Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым және биосфера ластануының халықаралық мониторингі
1. Биогеохимиялық цикл (Биогеохимический цикл) — химиялық элементтердің айналымы: бейорганикалық табиғаттанөсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы қайтадан бейорганикалыққа оралу. Күн энергиясы және химиялық реакциялар энергиялары арқылы жүзеге асады. 2. Биосфера (гр. биос —тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Атмосфера [1] (гр. ατμός — «ауа» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне грекше: σφαῖρα — «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера - бүкіл ауаның 4\5 бөлігі. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10—12 км-ге, ал экватор үстінде 15—17 км-ге дейін созылады. Стратосфера (лат. stratum - «қабатталған») - тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. Стратосферада озон қабаты түзіледі. Мезосфера (гр. mesos — «ортаңғы» және гр. σφαῖρα — «шар») - атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) менионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында. Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабаты жерден 22-24 км орналаскан. Озон қабаты өте жұқа. Егер де бұл газды жер бетінде орналастырсақ, ол 2-4 мм құраған пленка түрінде орналасатын еді (экватор маңында – минимум, полюстарды — максимум) Бірақ-та, бұл қабық бізді қорғап отыр, ол ультракүлгінді түгелімен жұтып отырады. Онсыз тіршілік тек ультракүлгін өте алмайтын жерде ғана сақталатын еді (су түбі 10 м). Озон жер бөлетін инфрақызыл сәулелердің 20 пайызын жұтып алады. Озон – активті газ, адамға зиян тигізуі мүмкін. Оның төмеңгі атмосфера қабатындағы концентрациясы шамалы болғандықтан, ол адамға зиян тигізбейді. Үлкен қалаларда машиналардың әсерінен озон көп мөлшерде пайда болады. Озон ғаламшардың сәулелерінің қаттылығын да қадағалайды. Егер де кішкене озон азайып қалса, жерде өсімдік және организмдер әлемінде үлкен өзгерістер болады. Озон қабаты, жоғарыда аталғандай, әлемде тіршілікті Күннің ульракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген жылдар бойы озон қабаты кішкене ғана өзгерістерге ұшырап келе жатырғандығы дәлелденген. Арктикада үлкен озон тесігі табылған. Озон жойылуына ультракүлгіннің, ғарыштық сәулелердің, кебір газдар: азот, хлор, бром қосылыстарының, фторхлоркөмірсутектерінің (фреондар) әсері мол. Аса жоғары қауіпті адамның іс-әрекеті тудырады. Сондықтан да көптеген елдер озон жоятын заттардың өндірісін қысқартатын халықаралық келісімге қол қойды. Озон қабатының әлсіреуінің себептері көп болуы мүмкін. Біріншіден, ғарышқа ракеталардың ұшырылуы. Жанатын отын озон қабатында үлкен тесіктер жасай отырып, жағып жібереді. Бұл тесіктер қысқарады деп болжанған еді. Бірақ, олай болған жоқ, олар көп өмір сүреді. 3. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) — [[метеорологиялық бақылаулар мен зерттеулерді дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық ауа райын қадағалау қызметтерін үйлестіру мақсатын көздейтін ұйым.1947 жылы БҰҰ жанынан құрылды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылғанға шейін оның қызметін Халықаралық метеорология ұйым (1871) атқарып келген. Қазір ұйымның 150 мүшесі бар. Жоғары органы — 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресі. Атқару кеңесі ұлттық метеорол. қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. Метеорология бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау, т.б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін арнаулыкомиссиялар құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы Женевада(Швейцария) орналасқан Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика,транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі). Билет №18 Date: 2016-06-09; view: 1677; Нарушение авторских прав |