Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық мониторингтің нормативтік-құқықтық базасы





1.Д.И. Менделеевтің периодты заңы - Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу ретіболып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен. Қазіргі кездегі периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Элементтердің нөмерін реттік немесе атомдық нөмер деп атайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип – барлық элементтердегі периодтар мен топтарға бөліп орналастыру. Әр топ өз кезегіндегі негізгі (а) және қосымша (б) топшаларға бөлінеді (периодты кестенің ұзын түрін қара). Топшалардағы элементтер өзара химиялық қасиеттері жағынан өте ұқсас.

Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.

Әр периодта 2, 8, 18, 32 элемент болады.

· Бірінші периодтың ерекшелігі – онда екі элемент қана Н, Не орналасқан. Сутектің сілтілік металдарға да, галогендерге де ұқсайтын ортақ қасиетіне байланысты оны көбіне Іa кейде VІҚа топшаға да орналастырады.

· Екінші периодтта 8 элемент (Lі – Ne) бар. Ол сілтілік металл литийден Lі басталады, одан кейінгі ІІ валентті Ве металл, ал ІІІ валентті В элементтінің металдық қасиеті кеміп, ІV валентті көміртектен бейметалдар басталады, олардың (N, О, F) тотығу дәрежелері теріс. Период инертті газ – неонмен (Ne) аяқталады.

· Үшінші периодта да 8 элемент орналасқан (Na – Ar). Олардың қасиеттерінің өзгеру сипаты екінші период элементтеріне ұқсас, дегенмен Mg-мен Al-дің Ве-мен В-ға қарағанда металдық қасиеті басымдау, сондай-ақ бейметалдар – P, S, Cl-дың екінші периодтағы “ұқсастардан” айырмашылығы олар өздеріне тән ең жоғары оң валенттіктерін көрсете алады. Менделеев 2 және 3-период элементтерін типтік элементтер деп атаған, себебі олардың бәрі де табиғатта кең таралған.

Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.

Менделеев II және III период элементтерін типтік деп атады. Бұл элементтердің қасиеттері типтік металдан екідайлы элементтерге одан бейметалл мен инертті газға қарай заңдылықпен өзгереді. Сонымен қатар периодтарда элемент қосылыстарының қасиеттері және формалары да заңдылықпен өзгереді.

Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен белгіленген. Топ нөмері элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келеді. Фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1-ге тең, мыс, күміс,алтынның тотығу дәрежелері +1,+2,+3-ке тең, ал VIII топ элементтерінен +8 тотығу дәрежесі тек осмий, рутений, ксенонға тән


Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындамынадай химиялықэлементтер кездеседі: сутек, көміртек, оттек, азот,фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Бұл элементтердің атомдары тірі ағзаларды құрайтын күрделі молекулаларды түзеді, оларға көмірсутектер, майлар, нәруыздар (белок) мен нуклейн қышқылдары жатады. Аталған заттар тірі ағзалардың құрамында бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Тірі азғалар мен олардын тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып, ұдайы өзгеру мен даму жағдайында болатын жүйелер жиынтығын құрайды. Биосфераны құрайтын тірі азғалар шартты түрде екі үлкен топқа біріктіріледі: флора және фауна.

