Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аспаптық зерттеу әдістері





Бүйрек ауруларын диагностикалауда аспаптық зерттеу әдістері кең ауқымда қолданылады. Оларға келесі визуализациялық зерттеу әдістері жатады:

  1. Ультрадыбыстық зерттеулер;
  2. Рентгенологиялық әдістер (көктамырлы немесе экскреторлы урография, ретроградты пиелоуретерография, компьютерлік томография, ангиография, цистография);
  3. Радионуклидті зерттеулер (радиоизотопты ренография, динамикалық және статикалық нефросцинтиграфия, радиоизотопты урофлоуметрия);
  4. Магниттік-резонансты зерттеулер.

 

Бүйрек аурулары бар нақастардың бәріне міндетті түрде бүйректің және несеп шығару жолдарының ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) өткізілу қажет. УДЗ арқылы бүйрек өлшемдерін (кесте 10), формасын, орналасуы мен құрылымдық өзгерістерін, яғни, тас, (нефроуролитиаз), торсылдақ, қатерлі ісік, туберкулез ошақтарын анықтап, қабыну үрдістеріндегі бүйрек паренхимасының эхогендігі өзгергенін, обструктивті ауруларда табақша-тостағанша жүйесінің кеңеюін және бүйрек дамуының туа біткен ақауларын анықтауға болады. Диагнозды нақтылау үшін УДЗ нәтижесін клиникалық-зертханалық зерттеу және басқа визуалдаушы әдістер нәтижелерімен салыстыру қажет.

Кесте 10. Жасқа байланысты бүйрек өлшемдері.

Бала жасы Ұзындығы (см) Ені (см)
Жаңа туған нәресте 4.2 2.2
5 ай 5.5 3.1
1 жас 7.0 3.7
5 жас 7.9 4.2
11 жас 9.8 4.5
15 жас 10.7 5.0
Ересек 10-12 4 – 5.5

 

Бүйрек қан тамырларының допплерографиясы бүйрек артериялары мен көктамырларындағы қанағыс жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу әдісі артериялық гипертензиясы бар науқастарға және трансплантат дисфункциясының себебін анықтауда көрсетілген.

Микциялық цистоуретрография балаларда ерекше маңызға ие қуық-несепағар рефлюксін анықтауда қолданылады. Қуық-несепағар рефлюксінің қосымша белгісіне УД зерттеуде зәр шығару жолдарының кеңеюі жатады. Цистографиялық зерттеу әдісі де қуық пен несепағардың анатомиялық және функционалды жағдайын көрсетеді.

Экскреторлы (көктамырлық) урография (сур.8) рентген-контрастты дәрілердің нефротоксикалық қасиеті мен контрастпен зерттеудің жаңа әдістерінің шығуына байланысты (МРТ) кейінгі кезде қолданылуы едәуір шектелген. Бұл әдіс бүйректің анатомиялық және функционалды жағдайы мен уродинамиканы бағалауға мүмкіндік береді. Бүйректің УДЗ зәр шығару жолдарындағы тастарға, ісіктерге және несеп шығару жүйесінің туа біткен ақауларына күдіктенгенде қолданылады. Зерттеу жалпы шолу рентген-суреттен басталып, көктамырға контраст енгізгеннен кейін рентген суреттер сериясын түсірумен жалғасады. Зерттеуді қолдануға қарсы көрсетімге бүйрек жетіспеушілігі, бауырдың ауыр зақымдалуы мен йодқа аса жоғарғы сезімталдылықтың болуы жатады. Көктамырлық пиелографияны айқын протеинурияда (>2 г/л), сусыздануда (дегидратация), артериялық гипертония мен қант диабетінде қолдану өте қауіпті.

 


Сурет 8. Интрареналды рефлюкс     Экскреторлы цистоуретрограмма. Несеп шығару жолдарының рецидивті жұқпалы қабынуы бар 4-жасар қыз. Бүйректің 2 жағында да тостағаншалары мен интрареналды паренхимасына рефлюкс көрінеді. (сызықшалар)  

 

Компьютерлік томография, ретроградты пиелография және бүйрек ангиографиясы көрсетімдеоге байланысты өткізіледі (бүйрек ісіктері, туберкулезі, тамыр ақаулары т.б.). Визуалды зерттеу әдісін таңдағанда ақпараттылығын, жанама әсерлері мен бағасын салыстыру қажет. Әлемде радионуклидті зерттеу әдістері кең ауқымда қолданылады. 99Тс DMSA арқылы нефросцинтиграфия өткізгенде қабыну ошақтарын (жедел пиелонефрит, сурет 9) және қуық-несепағар рефлюксі (рефлюкс-нефропатия) бар балаларда бүйрек паренхимасының әжімделуін (тыртық) анықтауға болады.

 

  Сурет 9.99Тс DMSA арқылынефросцинтиграфия   Оң бүйректегі жедел пиелонефрит. Жоғарғы және төменгі полюстарда үлкен ақаулар көрінеді (оң жақтағы сурет). Сонымен қатар, сол бүйректің екі полюсында да кіші-гірім ақаулар көрінеді. Осылайша, клиникалық оң жақты пиелнефрит екі жақты болып шықты.  

 

Бұл зерттеу әдістері зәр шығару жолдарында стенозды анықтауға, уродинамиканы бағалап, оң және сол бүйректі салыстыруға көмектеседі. Қуықтан кейінгі орналасқан стенозға күдік туса, қосымша қуық катетеризацияланады. Қуық пен несеағарлардың жағдайын бақылап, қуықтағы түзілістерді анықтауға (уретероцеле, конкремент, бөтен дене, дивертикул, полип) цистоскопия әдісі қолданылады. Урофлоуметрия әдісі арқылы кіші дәрет сындырғанда зәрдің көлемдік ағу жылдамдығы графикалық сипатта бейнеленіп, детрузордың тонусы, жиырылу күші және уретра өтімділігі бағаланады.

Магнитті-ядролық резонанс (сурет.10). инвазивті емес, ақпаратты, қарқынды дамып келе жатқан салыстырмалы жаңа әдіске жатады. Әдістің артықшылығына бүйрек, іш құрсақ мүшелері мен ішастар сырты кеңістігінің әртүрлі проекцияларда нақты суретін алу мүмкіндігі жатады. Оған қоса қантамырларды көруге болады. Сәулелік жүктеме жоқтығы және қарсы көсетулердің тар спектрі бұл әдісті қолдану тиімділігін молайтады..

Сурет10. Магнитті-ядролық резонанс.

Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы. А: аортаның стандартты ангиограммасы сол және оң бүйрек сағасында орналасқан стенозды анықтады (сызықшалар).

Б: стандартты ЯМР-ангиограмма арқылы да осы өзгерістер анықталады (сызықшалар).

 

Date: 2016-02-19; view: 5813; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию