Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мониторингтік бақылаулар жүргізудің ұстанымдары
1. Қазіргі экологиялық ғылымда биосфера экологиясы және техносфера экологиясы деп аталатын екі таным саласы пайда болды. Бүгінде белгілі барлық жаратылыстану – ғылыми пәндер міндетті түрде осы екі саламен тығыз байланысты болып отыр. Осындай пәндердің қатарына токсикологияны жатқызамыз, ал оның осы заманғы өзекті бағыттарының бірі экологиялық токсикология деп аталады. Токсикометрия – токсикологиялық тәжірибелік бөлігі. Ксенобиотиктер әсеріне мөлшерлік баға беру үш негізгі зерттеу кезеңін қажет етеді: тәжірибені жоспарлау оны жүргізу, мөлшерлік баға беру және нәтижелерді талдау жасау. Ең алдымен, зерттеліп отырған заттардың токсикалық көрсеткіші, оның әлеуетті қауіптілігі, қоршаған ортаны улы заттардың концентрациясы және оның уландырғыш дозасы (заттардың организмге түсуі, мысалы ауыз арқылы) есептелінеді. «Доза» деп көбінесе организмге енгізілген химиялық заттардың мөлшерін айтады және ол дененің бірлік салмағымен анықталады. Экспериментальды токсикология - токсинді процессдердің жалпы заттармен әрекетін және биологиялық жүйеде (дозасы мен әсерін айтқанда)түзілу механизмі және токсинді процесстін жүру жолының заңдылықтарын зерттейді. Эволюциялық аспектідегі мәселелерді қарастырады. Адамға деген әсерін бағау мақсатында жануарларға сынау арқылы жүзеге асырады. Профилактикалық және клиникалық токсикологияның алдындағы мәселеледі шешу жолындағы практикада өтілуін қарастырады. Осындай мақсатта экспериментальды токсикологияда химиялық улы заттардың әсерін молдельдеу кезінде көбіне кеміргіштерді (тышқан немесе қоян) қолданады. Фармокологиялық препараттарды стандарттау кезінде сұр үй тышқананың альбиносы аппақ зерханалық тышқан қолданады.Ал теңіз шошқасын аллергогеносты химиялық заттарды және авитоминозды тууын зерттеуде классикалық объектісі ретінде қолданады. Қояндар болса өзінің көбею процессінің тездігімен генетика тұрғысынан зеттеу жұмыстарында, өте қауіпті химиялық заттарды сынауда мышықтарды қолданады. 2.Қазіргі таңда биосфераның заманауи мәселелерімен және оларды шешу жолдарына келетін болсақ, биосфера мәселелеріне экологиялық дағдарыс, халық санының көбеюі және олардың салдарынан қала экожүйесінің бұзылуы және т.б жатады. Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортанықорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялықдүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарғақоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Қалалық экожүйе — қала аумағы және оның тұрғындары (адам және басқа тірі организмдер). Қалалық экожүйе — бұл гетеротрофты антропогенді экожүйе. В.Мазинг бойынша қалалық экожүйеде үш ерекшелік бар: 1) тәуелділік, яғни, ресурстар мен энергияның тұрақты түсіп түру қажетгілігі; 2) теңсіздік, яғни, экологиялық тепетеңдікке жетудің мүмкін еместігі; 3) қатты заттектің қалалық экожүйеге шеттен әкелінуі оның шетке шығарылуынан артық болуы есебінен оның тұрақты шоғырлануы. Ю.Одумның бейнелеп айтуынша, қала "биосфера паразиті" болып табылады. Өйткені, қала өттектің, судың және т.б. ресурстың көп мөлшерін пайдаланып, тек көмір қышқыл газын шығарып, қоршаған ортаны ластайды. Қалалық экожүйенің биосфераға зардапты ықпалын азайту және қалалық экожүйе ішіндегі адам тіршілігінің жағдайының жақсарту мүмкіндіктерін қалалық экология зерттейді. Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары: - Экспансивті ғарыштану; - Жаңа ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу; - Күн жүйесінің көршілес планеталарының минералдық ресурстарын өндіру; - Қайта қалпына келетін энергия көздерін іздестіру және пайдалану; - Термоядролық синтез; - Кәдімгі затпен қосылғанда аннигиляция реакциясын беретін антизат өндіру (аннигиляция реакциясы дегеніміз – екі заттың бір – бірімен қосылғанда бірін – бірі өзара мүлде күл бөлмей, яғни, қалдықсыз жоя отырып, орасан зор энергия бөлуі). Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді. 3. Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясыныңалдында (1972) “ бақылау ” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Билет № 17 Date: 2016-06-09; view: 1531; Нарушение авторских прав |