2. Биосфераның тұрақтылығы Биосфера тұрақты тәртіпте жұмыс істейтін күрделі экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй ′′′биосфера гомеостазы′′′ деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты: біріші фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері; екінші фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері. Тек ондаған, мыңдаған жылдардан соң ′′үшінші фактор′′ - адам факторы пайда болды. Бұл фактор биосфераны едәуір өзгертті. Адамның арқасында жасанды суқоймалар, орасан зор ауыл шаруашылық жер келбеті, алып қалалар пайда болды. Эволюция нәтижесі Эволюция нәтижесінде фотосинтездейтін ағзалар бастапқыда балдырлар, соңынан өсімдіктер өмірге келді. Өсімдіктер палеозой дәуірінде бар болғаны 400 млн жыл шамасында құрлыққа шықты. Жасыл өсімдіктердің пайда болуы биосферада алғашқы төңкеріс жасады, ол литосфераны толық өзгертті. Өйткені өсімдіктердің әсерінен литосферада топырақ қабаты түзілді. Жер бетінде тіршіліктің барынша өркендеуі мезозой (бор, юра, триас кезеңдері) дәуірінде жүзеге асты. Ол дәуір бұдан 200 млн жылға жуық бұрын басталды. Бұл уақытта бүкіл жер бетінде үйектік мұз болған жоқ, бұған үйектік (полярный) шеңберде тас көмір кенінің болуы дәлел болады. Бұл кезде жер бетінде іс жүзінде тропиктік және субтропиктік климат үстемдік етті, бұған атмосферадағы көмірқышқыл газ мөлшерінің көптігі себепкер болды. Көктемелі кәсердің (парниковый эффект) және ылғалдың көп мөлшерде болуынан қырықжапырақ, қырықбуын, қылшабуын тәрізді өсімдіктердің биіктігі көпқабатты үйлердің биіктігіне жетті. Өсімдіктекті қоректердің орасан көп мөлшерде болуынан шөппен қоректенетін ірі жануарлар - динозаврлардың пайда болуына жағдай туғызды. Динозаврлардың дене тұрқы 30 метрден астам болып, массасы 50 тоннаға дейін жетті. Атап айтқанда бұл кез атмосферадан көмірқышқыл газды тұтынушылардың көбеюімен және көмір мен көмірсутектің (мұнай газы) жинақталуымен сипатталады. Осылардың барлығы көктемелік әсерді кемітіп, жердің салқындау дәуірі басталды. Динозаврлар дәуірінің соңы бұдан 65 млн жыл бұрын Американың орталық ауданында орасан зор астероид құлауы нәтижесінде Мексика шығанағы түзілді. Бұл жиһандық тұңғыш экологиялық апат болды. Астероидтың жерге соғылуы нәтижесінде көтерілген шаң мен түтіннен күннің беті бірнеше жыл көлегейленіп, ауаның салқындауы салдарынан динозаврлардың жұмыртқалары қатып калды. Динозаврларды баласын тірілей туатын жануарлар алмастырды. Бұлар денесін түк басқан, баласын сүтпен асырайтын сүтқоректі жануарлар еді. Кайнозой дәуірі басталды. Ең алғаш адамтәріздес тіршілік иесі Африкада бұдан 2,5 млн жыл бұрын пайда болғанымен, адам от жағып, отты меңгерудің арқасында, тек осыдан 40 мың жыл бұрын ғана табиғаттан бөлініп шықты. (Орасан қалың күл қабаты бар алау сілемінің және жануарлардың күйген сүйектерінің табылуы синантроптардың бұдан 300 млн жыл бұрын отты сақтауды ғана емес, жағуды да білгенін айғақтайды.) Адам жаратылуының қоғамдық форма ретінде алғашқы өркениеті тек 10 мың жылға жуық бұрын ғана бастапқыда Мысырда, Месопотамияда, Қытайда және Үндістанда пайда болды. Ноосфера Адам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфераны және жердің сыртқы қабығын билеп алды. Сөйтіп ноосфера жер тереңінен де, одан тысқарыға да құлашын жайды.



Ле Шателье-Браун принципі - тепе-теңдіктің ығысу принципі — жүйені термодинамикалық тепе-теңдік күйден ауытқытатын сыртқы әсердің салдарынан сол жүйедегі тепе-теңдік осы әсерді әлсірететін (немесе оған қарсы әсер ететін) реакция бағытына қарай ығысатындығын тұжырымдайтын принцип.

3. Биосфераның ластануын бағалауда оның мониторингін жүргізу маңызды орын алады. Мониторинг – бұл қоршаған табиғи орта жағдайларының антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруін бақылау, бағалау, болжау жүйесі. Бұл термин БҰҰ – ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясында 1972 жылы пайда болды. Мониторингтебиосфераның жағдайы геофизикалық, физикалық – географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Оның ғаламдық, аумақтық, жергілікті түрлері бар.ҚР – ң Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесінде «Экологиялық мониторинг» басқармасы жұмыс істейді. Мониторинг жүргізу нысандарына атмосфера, атмосфералық жауын – шашын, жер беті және жер асты сулары, мұхит пен теңіздер,климаттық жүйені құрушылар жатады. Бақылау нысандарына қарай атмосфера, ауа, гидросфера, топырақ, климат, сейсмикалық мониторинг түрлері ұйымдастырылады. Әсер ету факторлары мониторингіне – түрлі химиялық ластаушылар, табиғи және физикалық факторлар (сәуле, күн радиациясы, шу, діріл) жатады. Ластау көздерінің мониторингі тұрақты ластау көздерін (зауыттардың мұржалары), көліктерді, кеңістіктерді (қала, химиялық заттар енгізілетін егістіктер) қамтиды. Химиялық мониторинг – биосфера нысандарындағы химиялық ластауыш заттарды бақылайтын, олардың таралуын зерттейтін жүйе. Физикалық мониторинг – физиалық процестер мен құбылыстардың (тасқыны, жанартау атқылауы, жер сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы) қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бақылау жүргізу жүйесі. Биологиялық мониторинг – қоршаған ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен тіршілігін биоиндикаторлардың көмегімен зерттеу жүйесі. Экобиохимиялық мониторинг –айналадағы ортаның екі құрамдас – химиялық және биологиялықбөлігін бақылауға негізделген. Қашықтық мониторинг – зерттейтін нысандары барлауға және тәжірибелік мәліметтерді жазып алуға арналған радиометриялық құралдар қолданылатын авиациялық, ғарыштық мониторинг. Елдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға және одан әрі жақсартуға бағытталған шаралар ішінде экологиялық мониторинг жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ал оның негізгі міндеті – табиғат қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласын ақпараттық қамтамасыз ету және тиісті шешімдер қабылдау. Экологиялық мониторинг – өнеркәсіп нысаны, қала, облыс, өлке, республика деңгейінде жүргізілуі мүмкін.ортаны ластау көздерінің әсер ету аумағында мынадай нысандарға тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс: атмосфера, гидросфера, топырақ, биота, халық.

Билет №14







Date: 2016-06-09; view: 1076; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию