Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Медициналық-педагогикалық зерттеу
Баланы психодиагностикалық зерттеу бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде диагностика жүргізуші құжаттарды оқып шығып, ата-анасы мен мұғалімдерден сұрастыру арқылы бала туралы ақпарат жинастырады. Зерттеу жұмысынының басында оның қолында барлық қажетті клиникалық, педагогикалық, әлеуметтік сипаттағы мәліметтер болуы керек. Бұл зерттеу жұмысының міндеттерін дұрыс анықтауға және қажетті диагностикалық құралдарды дайындауға мүмкіндік береді. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды психологилық-педагогикалық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі медициналық зерттеу болып табылады. Ерте жастағы балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды медициналық диагностикадан өткізуге жалпы тексеруден өткізу, анамнестикалық деректеріне талдау жасау, сонымен қатар жүйке-жүйесі, соматикалық және психикалық жағдайына баға беру жатады. Бұл ретте эмоциональды, интеллектуалды, сөйлеу және психоқозғалтқыштық даму сипаттамасына баса назар аударылады. Жалпыклиникалық (дәрігерлік) зерттеумен қатар аса маңызға лабораториялық зерттеу ие болады. Лабораториялық әдіс-тәсілдерге келесілері жатады: Краннография – бас сүйегі рентгені; Электроэнцефалография (ЭЭГ) – ми биотоктарын тіркеу; Қоздырылған әлеует әдісі (көру және есту мүшелерінің жайына баға беру үшін); Эхо-энцефалография (ЭхоЭГ) – патологиялық көлемді процестердің немесе гидроцефалиилердің ықпалымен ми құрылымдарының жылжуын анықтауға көмектеседі. Соңғы кездері компьютерлік томография кең қолданылады, оның көмегімен дамуында туа біткен көптеген кемшіліктерді, гидроцефалияны, ми ісігі және басқа да ауытқушылықтарды анықтауға болады, сонымен қатар ядролық магниттік резонанс көмегімен миды суретке түсіре алатын ядролық-магниттік-резонанстық ми томографиясы да жиі қолданылады. Диагноз қоюда дәрігер үшін ең алдымен оған ата-анасы арқылы берілетін мәлімет маңызды болады. Анасының және әкесінің шыққан тегіне қатысты, жүктілік кезіндегі және туған кезіндегі, психологиялық қозғалтқыштық дамудың бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктерге берілген сипаттамалық мәліметтер дамуындағы ауытқушылықтармен байланысты ауруларға диагностика жасауда маңызды болады. Белгілі бір аурулардың ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналар үшін арнайы сауалнамалар дайындайды. Медициналық тексеруден өткізудің құрамдас бөлігі анамнестикалық мәліметтер жинау болып табылады. Анамнезді дәрігер жинайды және ол бала ата-анасымен (немесе олардың орын ауыстырушы тұлғалармен) әңгімелесу және құжаттармен таныстыру негізінде құрылады. Отбасылық анамнезде баланың отбасы туралы және тұқымқуалаушылық туралы мәліметтерге талдау жасалады, отбасы құрамы, жасы және оның әрбір мүшелерінің білім деңгейі, ата-анасының мінез-құлық ерекшеліктері сипатталады. Отбасылық анамнезде тума-туыстарының психикалық, жүйке-жүйесі, созылмалы соматикалық аурулары, олардың дене бітімінің патологиялық ерекшеліктері көрсетіледі. Бала тәрбиеленіп отырған отбасының тұрмыстық жағдайы, ата-анасының жұмыс орны және сипаты, яғни өндірістік қауіптілігі және сол жағдайда жұмыс істеу уақыты сипатталады. Отбасындағы қарым-қатынасқа, балаға деген ата-анасының қарым-қатынасына баға беріледі. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де ішімдікке немесе нашақорлыққа құмарлығы анықталады. Баланың жеке анамнезінде аталмыш жүктілік қалай өрбіді токсикоз, соматикалық аурулар, резус-жанжал, дәрілік препараттарды ұзақ уақыт пайдалану және т.б. жағдайлардың болғандығы ескеріледі. Босану ерекшеліктері, ұрық асфикциясы белгілері, босану кезіндегі жарақат болғандығы сипатталады, сонымен қатар босану кезінде көрсетілген көмек сипаты және ұрықты тірілтуге кеткен уақыт белгіленеді. Баланың дамуында туа біткен кемшіліктер дірілдеу, сарыауру белгілерінің болу болмауы көрсетіледі. Баланың туған кездегі салмағы және емізіп бастаған уақыты, перзентханада болған мерзімі анықталып, көрсетіледі. Содан кейін бала шалдыққан аурулар аталады, олардың өткірлігі, сипаты, ұзақтығы, алған емі, туындаған қиындықтар көрсетіледі. Қалшылдау және пароксизмалды күй кешкен жағдайлар тіркеледі, олар қандай жаста орын алды, ұстамасының сипаты және эпилептикалық баламасы, олардың уақыт шегіндегі таралуы, талғанға дейінгі және кейінгі сипатына сипаттама беріледі, ұстамаға қарсы ем, оның жүйелігі және тиімділігі айқындалады. Сонымен қатар, бала тексеруден өтпестен бұрын қайда, қалай және кімнің (үйде, анасының, әжесінің қарауында және т.б.) тәрбиесінде болғандығы анықталады, бала-бақшаға (қай кезде) барғандығы, түзетуші-педагогикалық көмек алды ма, алса қандай көмек алғандығы анықталады; егер де зерттелуші мектеп жасында болса, онда мектептегі білім беру мен тәрбие туралы және соған ұқсас мәліметтер алынады. Анамнестикалық мәліметтер жинақтаудың үлгі сызба нұсқасын келтіреміз. Date: 2016-05-24; view: 2085; Нарушение авторских прав |