Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Несеп микроскопиясы





Несеп микроскопиясы эритроцитурияны гемо,- миоглобинуриядан ажыратуға көмектеседі. Гематурия – бүйрек ауруларына тән жиі симптом, көптеген қатерлі (гломерулонефрит) және қатерсіз (балалар гематуриясы) ауруларда кездеседі. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер жоқ немесе саны көру аймағында 3-5 аспауы қажет.

Мектеп жасындағы балаларда асимптоматикалық микрогематурия таралуы 0.5-2.0% тең (қыздарда ұлдардан жиірек), ал макрогематурия – 0.13%. несепті мокроскопиялау кезінде фазалық-контрастты микроскоп арқылы эритроциттерді бүйректік енмесе глоиерулярлы (дисморфты) және постреналды (өзгермеген) түрлеріне ажырату қажет. Тәжірибелі нефролог жарықтық микроскопты 400 есе үлкейту арқылы да дисморфты эритроциттерді анықтай алады. Дисморфты эритроциттерді тереңдетіп топтарға бөліп ажырату қымбатшылдығына байланысты сирек өткізіледі (сурет 3,4,5). Акантоциттердің, яғни Шнуллер жасушаларының анықталуы, сөзсіз гломерулярлық зақымдалуды көрсетеді.

Сурет 3. (↑) Несептегіэритроциттердің сызбанұсқасы Сурет 4. (→) Әртүрлі микроскоптармен несеп тұнбасын зерттеу

 

 

Сурет.5. Әртұрлі эритроциттердің электронды микроскопиясы.

Гломерулярлы гематурия дисморфты эритроциттердің жеткілікті мөлшерінде қойылады (мыс. 200 эр/мл). несеп тұнбасында эритроцитарлы цилиндрлердің аныфқталуы шумақтық зақымдалуды көрсетіп, тек түсініксіз жағдайларда ғана ары қарай зерттеуді қажет етеді. Аддис әдісімен тәуліктік зәрде жасушаларды сандық анықтау ыңғайсыз, зәр жинау қателіктері мен жасушалардың өзіндік (спонтанды) бұзылуына байланысты ақпараттылығы да аз болып келеді.

Зәр шығару жүйесінің бактериялық жұқпасының (ЗЖЖ) басты көрсеткішіне лейкоцитурия жатады. Алайда, кез-келген лейкоцитурия бактериялық ЗЖЖ көрсеткішіне жатпайды. Мысалға, нефролитиаз немесе тубуло-интерстициалды нефрит кезінде стерилді лейкоцитурия кездеседі. Ал кандидозды немесе аденовирусты ЗЖЖ лейкоцитурия болмауы да мүмкін. Қазіргі таңда лейкоцитурияны санауға Нечипоренко әдісі қолданылмайды, себебі зәр жиналатын уақыт есептелмейтіндіктен ол сандық әдіске жатқызылмайды және жалпы несеп талдауымен салыстырғанда ешбір артықшылығы жоқ.

Несепті микроскопиялау кезінле дейкоциттерді морфологиялық ажыратуға болады (мыс. эозинофилдер при интерстициалды нефритте). Несеп тұнбасында подоциттер мен боумен қапшығының праиеталды жасушаларын анықтауға электронды микроскоппен арнайы жабдықталған зертхана қажет.

Нефролитиазда зәрде кальций, цистин және оксалаттардың тәліктік экскрециясын анықтаған абзал. Тұз кристаллдарын микроскоппен ажырату маңызды емес. Б актериурияда микробиологиялық зерттеу арқылы микроорганизмдердің қасиеті мен саны жайында нақты ақпарат алуға болады. Бактериурия дәрежесін Гоулд әдісімен анықтайды. 1 мл зәрде 105 м.г. және одан жоғары бактериурия диагностикалық маңызға ие. Несеп тұнбасында саңырауқұлақтарды анықтау кандидозды ЗЖЖ диагнозын қоюға негіз болып табылады.

Цилиндрлер. Гиалинды цилиндрлер бүйрек түтікшелерінде Тамм-Хорсфалл белогынан түзіледі. Сілтілі ортада тез еріп, қалыпты несеп тұнбасында да кездесуі мүмкін. Диуретикалық дәрілерді қабылдағанда, дене қызуының көтерілуі мен физикалық жүктемеде олардың саны өскенімен, орасан зор көбеюі бүйрек патологиясына тән. Несепте түйіршікті және жасушалық цилиндрлердің кездесуі бүйрек паренхимасындағы патологиялық өзгерістерді сипаттайды. Эритроцитарлы цилиндрлер шумақ зақымдалуына тән (гломерулонефрит) болса, лейкоцитарлы цилиндлердің кездесуі жедел пиелонефритті сипаттайды.

Протеинурияда гиалинді цилиндрлер саны көбейеді. Жүйелі қызыл жегіде несеп тұнбасына жасушалар мен цилиндлердің көптігіне байланысты «телескоптық» сипат тән. «Майлы» цилиндрлер нефриттік синдромда, ал «шырақтәрізділері» (восковидные) созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде кездеседі (бұйрек түтікшелері кеңеюінен түзіледі).

 

 

2. Қан талдаулары

 







Date: 2016-02-19; view: 1883; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию