Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Су көздеріндегі судың сапасын болжау және бағалау





1. Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады.Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады.Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді:газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы.Біріншісінде элементтердің негізгі көзі-атмосфера (көміртегі,оттегі,азот)екіншісінде-таулы шөгінді жыныстар(фосфор,күкірт және т.б) болып табылады

Көміртегінің айналымы.фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу,ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз-жылдаққа тең.

СЕЛЕН (лат. Selenіum), Se — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 34, ат. м. 78,96. Жер қыртысындағы 6%. Атауы грек. selene — “Ай” деген сөзден шыққан.-10×салмақ мөлш. 5 Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. Жасанды жолмен алынған изотоптарының маңыздысы 75Se (T1/2=121 тәулік). С-ді 1817 ж. швед ғалымы Й.Берцелиус Se2 қатар болып, сары түсті келеді. Темп-ра 900ӘС-тан асқанда Se-нің мөлшері әлдеқайда артады. Хим. қасиеттері күкіртке

ұқсас. S. қосылыстарының барлығы улы, галогендермен әрекеттесіп SeF6, SeCl4, SeBr4, т.б. қосылыстар түзеді. S-ді күкірт қышқылының өндіріс қалдықтарынан, мысты тазарту кезіндегі анодтағы тұнбадан алады. S.болаттың қасиетін жақсартатын қоспа, оптик. шыны, резина бұйымдары өндірісінде катализатор ретінде қолданылады.ÛSe4ÛSe6Û(1779 — 1848) ашқан. Минералдары: берцелианит, науманит, клаусталит, халькоменит, керстенит; шашыранды элемент. Кристалдық торы гексагоналды (сұр С.), сұр түсті, қатты бейметалл; тығызд. 4,807 г/см3, балқу t 221ӘС, қайнау t 685,3ӘС, 100 — 150ӘС-та сұр S-ге айналатын кубтық және моноклинді түрөзгерістері кездеседі. Қосылыстарында айнымалы, –2,+2,+4,+6 валентті. S-нің буында Se8 Se2 қатар болып, сары түсті келеді. Темп-ра 900ӘС-тан асқанда Se-нің мөлшері әлдеқайда артады. Хим. қасиеттері күкіртке ұқсас. S. қосылыстарының барлығы улы, галогендермен әрекеттесіп SeF6, SeCl4, SeBr4, т.б. қосылыстар түзеді. S-ді күкірт қышқылының өндіріс қалдықтарынан, мысты тазарту кезіндегі анодтағы тұнбадан алады. S.болаттың қасиетін жақсартатын қоспа, оптик. шыны, резина бұйымдары өндірісінде катализатор ретінде қолданылады.ÛSe4ÛSe6ÛSe8

2. Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты адамдардың қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және осы сияқты басқа көптеген талаптарды өткір қойып отыр. Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп, әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – неосфера дәуірінің басталуы. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай әлеуметтәк - экологиялық проблемалар бар:


* Ресурстар проблемасы;

* Ашаршылық проблемасы;

* Озан қабатының бұзылу проблемасы;

* Демографиялық проблема;

* Климаттың өзгеруі;

* Экологиялық проблемалар;

Яғни соның ішінде ресурстар дағдарысына келетін болсақ, Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.


3. Судың сапасы, соның ішінде, ауыз судың сапасы халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, судың сапасының төмен болуы салдарынан жылына шамамен 5 млн адам (негізінен балалар) өледі, әр түрлі дәрежеде сумен уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.

Судың сапасы шаруашылық – ауызсуға, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық мақсаттарға пайдалануға мүмкіндігін анықтайтын судың қасиеті мен құрамын көрсетеді.Ауыз су сапасына ең алғашқы стандарт 1937 жылы бекітілген. Қазіргі кезде республикада ауыз судың сапасын МемСТ 2874-82 белгілейді. Барлық судың құрамында еріген заттар болады. Ондағы ең көп кездесетін элементтерге Сa, Mg, Na, Cl, және K жатады.Судың тұздылығы онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе судағы құрғақ заттардың қалдығымен (г/л) анықталады:


Тұщы су – 1 г/л-ге дейін;

Тұздылау – 1-3 г/л;

Тұздылығы шамалы – 3-10 г/л;

Тұзды немесе өте тұзды – 10-50 г/л.

Теңіз суында орташа шамамен 35 г/л тұз (3,5% немесе 35%о – промилле) болады. Судың құрамында органикалық заттар мен әр түрлі жүзгіндер, ауру тарататын патогенді микроағзалар да болады.

Пайдалану мақсатына қарай су: ауыз су, техникалық мақсаттар үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б. болып жіктеледі.

Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар(ШРК) қолданылады. Ал ауыз судың сапасын бағалауда химиялық көрсеткіштермен қатар,бактериологиялық және органолептикалық көрсеткіштер қолданылады. Судың бактериологиялық көрсеткіштерін анықтауда: біріншіден, судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 мм-не 100-ден аспауы керек; екіншіден, ішек таяқшасы (E. сoli) тобының бактерияларының саны арқылы жүргізіледі. Ол коли-индекс: судың бір литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен аспауы тиіс) немесе коли-

титрмен: бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.

Су сапасының мониторингі.Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:

· жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық,

гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;

· арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.

Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын-ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарына жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни, су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәліметтер; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.

Әрбір нақты жағдайда анықталатын судың сапасы арнайы заңдылықтар мен зерттеулерден тұрады:

- өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;

-су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін

әсерін анықтау;

-суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;

- коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың

шығарылуын бағалау және т.б. Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін арнайы участокты таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты - алғашқылық мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі.«Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» құжатының 2.2 тармағына сәйкес, елді мекендерінің шегінде орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы суаттар үшін бекітілген шекті–рауалды концентрацияны қолдану керек. Су нысандарының сапасын бағалауда үнемі қолданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық, гидробиологиялық индексі жатады.

Билет №15

Заттың құрылымы және уыттылығы арасындағы өзара қатынас. Экотоксиканттарды физикалық-хииялық құрамы бойынша жіктеу.







Date: 2016-06-09; view: 2156; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию