Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ауа құрамын зерттеуде үлгілерді алудың ұзақтығы және ауаның биіктік деңгейі. Бақыланатын заттардың тізімі





3. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 %. Оттегі — O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 – 9 км ал экватордан 18 км –ге созылады. температура 55° С – қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км – ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С –ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % –ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум – қабатталған) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 – 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км –ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды. Ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп 1000 -2000 С –қа өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен таралған электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспап-тар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады. Адам аяғы жетуі қиын жерлерде автоматты радиометеостанциялар жұмыс істейді. Жердің жасанды серіктері, ғарышкерлердің ұзақ мерзімді орбиталық станцияларда жүргізген мәліметтердің де маңызы зор.

Билет №12







Date: 2016-06-09; view: 1247; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию