Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шумақтық фильтрация жылдамдығын (ШФЖ) анықтау





Шумақтық фильтрация жылдамдығы (ШФЖ) мен бүйректің қан сарысуы ағысы бүйректің экскреторлы қызметін сипаттайтын басты көрсеткіштерге жатады. Қан сарысуы ағысты есептеуге оңай фильтрацияланып, түтікшелерде реабсорбцияға ұшырамайтын парааминогиппур қышқылын қолдануға болады. Күнделікті жұмыста қолданылмайды. Соңғы кездері радиобелсенді заттар (131 I – гиппуран) қолданысқа ие. ШФЖ анықтау клиренсті өлшеуге негізделген. Кез келген заттың клиренсі деп, белгілі бір уақыт ішінде (мин) осы заттан толығымен тазаланатын қан сарысуы көлемін айтады. Реабсорбция мен секрецияға ұшырамай, тек фильтрация арқылы бөлінетін зат ШФЖ өлшеу үшін дөп көрсеткіш болып табылады. Бұндай затқа инулин жатады. Инулин клиренсін есептеп, нақты ШФЖ анықтауға болады (алтын стандарт). Алайда бұл әдіс қымбат әрі инвазивті болғандықтан, күнделікті тәжірибеде қолданылмайды. Күнделікті жұмыста белгілі бір уақыт ішінде (тәулік, 2 сағ) жинаған несеп көлеміндегі зәр шығару жылдамдығын (мл/мин) анықтап, эндогенді креатинин клиренсін есептейді (Ккр).

 

 

Uкр x V

Ккр= _________________, мұнда Uкр және Pкр = зәр мен қандағы креатинин концентрациясы

Pкр V – минуттық диурез.

 

Бұл сынаманы өткізуге қойылатын талапқа қалдық несеп көлемін елемес үшін белгілі бір уақыт ішінде (2-3сағ немесе тәулік) жиналған несептің жеткілікті мөлшерде болуы, яғни минуттық диурез көлемі 1,5-2мл/мин аз болмауы жатады. Зәр шығару жүйеснде несе тұрып қалуымен сипатталатын урологиялық патологиясы бар науқастарда нәтиже бұрыс болады.

Креатининнің біраз бөлігі бүйрек түтікшелерімен секрецияланатындықтан, креатинин клиренсі арқылы есептелетін ШФЖ деңгейі көтеріңкі болып келеді. Жиі техникалық қателіктер (бояғыш заттардың несепкем әсері) мен несепті нақты жинау ыңғайсыздығына байланысты бұл әдіс қолданыста сиреп бара жатыр.

Соңғы 10 жылда шумақтық фильтрация жылдамдығын бүкіл әлем Шварц формуласы арқылы балаларда және Кокрофт-Голт формуласымен ересектерде анықтайды. Бұл есептелетін әдістер әсіресе амбулаторлы жағдайларда және созылмалы бүйрек ауруы бар науқаста бүйректің қызметін динамикалық бақылау үшін өте ыңғайлы болып табылады (сурет.7).

Шварц формуласы:

 

40* х бой (см)

ШФЖ= _____________________________________

сарысулық. креатинин (мкмоль/л)

 

* - Коэффициент «40» жасқа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін (кесте 6)

 

Кесте 6. ШФЖ есептегенде коэффициенттің бала жасына тәуелділігі

Возраст Креатинин коэффициенті:
мкмоль/л мг/дл
Жаңа туған сәбилер 33-40 0,45
Препубертатты период 38-48 0,55
Постпубертатты период 48-62 0,7 (мальчики)

 

 

Кокрофт-Голт формуласы:

 

(140-жас (ж)) х салмақ (кг) х коэффициент (еркектерге-1,23, әйелдерге-1,05).

ШФЖ = _____________________________________________________________________________________________________

сарысулық. креатинин (мкмоль/л)

 

Бұл формулаларды қатты азғанда (бұлшықет массасының айқын төмендеуінде) және диспропорциялық кішкентай бойлы науқастарға қолдануға болмайды. Кокрофт-Голт формуласын жасы мен дене салмағын ескере отырып, 12 жастан төмен балаларға қолданбайды. Соған қарамастан, формулалар созылмалы үдемелі бүйрек ауруы бар науқастарда ШФЖ динамикасын бағалауға өте ыңғайлы, әрі тек креатинин деңгейін анықтаумен салыстырғанда бүйрек қызметін нақтырақ сипаттайтын зерттеу әдістеріне жатады. Тек СБА терминалды сатыларын бұл формулалармен есептегенде қателіктер анықталады.

 

 


 
ШФЖ анықтау маңыздылығы

Сурет 7 ШФЖ анықтау маңыздылығын көрсетеді. Креатинин деңгейі сарысуда бір деңгейде бола тұра, әйел адамда ШФЖ айқын төмендеген, ал бұлшықеті жақсы дамыған атлетте қалыпты болып табылады.


Кейбір жағдайларда қолданылатын ШФЖ анықтаудың басқа да әдістері бар (цистатин С, радиоизотопты әдістер, MDRD 1 және 2 есептейтін әдісі т.б.).

Қалыпты жағдайда ШФЖ 90-130 мл/мин тең. Жаңа туған нәрестелерде ШФЖ төмен (20-30мл/мин), 4-апталық жастан асқанда 70 мл/мин дейін көтеріліп, бір жасқа толар кезде ересектер көрсеткішімен теңеседі (кесте 7).

Кесте 7. Жасқа байланысты сарысудағы креатинин, цистатин С және шумақтық фильтрация жыдамдығының (ШФЖ) көрсеткіштері (өз зертханаңызда анықтау тәсілн біліп, өз көрсеткіштеріңізді құраңыз). (Filler G. с соавт., Clin Chem. (1997) 43:1077-1078 бойынша)

Жасы Креатинин Цистатин С, мг/л ШФЖ, мл/мин/1.73м2
мкмоль/л мг/дл
3 күн 80-130 0,8-1,5 1.2-2,4 20-30
7 күн 30-40 0,4-0,6 1.0-2,2 20-30
1 ай – 1 жас 25-40 0,4-0,6 0.8-1.6 70-100
2-8 жас 40-60 0,5-0,7 0.6-1.4 90-130
9-18 жас 50-80 0,6-0,9 0.6-1.4 90-130

 

Date: 2016-02-19; view: 2890; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию