Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бүйрек ауруларының клиникалық симптоматикасы
Анамнез. Анамнездік мәліметтерді жинауғаерекше мән бөлу қажет. Науқаста протеинурия, нефротикалық синдром және бүйрек патологиясының басқа көріністеріне себепкер болуы мүмкін артериялық гипертензия, қант диабеті, өкпе құрты, қатерлі ісік, жүйелі немесе созылмалы іріңді ацурулардың барын анықтау қажет. Жұқпалы аурулардың көбі (стрептококк, вирусты гепатит т.б.) бүйрек ауруларының ізашары болып немесе олардың ағымын асқындыруы мүмкін. Қабылдаған дәрілік заттар мен балалардың егу кестесін, шарап, наша қолдануы мен аллергиялық реакциялардың болғанын біліп алу қажет. Жанұялық анамнезді зерттеу тұқым қуалайтын аурулардың (бүйректің поликистозды ауруы, Альпорт синдромы т.б.) диагностикасына көмектесе алады. Соңына келсек, науқасты емдеу тактикасын әрі қарай құрастыру үшін аурудың бұрынғы клиникалық, зертханалық белгілеріне және емдеу кезінде ұшыраған өзгерістеріне мұқият талдау өткізу қажет. Шағымдары. Науқастар жиі жалпы таралған шағым келтіреді (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дімкәстік) де бүйрек ауруы ұзақ уақыт бойы анықталмайды. Ауру сезімі бүйрек ауруларына әрқашан да тән емес. Әдетте ауру сезімі зәр шығару жолдарының обструкциясына (конкремент, қан ұйындысы немесе некрозды массалар) тән. Бүйректің жұқпалы ауруынан немесе торсылдақ (киста) түзілуінен бүйрек капсуласының созылуы да ауру сезімін шақырады. Бұл жағдайларда әдетте бүйрек мөлшерінің ұлғаюы анықталады. Шапқа берілетін белдегі ұстамалы ауру сезімі нефролитиаз, бүйрек инфаркты, бүйрек веналарының тромбозы, апостематозды нефрит пен паранефрит белгісі болуы мүмкін. Іш аймағының ауруы нефротикалық криз, периодты ауру мен жүйелі аурулар кезіндегі (геморрагиялық васкулит) енфропатияларда байқалады. Қуық немесе уретрадағы қабынулық жұқпалы аурулар зәр сындыру бұзылысы (дизурия) мен кіші дәретке ауру сезімді жалған шақырулар туғызуы мүмкін. Жедел пиелонефритке, әсіресе балаларда, интоксикация сипатындағы жалпы белгіер мен кейде бел немесе іш аймағындағы ауру сезімі тән. Сонымен, іш немесе белдің ауру сезімі – кең таралған, көптеген бүйректен тыс ауруларда кездесетін бейспецицификалық белгі. Ал бүйрек аурулары тек бүйректің зақымдалуымен көрінеді деген ұғым қате болып табылады. Науқасты зерттеу. Қазіргі таңда ішкі аурулар саласында нерологияның маңызы тереңдей түсуде. Науқасты толық клиникалық зерттеуден өткізу қажет. Оған жалпы және физикалық даму деңгейін, жүрек-қан тамыр, сүйек-бұлшықет жүйелерінің жағдайын, тері жамылғыларының түсі мен сипатын (стриялар) бағалау кіреді. Шеткері ісінулерді анықтап, артериялық қан қысымының деңгейі мен көз түбінің жағдайын бағалайды. Іш және бел аймағын қарап, пальпация өткізгенде ауру сезімін шақыратын нүктелер мен домбығуларға назар аудару қажет. Нефрологиялық науқастарда ревматикалық және неврологиялық белгілердің кезлесу мүмкіндігін әрқашан есте сақтаған жөн. Жұқпалы эндокардитте қақпақшалы аппарат зақымдалуы бүйрек дертінің себебі болуы мүмкін. Қан тамырлардағы шудың болуы немесе пульсация анықталмауы бүйрек тамырларының зақымдалуын көрсетуі мүмкін. Бүйрек мөлшері ұлғайғанда, поликистоз ауруы мен нефроптозда бүйректі пальпациялауға болады. Ісінулер. Шеткері ісінулер көзге көрініп, немесе басқан кезде шұңқыр түзілуі арқылы анықталады (тобы, балтыр немесе басқа аймақтарда). Жайылған қуыстық ісінулер құрсақ қуысында (асцит), плевра (гидроторакс) немесе жүрек қапшығында (гидроперикард) сұйықтық болуымен анықталады. Балалар мен ересектер ағзасының сұйықпен қанығу деңгейін күнделікті салмақты, артериялық қысымды өлшеу, гипер,-гиповолемия белгілерін анықтау арқылы бағалауға болады. Артериялық гипертензия (АГ) – бүйрек зақымдалуына тән ең маңызды белгілердің бірі. Соңғы нұсқауларға сәйкес, 3 жастан асқан балаларға артериялық қысымды жылына 1 рет, ал бүйрек ауруы немесе даму қаупі болса ертерек әрі жиірек өлшеу қажет. АГ анықтау үшін артериялық қысымның адам жасына сай қалыпты деңгейін біліп, қысымды бір рет өлшеп қана қоймай, оның тәуліктік мониторингін өткізу қажет.12 жасқа дейін қысым деңгейі жынысқа тәуелі емес, ал жыныстық даму кезінде (препубертат) ер балаларда жоғарырақ болады. Ересектерде систолалық қысымның – 120мм с.б.б., диастолалық – 80 мм с.б.б төмен болуы қалыпты артериялық қысым деп саналады. Түнгі артериялық қысым күндізгіден кем дегенде 10% төмен болуы шарт. Балалардағы АГ – сол жас пен жыныстағы артериялық қысымның 95% перцентилінен жоғары болуы (қосымша.1). 90-95% перцентиль арасындағы артериялық қысымды «жоғары қалыпты» немесе «прегипертензия» деп атайды. Ересектерде қысым 120/80-140-90 мм с.б.б. арасында, болса «прегипертензия», ал 140/90 мм с.б.б. асқанда АГ диагнозы қойылады. Несептің көлемі мен сыртқы сипаты. Несептің сыртқы сипаты мен поли,-олигурияны анықтау қажет. Протеинурияға несептің қатты көпіршіктенуі тән. Жұқпалы енесеп түсі лайлы, иісі жағымсыз болады. Гематурия кезінде несеп түсі қызыл (тастар, ісіктер), күңгірт (гемоглобинурия, миоглобинурия) немесе «ет жуындысы» тәрізді (гломерулонефприт) болуы мүмкін. Тұрақты гематурия шумақтық зақымдалуға тән, ал үздікті болуы – урологиялық зақымдалуларда кездеседі. Несеп шығару түтігінен қан кеткенде «үш стакандық» әдісте тек бірінші бөліктегі несеп боялса, қуықта немесе аталық безде орналасқан қан ағуда соңғы стакан боялады. Кейбір зат аламасу өнімдері, дәрілік заттар мен метаболизм өнімдері несеп түсін өзгерте алатындығын есте сақтау қажет (мыс.: нитрофуран – қызыл-сары, урат – қызғылт). Клиникалық симптомдар спектрі пбүйрек ауруларында аз және бейспецификалық болып келеді. Кейбір ауруларға айқын белгілер тән, мыс. Көзге көрінетін гематурия (макрогематурия), бүйректік шаншу немесе жедел анурия. Сонымен қатар, бүйректің қатерлі аурулары айқын белгі бермей де өрши беруі мүмкін. Туа біткен бүйрек аурулары бар балалар анемия, ергежейлік, сүйек деформацияларына байланысты гематолог, эндокринолог, ортопед қарауында ұзақ бақылануы мүмкін. (кесте. 1).
Кесте 1. балалардағы бүйрек ауруларының клиникалық белгілері
Өмірлік тәжірибе бүйрек ауруы бар науқастарға диагноз қоюдың қиындығын көрсетеді. Нефрологияда диагностикалаудың алғашқы кезеңдерінде ауруларды жіктеуге арналған бірнеше клиникалық синдромдарды жіктеуге болады. (табл. 2).
Кесте2. Бүйрек ауруларының клиникалық синдромдары (Дж. А. Витворт, Дж. Р. Лоренс бойынша, 2000)
* - «созылмалы бүйрек жетіспеушілігі» термині «созылмалы бүйрек ауруы» терминімен қатар қолданылады..
Бір синдром бірнеше түрлі ауруардың клиникалық көрінісі болуы мүмкіндігін есте ұстаған жөн. Кейбір жағдайларда аурудың клиникалық көрінісін бір синдроммен ұштастыру қиын. Соған қарамастан, жас дәрігер үшін сәйкес клиникалық және лабораторлы белнгілер арқылы басты клиникалық синдромды анықтау қажет (синромдар мен олардың патогенезі оқулықтар мен қолжазбаларда, авторлар редакциясындағы оқу нұсқаулықтарында сипатталады). Сосын қажетті қосымша зерттеу әдістері арқылы бүйрек ауруы бар науқастың диагнозы қойылады. Бүйрек ақауы бар науқаста қосымша бүйректің функционалды сатысы анықталады. Соңғы жылдары халықаралық тәжірибеге «созылмалы бүйрек ауруы» (СБА) термині енгізілген. Бұл диагнозды уақыт өте терминалды бүйрек жетіспеушілігі мен склерозға алып келетін созылмалы ағымдағы бүйрек ауруы бар науқасқа қояды. Уақтылы емдеу мен бүйрек жетіспеушілігінің үдеуіне жол бермеу үшін бұл үрдістерді мұқият бақылау қажет. Осы себептен, бүйрек ауруы бар науқаста диагнозына байланыссыз үнемі шумақтық фильтрация жылдамдығы (ШФЖ), яғни, СБА сатысы анықталу қажет. (табл.3).
Кесте 3. Созылмалы бүйрек ауруларының сатылары
Кез-келген мамандықтағы дәрігер тәжірибесінде аталған жіктелуді қолдану маңыздылығы: Важность применения данной классификации в практике любого врача заключается в следующем: - бүйрек аурулары жиі жасырын түрде өтіп, тек терминалды бүйрек жетіспеушілігінде (5 саты) анықталады; - термин «СБА» термині үдеп жатқан созылмалы бүйрек ауруын бір нозологияға тән айқын клиникалық белгілер дамымай тұрып, ерте сатыларда анықтауға мүмкіндік береді; - СБА кезінде диагнозына байланыссыз бүйректегі склероз үрдістерін тежейтін фармакологиялық мүмкіндік пайда болды (негізгі ауруын емдеумен қатар қолданады). Сонымен, бүйрек ауруы бар науқасқа бағытталған зертханалық және аспаптық әдістерді қолданбай, диагноз қою мүмкін емес.
Date: 2016-02-19; view: 3684; Нарушение авторских прав |