Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфераның эволюциясы. В.И.Вернадскийдің «Ғарыштағы биосфера» туралы еңбектері





В.И.Вернадскийдьщ очерктері: «Ғарыштағы биосфера» және "Өмірдің аймағы". 1926 ж. Вернадский Ленинградта, 3 жылдан соң Парижде және бiрнеше жылдан кейiн Берлинде “Ғарыштағы биосфера”, “Биосфера” деген аса құнды ғылыми еңбектерiн жазды. Ол жер бедерi кездейсоқ құбылыстардың нәтижесiнде пайда болмаған, оған керiсiнше өз шекарасы бар, жердiң геологиялық қабағы болып саналатын биосфераның ерекше әсерi болғанын атап көрсеткен. Ол өмiрiнiң соңғы жылдарын биосфера қабығының құрылымдық ерекшелiктерiн талдауға арнады. Осындай ғылыми зерттеулерiнiң нәтижесiнде “Жердiң және оны қоршаған ортаның бисферасының химиялық құрылысы” деген iргелi еңбегiн жазды. Бiрақ оны шығаруға үлгере алмады. Оның бұл еңбегi 1965 ж. жарық көрдi. Бұл еңбегiнде ғалым биосфера эволюциясы туралы өз ойын қысқаша тұжырымдай келе: “Адамзат жалпы алғанда, өте ықпалды геологиялық күшке айналуда. Ол, ақыл-ойы мен еңбегiнiң алдына еркiн ойлай алатын адамзаттың қажетi үшiн бiртұтас биосфераны қайта құру мәселесiн қойып отыр” деп, аса көрегендiкпен ескерткен болатын.

В.И. Вернадский өзiнiң биосфера туралы iлiмiнде биосфера құрамына беретiн заттарды бiр-бiрiнен ерекше айырмашылығы бар 7 топқа бөлiп қарастырады.

Биосфера құрайтын зат Оның ерекшелiктерi
1. Тiрi заттар (организмдер) Жеке даралардан тұратын барлық тiрi организмдердiң жиынтығы. Оған адам да жатады.
2. Биогендi заттар Тiрi организмдердiң тiкелей тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болған және күрделi өзгерiске ұшыраған заттар (тас-темiр, мұнай, тақтатас, атмосферадағы кейбiр газдар)
3. Жанама заттар Тiрi организмдердiң қатысуынсыз түзiлетiн қатты, сұйық және газ күйiндегi заттар (вулкан атқылаудан пайда болған немесе Жер қойнауындағы қысымның, температураның әсерiнен түзiлетiн жыныстары)
4. Биожанама заттар Әрi тiрi организмдерден, әрi қоршаған ортаның бейорганикалық қосылыстарының қосылуынан пайда болған заттар. Бұл кезде тiрi организм басты рөл атқарады. Оған топырақ жатады.
5. Радиоактивтi заттар Табиғи түрде кездесетiн кейбiр радиоактивтi элементтердiң изотоптары жатады.
6. Шашыранды күйiндегi атомдар Космостық сәулелерлердiң үздiксiз әсер етуiнен түзiлетiн әрi тек биосфераға ғана тән заттар.
7. Шығу тегi космосты заттар Метеориттер, космостық шаң-тозаңдар.

 

В.И.Вернадский биосфераның пайда болу, даму және қазіргі кездегі жағдайында тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ол «Жердің сыртқы қабатында үнемі өзгеріс енгізетін тірі организмдерден басқа құдіретті химиялық күш жоқ» деп жазды өзінің «Биосфера» атты еңбегінде. Әсіресе тірі организмдер оған қоса адамзат баласының іс- әрекеттерінің биосфера шетіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын биологиялық-экологиялық және химиялық жүйе екенін дәлелдейді. Бір сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын планетамыздағы ең жоғарғы сатыдағы өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы күш. Сондықтан да жер бетіндегі неше түрлі құбылыстар осы тірі ағзалармен байланысты екенін толық түсіндіре білді. Шынына келетін болсақ, тірі ағзалар ғарыштық энергияны биосферадағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдістер биосферадағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік зат пен энергияның алмасып отыратынына ең себепші құдіретті қозғаушы күш.

Тірі зат қоршаған ортаға белсенді әсер етуде маңызды орын алады және тірі материяның өліден ерекшеленетіні сияқты, ол жер шарының басқа қабықшаларынан айрықшаланады.







Date: 2016-06-09; view: 1575; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию