Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мазмұны. Бүйрек ауруларын зерттеу әдістеріСтр 1 из 11Следующая ⇒
Бүйрек ауруларын зерттеу әдістері
(ЖОО-ға арналған оқу нұсқаулығы)
Алматы, 2009ж.
Әдістемелік нұсқаулар С.Ж Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор Ә. Б. Қанатбаева, асс. м.ғ.к. Қ. А. Кабулбаев, асс. м.ғ.к. Ә. Е. Наушабаевамен құрастырылған Қазақ тіліне аударғандар: профессор Ә. Б. Қанатбаева, асс. Карибаев Е. А, асс. Бәміш М..
Рецензенттер: Профессор Ш. Г. Исаева, ҚазҰМУ жанұялық медицина кафедрасының меңгерушісі.
Профессор А. Ш. Ибраева, Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ҒО директор орынбасары.
Бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеуде зерттеу әдістерін мақсатты қолдану орасан зор маңызға ие. Арнайы нефрология мен гемодиализ бөлімшелерінің сәтті жұмыс істеуі дәлелдемелі медицинаға негізделген, науқастарға жаңа заманғы диагностикалық зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндігіне байланысты. Соңғы 20 жыл ішінде нефрологияның зерттеу әдістері елеулі өзгерістерге ұшыраған. Ескі әдістер қарапайымдалып, стандартталған. Көбінесе қолжетімді жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа зерттеу әдістерін қолданысқа енгізу үшін білікті дәрігер олардың принциптері мен көрсетілімдерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін де бағалай білуі тиіс. Зерттеу әдісін таңдау кезінде оның ақпараттылығы, қауіпсіздігі және бағасы зор маңызға ие.. Оқу нұсқаулығы ЖОО студенттеріне, интерндерге, нефрологтар мен урологтарға арналған. Сонымен қатар нұсқаулықта бүйрек ауруы бар науқасты кездестіретін терапевт, педиатр, жанұялық және басқа мамандықтағы дәрігерлерге қызықты әрі қолайлы жаңа ақпарат бар.
Мазмұны
· Зәр талдауы……………………..............…………………………..………......……… 6 · Қан талдауы……………………………..............…………………..………….....….. 12
Бүйрек ауруларын уақтылы әрі нақты анықтау үшін қарапайым зәр және қан талдауларымен қатар, арнайы биохимиялық, иммунологиялық, морфологиялық, генетикалық зерттеу әдістері қажет. Бірқатар зерттеу түрі (ангиография, радионуклидті әдістер т.б.) арнайы құрал-жабдықты қажет етеді. Нақты диагноз қою үшін біренше зерттеудің тізбегін өткізіп, нәтижелерін тіркеп қана қоймай, әр науқасқа арналған диагностикалық концепция құрастыру қажет. Зерттеу әдісін таңдауда жаңалығын, ақпараттылығын, қауіпсіздігі мен бағасын ескеру қажет. әрбір жеке жағдайда зерттеу әдістерін сатылы жүзеге асыру мен алгоритмдерді қолдану сырқат аныталуын едәір тездетіп, жеңілдетеді. Нефрологиялық науқасты зерттеу жоспары диагностиканың синдромалды-нозологиялық принципіне негізделген. Осы орайда қолданылатын сызбанұсқа:: · Басты синдромды анықтау · Ажырату диагностикасын өткізу арқылы нозологиялық негізін анықтау · Бүйрек қызметін бағалау (ауру басында және динамикалық бақылау кезінде)
Date: 2016-02-19; view: 1525; Нарушение авторских прав |