тершеңдік, басының айналуы, ауа жетіспеушілігі сезімінің болуы, жүрегінің айнуы, ішіне жел қарысу, басының жиі ауруы, аллергиялық реакциясы, егер ол болса не затқа екендігі, жиі талып қалуы, зәрі мен несібін ұстап тұра алмау (сирек, анда-санда, жиі); мазасыздық, ашушаңдық, күйгелектік, агрессияшылдық, жылауықтық, қорқыныш, көңіл-күйінің күрт өзгеруі жағдайлары байқалады. Жалпы белсенділік белгілері: етінің тірілігі, білімқұмарлығы, енжар, тежелген, селқос, мазасыз болуы, үлкендердің үнемі назарын талап етуі, тіл табыса білуі (үлкендермен, балалармен). Туған кезден бастап қазіргі кезге дейін бар аурулары. Олар талма ауруы, нейроинфекция, бас ми қабатының жарақаты, жан сақтау бөлімінде болғандығы, поствокциналды ушығулар, жұқпалы, соматикалық аурулар. Отбасылық анамнез. Жақын туыстарының ауырғандығынмен байланысты болатын отбасындағы ауруларға есту қабілетінің жақымдануы, эпилепсия, ішімдік құмарлық, басқа да психикалық аурулар, ақыл-есінің ауытқуы, дамуындағы кемшіліктер, сөйлеуіндегі эндокриндік кемшіліктер жатады. Психоневролог және психиатр дәрігерлерінің бақылауында болады (бала және оның анасы, әкесі, жақын туыстары). Отбасында кім солақай, ерекше айқын байқалатын қабілеттерге ие. Отбасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайы бұрын болғандығы ескеріледі Ата-анасының және жақын туыстарының тұлғалық-мінез-құлық ерекшеліктері. Қазіргі ауруының тарихнамасы Ауру қандай жаста анықталғандығы, диагноз қашан қойылғандығы, мамандар тізімінде тұрғандығы, ауру ағымы қандай екендігі, қандай ем көрсетілгендігі анықталады. Отбасының әлеуметтік жағдайы және отбасы құрамы, ересек және басқа да балаларының (жынысы және жасы) болуы көрсетіледі. Баланың ата-анасымен екеуімен бірге тұратындығы, әлде тек қана анасымен немесе тек қана әкесімен бірге тұратындығы, ата-анасының ажырасқандығы (ата-анасы ажырасқанда бала неше жаста болды және бұған қалай қарағандығы) ескеріледі. Тұрмыстық жағдайы яғни, пәтерде неше бөлме барлығы, неше адам тұратындығы, баланың жеке бөлмесі немесе сабақ дайындауға, ойнауға арналған бұрышы бар болуы ескеріледі. Баланы өздерімен бірге алып жататындығы да көрсетіледі. Бала дамуының әлеуметтік жағдайы. Анасының жүктілік кезіндегі, босанғаннан кейінгі және бала өмірінің алғашқы жылдарындағы психикалық және физикалық жағдайы. Тәрбие беру ерекшеліктері (бала күтімі мен тәрбиесіне анасы мен әкесінің көзқарастар жүйесі). Отбасында жанжалдардың (ұрыс-керіс, айқай-шу және т.б.) болу-болмауы, болса ол кезде бала неше жаста болғандығымен. Қазіргі сәтте де жанжалдардың болуы немесе болмауымен сипатталады. Бала-бақшаға баруы o Неше жасынан бастап барғандығы, бейімделу процесінің қалай жүргендігі, топтағы балалармен қарым-қатынасының қандай екендігі, достарының болуы, қандай ойындарды ойнағанды ұнататындығы o Мектепте білім алу кезеңі. o неше жастан бастап оқи бастағандығы o Білім беру мекемесінің түрі o Сыныптарды қосарластыру Білім алу кезінде туындаған қиындықтарға: o Мектеп жағдайына, мұғалімдерге үйренісуі o Пәндер бойынша үлгерімі, қандай пәндердің ұнайтындығы, қандай пәннің ұнамайтындығы және қиындықтар туыратындығы (немен байланысты) o Оқуға деген қарым-қатынасы o Құрдастарымен, ұстаздарымен қатынаста жанжалдар болып тұру жағдайы (кіммен, қандай себеппен). o Ата-анасының баласының мектеп тапсырмаларына деген қарым-қатынасы жатады. Баланың психологиялық-педагогикалық білім алуын ұйымдастырушы педагог-дефектолог және психолог мамандар құжаттар бойынша медициналық зерттеу нәтижелерімен танысады. Бала дамуы тарихнамасын, мамандар қорытындыларын және т.б. оқып шығады. Олардың білім берудің клиникалық жағына сәйкес келетін негізгі түсініктерді білулері керек және медициналық құжаттарға талдау жасай білулері керек. Медициналық-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге нақты тоқталып кетеміз.
Date: 2016-05-24; view: 2023; Нарушение авторских прав |