Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Стационарлы бақылау тіректерінің орналасуын таңдау. Бақылау тіректер санын анықтаудың факторлары
1. Топырақтағы химиялық заттардың нормасы олардың судағы, ауадағы және азық – түлік өнімдеріндегі нормасынан әлдеқайда өзгеше болады. Мұның себебі, топырақтағы зиянды заттар белгілі бір жағдайларда ғана (топырақтың шаң – тозаңымен, түрлі ойындар нәтижесінде, дауылда және т.б) адам организіміне өтеді. Химиялық заттардың адам организіміне өтуі мынандай экологиялық орын ауыстыру жолымен жүргізіледі: топрақ – өсімдіктер – адам; топырақ – өсімдіктер – жануарлар – адам; топырақ – су – адам; топырақ – ауа – адам. Сондықтан топырақтағыхииялық заттардың мөлшерін нормалауда олардың тікелей организмге енуінің қауіптілігі ғана емес, сондай – ақ жер бетіндегіжәне жер астындағы судың, ауаның, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің организмге қауіпті болып саналатын жанама ластауы да ескеріледі.топырақтағы улы заттардың нормалауды қажет ететін мөлшері соншама көп емес. Зерттеулер бойынша, ауыр металдар (қорғасын, күшән, мыс, сынап) тұздарының, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын микроэлементтердің (молибден, мыс, мырыш, бор, ванадий), сондай – ақ пестицидтердің нормаларын теориялық дәлелдеу жүргізілген. Қоршаған ортаны негізгі ластаушылардың қатарына металургия кәсіпорындарын, энергетикалық, мұнай – химия кешендерін жатқызуға болады. Қара металлургия кәсіпорындары қоршаған ортаны шаң – тозаңымен, темір, марганец тотықтарымен; түсті металлургия нысандары – қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, күшән, сынап тотықтарымен ластайды. Жылу – энергетика кәсіпорындарының шығаратын түтінді газдарымен сыртқы ортаға күл, шала жанған бөлшектер, күкірт пен азот оксидтері, циклді көмірсулар, күшән, фтор қосылыстарымен таралады. Химия өнеркәсібінің өндірісі көмірсу қалдықтарымен, күкірт қосылыстарымен, қышқылдармен, фенол, эфирлермен ластауда. Қоршаған орта, ауа мен топырақты айтарлықтай ластайтын нысан – бұл автокөліктер. Олар жер үстімен жүретін рельссіз қатынас құралдары. Қалалардағы автокөліктер ауаға ең қолайсыз әсер ететін көздерге жатады және қоршаған ортаны ластаудан ең алдыңғы орынды алады. Олардың айналаны ластауының шамасы двигателінің түрлеріне қарай түрліше болады. Бинзинді двигателі бар көліктің әрбір 15000 км қашықтыққа 4350 кг оттегі жұмсайтыны анықталған. Екі түрлі двигательден шығатын пайдаланылған газда 200-ге химиялық қосылыстар кездеседі. Олардың ішіндегі улылығы жоғарыдеп танылатыны қорғасын, көміртек, азот оксидтері, көмірсутектер. 2. Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе — форма, пішін) — органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Ароморфоздардың пайда болып, көбеюі арқасында кластар, белімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады. Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір құрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл жәнефотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық ттіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Адаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.Адаптация теориясы (лат. adaptatio бейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалық мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптың агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған — санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Оның түсіндіруінше, үнді-еуропалы кесім мен етістіктің жалғаулары алғашында жинақты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздер флективті мағына беретін болған да, ал олардын бұрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюция теориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинациятеориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі. Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік жәнеэволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу, деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады. 3. Стационарлық бақылау дегеніміз арнаулы бақылау пунктерінде бақылаушылардың жұмыс істеуін айтады.Жерлердің сапалық жағдайына әсер етіп жатқан поцесстердің дамуын, сандық сипаты туралы шынайы мәліметтер алу үшін республикамызда мемлекеттік аумақты-зоналы бақылау пункттерінің жүйесі құрылды. Топырақ мониторингі үшін бақылау пункттерінің барлық топырақ климаттық зоналарда және республика аумағында орналасуы жалпы принцип болып табылады.Бақылау пункттері стационарлық (СЭА) және жартылай стационарлық экологиялық алаңдарға (ЖСЭА) бөлінеді.Бақылау пункттерінің ауданы 100 га құрайды.Әр бақылау учаскесінде топырақты зерттеу үшін 3-ке жуық стационарлық алаңдар алынады.Стационарлық экологиялық алаңның ауданы 1га кем болмауы тиіс.Стационарлық экологиялық алаңдарда әр жыл сайын бақылау жүргізіледі.Онда жерлердің сапасына әсер етуші топырақ параметрлерінің өзгерісі, агроөндірістік құндылығы бақыланады.Сонымен бірге дефляция, су эрозиясы, топырақтың тұздануы, токсикалық заттармен ластану процесстерін, топырақтағы гумустың, азоттың құрамының динамикасын, қоректендірудің жылжымалы элементтерін, топырақтың су-физикалық және физико-химиялық қасиетін тудыратын антропогендік және табиғи факторлары зерттеледі. Стационарлық экологиялық алаңдардағы бақылаулар: - 1 рет қана; - ай сайын; - декада сайын. - ауыл шаруашылық өсімдіктердің даму фазасы бойынша бақылаулар жүргізіледі.Республиканың жер қорының жағдайының өзгерісінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша елімізде 484 стационарлық және жартылай стационарлық бақылау пункттері құрылған. Билет №13 Д.И. Менделеевтің периодты заңы және биосферадағы тірі ағзаларда элементтердің таралу заңдылықтары. Тірі заттардағы элементтердің жіктелуі. Date: 2016-06-09; view: 1023; Нарушение авторских прав |