Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рим клубы. Рио-92 құжаты. Йохансбургтегі ( ЮАР, 2002), Қоршаған орта туралы Самиттер. Рио-де- Жанейро (2012 ж), Париж (2015 ж.) самиттер
Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). Рио-де-Жанейродағы (1992) және Йоханнесбургтегі (2002) бүкіләлемдік саммиттер. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір бірінен бөліп қарауға болмайтыны атап көрсетілді, елдің экологиялық, кедейлік және даму деңгейінің бір-бірімен байланыстығы айтылды, сол сияқты әлемдік қоғамдастықтың ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігіне шешім қабылданды. Конференцияда 6 бағдарламалар, 27 принциптер қабылданды. Бағдарламалар: 1. Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио декларациясы; 2. ХХІ ғасыр күн тәртібі; 3. Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш; 4. Климаттың өзгеру проблемаларының Рамалық Конвенциясы; 5. Биоәртүрлілік бойынша Конвенция; 6.Тұрақты даму концепциясы. 2002 жылы Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің Декларациясы мен шешімдерін орныдау жоспарында қайта білім берудің негізгі факторларының бірі ретінде білім беру жүйесінің барлық тұрақты дамыту тұжырымдамасын енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу қызығушылық танытқан жақтардың үлкен тобын ұйымдастырды. 22 мыңнан астам қатысушы болды, соның ішінде 100 – ден астам мемлекет басшылар, 8000-нан астам ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар)-ң белсенділері, бизнесмендер, 4000-нан астам БАҚ қызметкерлері есептелді. Мемлекет-жақтастар Тұрақты даму бойынша Йоханнесбург Декларациясын және Шешімдердің орныдалу Жоспарын талқылап, қабылдады. Бұл кездесу тұрақты дамудың халықаралық күн тәртібіндегі маңызды сұрағы екенін тағы бір дәлелдеді. Тұрақты даму концепциясы құжатына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, жаңа әлемнің сипатына сай жасалды.Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады. Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет. Рим клубы — 1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады. «Рим клубы» жұмысы саяси, қоғамдық және экономикалық бағытта. Оның мүшелері: «болашақта адамзатты сақтап қалу үшін бір ғана үкіметке бағынудан басқа амал жоқ» деген пікір ұстанады. 1973 жылы клуб «Жаһандық әлемдік жүйенің аймақтық үлгісі» атты баяндама әзірлеген. Авторлары Эдуард Пестель және Михаил Месарович. Баяндама әлемді 10 аймаққа бөлу туралы жобаға арналған. Осылайша барлығын тек бір ғана басшылыққа бағынады. Олар: Батыс Еуропа,Шығыс Еуропа, Жапония, Солтүстік Америка, Австралия және Оңтүстік Африка, Латын Америкасы, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс, Орталық Африка, Оңтүстік және Оңтүстік Азия, Орталық Азия. «Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы деген қазақстандық бастамашылықты ұсынды. Аталған Конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы көрініс тапқан «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжат қабылданды». Жаһандық энерго-экологиялық стратегиясы дүниежүзі елдерінің энергетикалық және басқа да ресурстарға деген қажеттіліктерінің оңтайлы деңгейін қанағаттандыруды көздейді. Онда бірнеше елдер ғалымдарының мемлекеттер мен аумақтарға жасаған энергетикалық, экологиялық, экономикалық теңгерімі әзірленіп, әр елге жобаланған параметрлерге жетудің тиімді жолын қамтамасыз ететін энергияны өндіру мен пайдаланудың жаңа үдерісіне көшу бойынша кеңестер жинақталған. Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын 2020 жылға дейінгі мерзімде бүгінге дейін 100-ге тарта ел мен планета халқының төрттен үш бөлігінің мүдделеріне өкілдік ететін аумақтық ЭСКАТО, ЕЭК БҰҰ, ИСЕСКО конференцияларында қолдауға ие болған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасынан бастап іске асыру ұсынылып отыр. «Жасыл көпір» серіктестік Бағдарламасыхалықаралық қауымдастықтың «жасыл» экономикаға өтуіне қол жеткізетін практикалық тетік. Онда технологиялар мен қоршаған ортаны басқару тәжірибесін таратуға қолдау көрсету, «жасыл» өнеркәсіптің жаңа толқынын ынталандыратын жетілдірілген құқықтық, экономикалық, институционалдық жағдайларды енгізу көзделген. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының «Рио+20-да» қабылдануы «жасыл» тауарлар, қызметтер және жаңа технологиялар үшін орасан зор рынок құрып, жаһандық экономиканың өсуін қамтамасыз етеді. «Жасыл көпір» бағдарламасы барлық мүдделі тараптардың инвестицияларға, инновациялар мен технологияларға қолжетімділігін кеңейту үшін «жасыл» жобаларды қарапайым, практикалық және тиімді шаралармен қолдауға арналып әзірленген. 3. Атмосфераның ластануы туралы ақпараттарды талдау. Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2), кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады. Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрған үйлердін жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ, бу,ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Билет № 11 Date: 2016-06-09; view: 2255; Нарушение авторских прав |