Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет «АстМУ» АҚ-тың жұмысқа орналастыру моделі





Университеттің түлектерді жұмысқа орналастыру моделіне келесідей сұрақтар бойынша мамандардың кешенді (кәсіби, құқықтық, психологиялық) кеңес көмек алу үшін негізгі үш бағдарламаны жүзеге асыру кіреді:

- Жұмыс іздеу технологиясы: өзін-өзі таныстыру машықтарын өндеу; түйіндеме, жолдама хат, нұсқау хат жазу ережелері; жұмыс берушімен телефон арқылы келіссөздер жүргізу техникасы және т.б.;

- Еңбек қатынастарын рәсімдеу: үшжақты шарттарды жасау; әлеуметтік пакетті ұсыну (қызметкерлерге кепілдемелер және өтемақылар, тұрғын үй); еңбекті нормалау және еңбек ақысын төлеу және т.б.;

- Жұмысқа орналастыру, еңбек нарығында өзін-өзі билеу, еңбек карьерасын дамыту сұрақтары бойынша түлектерді психологиялық даярлау.

Кейбір түлектер өздігінен жұмысқа орналасу құқығын иеленеді (жас мамандардың кейбір категорияларына жеңілдік беру негізінде; ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Білім беру грантын беру ережесі» туралы №58 қаулысы; «АстМУ» АҚ ректорымен бекітілген «Түлектерді орналастыру бойынша комиссия туралы» ережесі АстМУ-Е-03).

Университеттің түлектерін жұмысқа орналастыру таңдалған мамандықтың бейіні бойынша студенттердің тәжірибесін қаланың түрлі ЕПҰ-да нақты жұмыс орындарында факультеттер мен кафедралардың мақсаттық бағытталған жұмысын ұйымдастыруға негізделген. Бұл студенттерге Университетте алған білімдері мен машықтарын көрсетуге және университетті аяқтағаннан кейін осы ұйымдарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

2013 жылы жиналған статистикалық ақпарат әлеуметтік серіктестер мен жалпы қоғамның ЖОО-ның жұмысымен қанағаттанушылығы тұрақты түрде жағымды екенін көрсетеді. Сондай-ақ, тұтынушылардың мамандармен қанағаттанушылығының дәлелі ретінде ақылы негізінде университетке қабылданған студенттердің санының жыл сайынғы өсімі көрсетеді.

ЖОО-ның жұмыс берушілермен ынтымақтастығының негізгі формалары денсаулық сақтау жүйесінің мамандарын даярлау туралы үшжақты шарттар жасауы. «АстМУ» АҚ университеттің түлектеріне деген жұмыс берушілердің сұранысын зерттейді және жұмыс берушілерге, әсіресе оқу ақысын төлеуге мүмкіндіктері жоқ студенттермен үшжақты шартжасауға мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелердің кең ғылыми және клиникалық кадрлық әлеуетке ие Университетпен ынтымақтастық жасауға мүдделілігіне байланысты жыл сайын клиникалық базалар тізімі кеңеюде.

Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жыл бойына жүргізіледі:

- Университеттің студенттері мен түлектерінің мәліметтері (персонификация) базасы құрылады;

- Жұмысқа орналастыру бойынша маманды, Университет заңгерін жұмылдыру арқылы жұмысты іздеу және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша түлектерге кеңес беру, оларды сәтті жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін еңбек нарығы туралы ақпараттар беру жұмысы жүргізіледі;

- Жұмыс берушілермен серіктестік қатынастар орнату: жұмыс берушілермен, басқа да ЖОО-мен, жұмыспен қамту орталықтарымен, әкімшілікпен өзара қарым-қатынас жасауды үйлестіру (ақпараттық, мақсаттық, ынтымақтастық, семинарлар, конференциялар, байқаулар);


- Денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары медициналық білімі бар кадрларға сұранысын зерттеу бойынша жұмыс жүргізіледі;

- Тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарының пікірлерін талдау;

- ҚР БҒМ, ДСМ-мен және әкімдіктермен жұмысқа орналастыру және түлектердің жұмыс берушілерге дейін жету сұрақтары бойынша хат алмасу;

- Жұмыс берішілер сұранымдары бойынша кадрларды іріктеу жүргізіледі;

- ЖОО-ның түлектерінің білім сапасымен қанағаттануы туралы сауалнамалар нәтижелері бойынша жұмыс берішілердің талаптарына сәйкес басшылық үшін нұсқаулар жасау.

Түлектер «Вакансиялар жәрмеңкесіне» дейін сұраныспен танысу және алдын ала үшжақты шарттар жасасу.

Түлектерді персоналды бөлу бойынша қажетті барлық ұйымдастырушы, даярлық жұмыстар оқу жылы бойына жүргізіледі, содан кейін жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды есеп дайындалады.

Оқуды бітіргеннен кейін бөлуге сәйкес жұмысқа жіберу туралы бағыт құжаты беріледі.

Стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында «АстМУ» АҚББ дамытуға қатысатын стейкхолдерлер үшін құндылықтарды қалыптастыру барысында түрлі деңгейдегі серіктестер және жабдықтаушылар ретіндегі кәсіпқойлармен берік қатынастар орнатып, дамытады, сондай-ақ басымдықтарды анықтап, олармен қарым-қатынас дамытудың сценарийін әзірлейді. «АстМУ» АҚ

өздерінің серіктестері мен жабдықтаушыларын саралайды, топтастырады, олармен қатынастарды тиімді басқару үшін процестердің сәйкес саясаты мен көрсеткіштерін жасайды, ЖОО-ның бизнес-процестеріне («АстМУ» АҚменеджменттің интеграцияланған жүйесінің процестік моделі туралы ереже» АстМУ-Е-30 қараңыз), сондай-ақ өздерінің қызметтері бағыттары бойынша жоспарларғасәйкес сыртқы серіктестердің барлық категорияларымен үйлестірілген жұмысты жүзеге асырады.

ЖОО-да «Серіктестермен өзара әрекеттесу» - АстМУ-УС-30 Университет стандарты әзірленіп құжаттандырылған, өзара қарым-қатынастар сегментіне жауаптылар анықталды. Сонымен қатар серіктестермен өзара қарым-қатынастар ЖОО-ның нормативтік-реттеуші құжаттарында (процестер картасы, Университет стандарттары, жұмыс нұсқаулары, ережелер мен тәртіптер және т.б.) көрсетілген.

ЖОО-ның басшылығы серіктестермен түрлі деңгейлерде өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады. Олар мемлекеттің бірыңғай стратегиялық сызығын орындау және ҚР білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту мен нығайту мақсатында түрлі масштабтағы бірлескен іс-шараларға қатысады. «АстМУ» АҚ-тың ректоры мен проректорлары денсаулық сақтау және білім беру саласындағы менеджерлермен, мемлекеттік басқару органдарымен, университеттер және академиялар ректорларымен, жұмыс берушілермен, ЕПҰ-ның жетекшілерімен стратегиялық өзара байланыстар орнатып, нығайтады.


«АстМУ» АҚ қалыптасқан уақытынан бастап сенімді серіктестердің белгілі бір тобы қалыптасты, олармен қатынас барлық мүдделі тараптардың қосылған құндылықтарына жету үшін басқарылады:

1. стратегиялық серіктестер:

- ҚРЕңбекжәнеәлеуметтікқорғауминистрлігі, Қаржыминистрлігініңмемлекеттікоргандары (орындаушыбилікоргандары (ҚРДСМ, ҚРБҒМ);

- Жұмысберушілер (денсаулықсақтаубасқармалары, АстанақаласыжәнеҚРаймақтарыныңәкімдіктері; Астанақ. жәнеҚРаймақтарыныңЕПҰ; ҒЗИ, ЖОО-лар, ұлттықжәнетрансұлттықкомпаниялар;

- Әлеуеттіталапкерлерменқамтамасызетуші (ортаоқуорындары, медициналықколледждер);

- ЖОО-ныңбілім, ғылымисеріктестері (медициналықжәнемедициналықемес);

- ҒЗИ – ғылыми серіктестер.

2. Қосалқы серіктестер: мемлекеттікоргандар, кәсіподақ ұйымы, жабдықтаушылар, халықаралық серіктестер (жақын және алыс шетел университеттері және ғылыми орталықтары), кәсіби қауымдастықтар, мемлекеттік емес ұйымдар, банктер, қазынашылық органдар.

Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық жаңа құндылықтарды қалыптастыруға, адалдықты және қанағаттанушылықты жоғары деңгейде қамтамасыз етуге анықталып бағдарланған:

- үздіксіз хат алмасу;

- меморандум, шарттар, ынтымақтастықтуралыкелісімдержасау;

- кездесулер, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, съездер және басқа да іс-шараларда ақпараттармен алмасу.

«АстМУ» АҚ өзара тиімді ынтымақтастықты реттейтін ресми құжатқа сүйене отыра денсаулық сақтау секторымен үйлесімді ынтымақтастық жасайды: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2007ж. «Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережелерін бекіту туралы»№302 бұйрығы, «АстМУ» АҚ ректорының 30.07.2009ж. ««АстМУ» АҚ клиникалық базаларының тізімін бекіту туралы»№423 н/қ бұйрығы.


Денсаулық сақтау секторымен сабақтас құрылымдарға денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алуға қатысатын мекемелер, реттеуші органдар кіреді. «АстМУ» АҚ-тың ОПҚ ҚР ДСМ-мен тығыз қызмет етеді. «ҰМХ» АҚ құрамында еншілес кәсіпорын ретінде жұмыс тәжірибесі бола отыра, «АстМУ» АҚ сол уақыттан бастап Холдингтің Республикалық ғылыми орталықтарымен, соның ішінде денсаулық және аурулардың алдын алуға жауап беретін мекемелермен тікелей байланыста болады.

Білім беру сапасын арттыру бойынша серіктестердің пікірін зерттеу үшін ЖОО-ның басшылығымен серіктестер (Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасының директоры және клиникалық базалардың бас дәрістер)ресми түрде Ғылыми кеңес, Қамқоршы кеңес және ҒКК құрамына қосылды. ОПҚ өкілдері денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі комиссиялар құрамына қосылады.ҚР ДСМ бұйрығымен ОПҚ өкілдері денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу комиссияларының құрамына қосылады, облыстың және ҚР бас мамандары тағайындалды.







Date: 2015-11-13; view: 633; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию