Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мониторинг түрлерінің жіктелуі. Зерттеу, бақылау нысандары, ластаушы заттар және кеңістіктік масштабы бойынша мониторнг түрлері
1. Заттардың құрылымы 3 ке бөлінеді. Олар: қатты, сұйық және газ тәріздес. Ал жалпы алғанда, уыттылық дегеніміз – бұл кейбір заттардың тірі организмдегі биохимиялық процестердің және оның физиологиялық қызметінің бұзылуына әкеп соқтыратын қасиеті. Сондықтан уыттылықтың өзі зақымдаушы әсері бар заттардың мөлшерімен, олардың адам немесе жануар организіміне уытты әсер ету көрінісімен сипатталады. Зиянды заттардың утты әсер етуінің мынандай сипаттары бар: 1. Уытты әсер ету механизімі; 2. Зақымдаудың патофизиологиялық процестері мен негізгі белгілерінің сипаты; 3. Белгілі уақыт ішінде уытты әсердің даму үрдісі; 4. Заттың организмге уытты әсер туінің басқа қырлары. Ал уыттылық дозасының (мөлшерінің) мынандай үш түрлі ұғымы қолданылады: 1. Терапевтік емдік дозасы – бұл белгілі бір емдік әсер ететін зат мөлшері. 2. Уыттылық дозасы – бұл организмді өлімге душар етпейтін патологиялық өзгерістер туңызатын зат мөлшері. 3. Өлімге душар ететін доза – бұл зиянды заттың организмді өлімге душар ететін мөлшері. Зиянды немесе улы заттар екі топқа бөлінеді: барлық химиялық заттарға дерлік тән болатын ортақ бағалауға негізделген жалпы зиянды заттар және заттардың физикалық – химиялық белгілері мен олардың уыттылығы арасындағы байланысты көрсететін арнаулы зиянды заттар. Организмдердің уланудың алдын алу үшін уытты заттарды практикалық жіктеудің маңызы зор. Оларды қолданылу мақсаттарына қарай мынадай түрлерге бөледі: 1. Өнеркәсңпте немесе өндірістік ортада пайдаланылатын өнеркәсіптік зиянды заттар (улар). Олардың қатарына органикалық еріткіштерді (дихлорэтан), отынды (метан, пропан, бутан), бояғыштарды (аналин), хладагенттерді (фреон), химиялық реагенттерді (метил спирті), пластификаторларды және т.б жатқызады. 2. Ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптерімен және зиянестерімен күрес жүргізу үшін пайдаланылатын улы химикаттар: хлорорганикалық пестицидтер – гексахлоран, полихлорпинен және т.б, фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, хлорофос, фосфамид және т.б, сынапорганикалық заттар – гранозан, карбамин қышқылдарының туындылары – севин және басқалары. 2. Биосфераның тұрақтылығы Биосфера тұрақты тәртіпте жұмыс істейтін күрделі экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй ′′′биосфера гомеостазы′′′ деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты: біріші фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері; екінші фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері. Тек ондаған, мыңдаған жылдардан соң ′′үшінші фактор′′ - адам факторы пайда болды. Бұл фактор биосфераны едәуір өзгертті. Адамның арқасында жасанды суқоймалар, орасан зор ауыл шаруашылық жер келбеті, алып қалалар пайда болды. Эволюция нәтижесі Эволюция нәтижесінде фотосинтездейтін ағзалар бастапқыда балдырлар, соңынан өсімдіктер өмірге келді. Өсімдіктер палеозой дәуірінде бар болғаны 400 млн жыл шамасында құрлыққа шықты. Жасыл өсімдіктердің пайда болуы биосферада алғашқы төңкеріс жасады, ол литосфераны толық өзгертті. Өйткені өсімдіктердің әсерінен литосферада топырақ қабаты түзілді. Жер бетінде тіршіліктің барынша өркендеуі мезозой (бор, юра, триас кезеңдері) дәуірінде жүзеге асты. Ол дәуір бұдан 200 млн жылға жуық бұрын басталды. Бұл уақытта бүкіл жер бетінде үйектік мұз болған жоқ, бұған үйектік (полярный) шеңберде тас көмір кенінің болуы дәлел болады. Бұл кезде жер бетінде іс жүзінде тропиктік және субтропиктік климат үстемдік етті, бұған атмосферадағы көмірқышқыл газ мөлшерінің көптігі себепкер болды. Көктемелі кәсердің (парниковый эффект) және ылғалдың көп мөлшерде болуынан қырықжапырақ, қырықбуын, қылшабуын тәрізді өсімдіктердің биіктігі көпқабатты үйлердің биіктігіне жетті. Өсімдіктекті қоректердің орасан көп мөлшерде болуынан шөппен қоректенетін ірі жануарлар - динозаврлардың пайда болуына жағдай туғызды. Динозаврлардың дене тұрқы 30 метрден астам болып, массасы 50 тоннаға дейін жетті. Атап айтқанда бұл кез атмосферадан көмірқышқыл газды тұтынушылардың көбеюімен және көмір мен көмірсутектің (мұнай газы) жинақталуымен сипатталады. Осылардың барлығы көктемелік әсерді кемітіп, жердің салқындау дәуірі басталды. Динозаврлар дәуірінің соңы бұдан 65 млн жыл бұрын Американың орталық ауданында орасан зор астероид құлауы нәтижесінде Мексика шығанағы түзілді. Бұл жиһандық тұңғыш экологиялық апат болды. Астероидтың жерге соғылуы нәтижесінде көтерілген шаң мен түтіннен күннің беті бірнеше жыл көлегейленіп, ауаның салқындауы салдарынан динозаврлардың жұмыртқалары қатып калды. Динозаврларды баласын тірілей туатын жануарлар алмастырды. Бұлар денесін түк басқан, баласын сүтпен асырайтын сүтқоректі жануарлар еді. Кайнозой дәуірі басталды. Ең алғаш адамтәріздес тіршілік иесі Африкада бұдан 2,5 млн жыл бұрын пайда болғанымен, адам от жағып, отты меңгерудің арқасында, тек осыдан 40 мың жыл бұрын ғана табиғаттан бөлініп шықты. (Орасан қалың күл қабаты бар алау сілемінің және жануарлардың күйген сүйектерінің табылуы синантроптардың бұдан 300 млн жыл бұрын отты сақтауды ғана емес, жағуды да білгенін айғақтайды.) Адам жаратылуының қоғамдық форма ретінде алғашқы өркениеті тек 10 мың жылға жуық бұрын ғана бастапқыда Мысырда, Месопотамияда, Қытайда және Үндістанда пайда болды. Ноосфера Адам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфераны және жердің сыртқы қабығын билеп алды. Сөйтіп ноосфера жер тереңінен де, одан тысқарыға да құлашын жайды. Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компаненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы. 3.Мониторинг – бұл қоршаған табиғи орта жағдайларының антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруін бақылау, бағалау, болжау жүйесі. Бұл термин БҰҰ – ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясында 1972 жылы пайда болды. Мониторингтебиосфераның жағдайы геофизикалық, физикалық – географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Оның ғаламдық, аумақтық, жергілікті түрлері бар. Мониторинг жүргізу нысандарына атмосфера, атмосфералық жауын – шашын, жер беті және жер асты сулары, мұхит пен теңіздер,климаттық жүйені құрушылар жатады. Бақылау нысандарына қарай атмосфера, ауа, гидросфера, топырақ, климат, сейсмикалық мониторинг түрлері ұйымдастырылады. Әсер ету факторлары мониторингіне – түрлі химиялық ластаушылар, табиғи және физикалық факторлар (сәуле, күн радиациясы, шу, діріл) жатады. Ластау көздерінің мониторингі тұрақты ластау көздерін (зауыттардың мұржалары), көліктерді, кеңістіктерді (қала, химиялық заттар енгізілетін егістіктер) қамтиды. Химиялық мониторинг – биосфера нысандарындағы химиялық ластауыш заттарды бақылайтын, олардың таралуын зерттейтін жүйе. Физикалық мониторинг – физиалық процестер мен құбылыстардың (тасқыны, жанартау атқылауы, жер сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы) қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бақылау жүргізу жүйесі. Биологиялық мониторинг – қоршаған ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен тіршілігін биоиндикаторлардың көмегімен зерттеу жүйесі. Экобиохимиялық мониторинг –айналадағы ортаның екі құрамдас – химиялық және биологиялықбөлігін бақылауға негізделген. Қашықтық мониторинг – зерттейтін нысандары барлауға және тәжірибелік мәліметтерді жазып алуға арналған радиометриялық құралдар қолданылатын авиациялық, ғарыштық мониторинг. Билет №16 Date: 2016-06-09; view: 1694; Нарушение авторских прав |