Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иммунологиялық әдістер
Терминалды бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың 1/3 бөлігінде ауру себебіне иммунды-белсенген бүйрек ауруы немесе жүйелі аурулар жатады. Иммунологиялық зерттеу әдістері 8 кестеде келтірілген.
Кесте 8. Бүйрек ауруларындағы қанды иммунологиялық зерттеу әдістері
Комплемент жүйесінің жағдайы қан сарысуындағы жалпы гемолиздік белсенділік (СН50) және С3 пен С4 концентрацияларын анықтау арқылы бағаланады. Басқа компоненттерді анықтау тек С3 пен С4 мөлщері қалыпты бола тұрып, СН50 деңгейінің төмендеуінде көрсетілген. С4 мөлшерінің төмендеуі комплемент жүйесі дәстүрлі сипатта, ал С3 азаюы комплемент жүйесінің альтернативті механизм арқылы белсенгенін көрсетеді. Жедел жұқпадан кейінгі гломерулонефритке С3 пен С4 төмендеуімен өтетін қос механизмнің де белсенуі тән, алайда бұл өзгерістер өтпелі сипатта болады. Егер гипокомплементемия ұзақ сақталса, қосымша зерттеу әдістерін өткізу қажет. Мембрано-пролиферативті ГН II типіне («тығыз депозиттармен») С3 деңгейінің төмендеуі мен С3-нефриттік фактор анықталуы тән. Комплемент концентрациясын анықтау жүйелі қызыл жегіде, бактериялық эндокардит пен жүрекше-қарыншалық шунттың қабынулық жұқпалы ауруында көрсетілген. (кесте 9). Кесте 9. Бүйрек ауруларында комплементті зерттеу маңыздылығы (50-90 мг/дл)
Иммуноглобулиндер. IgA нефропатиясы мен оның жүйелі түрі (Шенлейн-Генох ауруы) бар науқастардың 50% қан сарысуында IgA жоғарылауы тән. Мардымсыз (минималды) өзгерістермен өтетін нефротикалық синдромы бар науқастардың бір бөлігінде жалпы IgЕ деңгейінің жоғарылауы байқалатындықтан, аурудың генезінде аллергиялық реакцияны болжауға болады. Көптік миелома, амилоидоз бен аралас криоглобулинемияда парапротеинемия анықталады. Иммунды кешендердің сандық мөлшерін анықтау бүйрек ауруларында аса маңызды емес. Криоглобулиндер – төменгі температурада тұнба түзетін иммунды кешендер. Олар криоглобулинемиямен өтетін жүйелі ауруларды анықтауға қажет(эссенциалды, екіншілік). Аутоантиденелер. Жүйелі қызыл жегіде (ЖҚЖ) көп мөлшерде саналуан аутоантиденелер анықталады. Нефрологиялық салада әдетте антинуклеарлы фактор және ДНҚ қос өріміне (спираль) қарсы антиденелерді (70%) анықтайды. Жүйелі васкулиттерге антинейтрофилді цитоплазмалық антиденелердің табылуы тән (АНЦА, қалыпты <10 U/l). АНЦА (АNCA) 2 түрге бөлінеді: p-ANCA – микроскопиялық полиартериит, Чарга-Стросс синдромы, Шенлейн-Генох васкулитінде анықталса; c-ANCA –Вегенер гранулематозына тән. Гломерулярлы базалды мембранаға қарсы антиденелер (anti-GBM-antibody) тез үдемелі гломерулонефритті (экстракапиллярлы) туғызатын себептердің бірін, атап айтқанда Гудпасчер синдромын анықтауда маңызды болады.
Date: 2016-02-19; view: 1711; Нарушение авторских прав |