Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім беру бағдарламаларының мақсаттары» бөлімінің SWOT-талдауы 2 page
ЖОО-да мамандықтың жұмыс оқу жоспарына жыл сайын оқытудың әр курсы бойынша академиялық күнтізбе жасалынады, мұнда күзгі және көктемгі семестрлердің ұзақтығы, кәсіби практикалардың, демалыстарды, мерекелердің және т.б. күндері көрсетіледі. 2.2.4.«АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша жүзеге асырылатын оқу жоспарының міндетті компоненті бойынша білім бағдарламасының мазмұны ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келеді. ЖОО-да есептік кезеңде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасының әзірленген жұмыс оқу жоспарларының мазмұнына ҚР МЖМБС-на әзірленген және соның негізінде оқыту жүргізілген типтік оқу жоспарларының міндетті компоненттерінің барлық пәндері кіреді. Осылайша, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 2003ж. ҚР МЖМБС 2005 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістергесәйкес ББ бойынша білім алатын тұлғалар міндетті компоненттің 59 пәнін меңгерген, оған 12 әлеуметтік-гуманитарлық пән (оның ішінде 11 – мемлекеттік компонент, 1 – ЖОО компоненті), 9 жаратылыстану пәндері (оның ішінде 8 – мемлекеттік компонент, ал 1 – ЖОО компоненті), 10 жалпы кәсіби пәндер (оның ішінде 8 – мемлекеттік компонент, ал 2 – ЖОО компоненті), 28 арнайы пәндер (оның ішінде 15 – мемлекеттік компонент, ал 13 – ЖОО компоненті) кіреді. ҚР 2009 ж. МЖМБСнегізінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бойынша оқыту міндетті компоненттің 39 пәнін, оның ішінде 15 жалпы білім беретін, 20 негізгі, 4 бейіндеуші пәндерді оқытуды қарастырады. Оқу пәндеріндегі міндетті компоненттер мазмұны ҚР МЖМБСсәйкес қатаң реттеледі және мамандық пәндерінің типтік оқу бағдарламаларында көрсетіледі. 2.2.5. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнында бағдарламаны меңгеру процесінде студент меңгеруге тиіс білімдер, машықтар, дағдылардың болуын қарастырады. Білім беру бағдарламасы пәндердің түрлі циклдерін оқу процесінде білім алушыларға жаңа кәсіби, сондай-ақ ақпараттық және коммуникативтік технологияларды меңгеруге, оларды пайдалану мүмкіндігін түсінуге, дербес шешім қабылдауға үйренуі, мәселелерді шешу мен командада жұмыс жасауға үйренуге мүмкіндік береді. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының бакалавриат ББ құрылымында білім алушыларды кәсіби қызметке даярлау үшін негізгі біліктілікті, интеллектуалдық және академиялық дағдыларды дамытатын түрлі қызмет түрлері, сондай-ақ даярлаудың практикалық құраушылары қарастырылған: -оқу жұмысы (дәрістер, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар, студенттердің өздік жұмыстары, презентациялар және т.б.); -кәсіптік практика өткізу; -студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеру деңгейлері «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін әзірленген студенттің Портфолиосында жазылған және оқытудың нақты сатысына сәйкес құрылымдалған: - Студент машықтың бар екенін біледі (естіді, оқыды); - Студент машықтың қалай жүзеге асырылатынын біледі (көрді); - Студент машықты стандартталған жағдайларда орындайды (зертханаларда); - Студент машықты тікелей бақылау астындажүзеге асырады (оқытушының жетекшілігімен). Студенттің портфолиосын қалыптастыру «АстМУ» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 13 қарашасындағы №38 шешімімен бекітілген «АстМУ» АҚ-тың білім алушыларының портфолиосын қалыптастыру туралы ережесіне АМУ-Е-17-12 сәйкес жасалынады. Өндірістік практикадан өту бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда маңызды компонент болып саналады және білім алушылар үшін кәсіби біліктілікті меңгеруде, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығына әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде маңызды орын алады. Кәсіптік практикалардың мақсаты мен міндеттері оқу процесі барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту, практикалық машықтар мен біліктілікті, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру болып табылады. ҚР 2003 ж. (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС сәйкес«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша есептік кезеңде жүзеге асырылған білім беру бағдарламасы келесідей практикалар түрлерінен тұрады: - «оқу зертханасы лаборантының көмекшісі» өндірістік практикасы (2-семестр); - «коммуналдық гигиена маманы» өндірістік практикасы(8-семестр); - «тамақтану гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (8-семестр); - «балалар және жасөспірімдер гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (8-семестр); - «еңбек гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (10-семестр); - «эпидемиолог» өндірістік практикасы (10-семестр). 2009 ж. ҚР МЖМБС сәйкес«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша есептік кезеңде жүзеге асырылатын ББ келесідей практикалар түрлерінен тұрады: - «оқу зертханасы лаборантының көмекшісі» оқу-өндірістік практикасы (2-семестр); -«микробиологиялық зертхана лаборантының көмекшісі» оқу-өндірістік практикасы (2-семестр); - «радиациялық гигиена маманы» оқу-өндірістік практикасы (6-семестр); - «коммуналдық гигиена маманы» оқу-өндірістік практикасы (8-семестр); - «тамақтану гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (8-семестр); - «балалар және жасөспірімдер гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (8-семестр); - «еңбек гигиенасы маманы» өндірістік практикасы (10-семестр); - «эпидемиолог» өндірістік практикасы (10-семестр). Аталған практикалардың барлық түрлері оқудан тыс уақытта өткізіледі. Практика бағдарламалары оқудың нақты сатысы мен курсына сәйкес құрылымдалған. Осылайша, 1 курстан кейін студент «Оқу зертханасы лаборантының көмекшісі»(15сағат) және «микробиологиялық зертхана лаборантының көмекшісі» (30 сағат) оқу-өндірістік практикасынанөтеді, оның мақсаты студенттердің «Микробиология» пәнін оқу процесінде меңгерілген білімдері мен машықтарын бекіту болып табылады. 3-курстан кейін студенттер«радиациялық гигиена маманы ретінде» өндірістік практикадан өтеді (30 сағат),бұл практика барысында студенттер болашақ кәсіптік қызмет жағдайларымен танысады, радийактивті сәулелену көздерімен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын үйренеді. 4-курстан кейін студенттер үшін оқу-өндірістік практика ұйымдастырылады, одан өту барысында студенттер «Коммуналдық гигиена», «Тамақтану гигиенасы», «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәндерін оқу процесінде меңгерілген білімі мен машықтарын бекітеді және Астана қ. МСЭҚКД базасында санитариялық сараптама өткізудің (75 сағат) ережелерімен танысады. 5-курсты аяқтағаннан кейін студенттер «еңбек гигиенасы маманы» және «эпидемиолог» өндірістік практикасынан (75 сағат) өтеді, практиканы өту мақсаты «еңбек гигиенасы» және «эпидемиология» пәндерін оқу процесі барысында меңгерілген білім мен шеберлікті бекіту, Астана қ. МСЭҚКД базасында ағымдағы және алдын алу санитариялық бақылауды өткізу машықтарын жетілдіру болып табылады. «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 1-курстан кейін өткізілетін кәсіптік практиканы ұйымдастыру гигиеналық пәндер бойынша түлектерді шығаратын кафедраға жүктелген. «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыру «АстМУ» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 15 мамырдағы №16 шешімімен бекітілген «Кәсіптік практика» АМУ-УС-28-12 Университет стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Аталған құжат практиканы жоспарлау және ұйымдастыру, өткізу талаптарын, практиканы өту барысында студентке қойылатын талаптарды, кафедра атынан практика жетекшісінің міндеттерін, мекеменің атынан (практика базалары) практика жетекшісінің міндеттерін, мониторинг, бағаны және практиканы өтуді жетілдіруді реттейді. Сонымен қатар, университет стандарттарының ережелерінде білім алушылардың ата-аналарының тұратын орнына байланысты ЕПҰ кәсіптік практикаларын өту қарастырылған, практиканы аймақтарда өткізу тәртібі жазылған. 2.2.6. 6М110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасында маманның кәсіптік қызметінің пәнаралық сипатымен даярлаудың іргелілігі үйлеседі. ББ мазмұны 6М110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша МЖМБС-ға, жалпы білім беру, базалық, бейіндеуші оқу пәндерінің үлгілік бағдарламаларына сәйкес келеді. Магистранттарды оқыту міндетті және таңдау бойынша компоненттен тұрады. Элективті пәндер оқытудың бағдарына байланысты әзірленеді және жыл сайын қайта қарастырылады. Сағат саны, олардың міндетті пәндермен арақатынасы МЖМБС реттелген және университет ОТ қатаң сақталады. 6М110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары базалық пәндер бойынша 22 кредиттен тұрады, олардың 15 – міндетті компоненттер және 7 – таңдау бойынша компонент. Бейіндеуші пәндер 22 кредиттен тұрады, олардан міндетті компоненттер бойынша – 8 кредит және таңдау компоненті бойынша 14 кредит. Эксперименттік-зерттеу жұмысы 6 кредиттен тұрады, өндірістік практика 5 кредит және қорытынды аттестация 2 кредит. Элективті пәндер каталогы 20-қосымшада берілген. ББ-да аудиториядағы жүктеме мен магистранттың өздік жұмысы арасындағы арақатысы көрсетілген. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушы басшылығымен жүргізілетін магистранттың өздік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ). ОМӨЖ және МӨЖ арақатысы білім және ғылым ұйымдарымен анықталады. Сонымен бірге, ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде ОМӨЖ өздік жұмыстың жалпы көлемінің ¼-нен аз болмау керек. Аудиториядағы жүктеме мен магистранттың өздік жұмысының арақатысы пәнді оқуға бөлінген сағаттардың жалпы санының 1/5 құрайды. Магистратураның ББ-да «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру мазмұнының теориялық және практикалық құраушылары арасында бір мақсатты арақатынас орнатылады. Ғылыми және педагогикалық даярлық кезінде магистранттар ең азы 59 кредитті меңгеруі қажет, оның ішінде ең азы 42 кредит теориялық оқу, ең азы 6 кредит практика, ең азы 7 кредит ғылыми-зерттеу жұмыстары. Теориялық оқу міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес ең аз көлемі МЖМБС-пен белгіленеді. Таңдау бойынша пәндер тізімі және кредиттердің сәйкес ең аз көлемі МЖМБС-те белгіленген. Таңдау бойынша пәндер тізімі және кредиттердің сәйкес ең аз көлемі жұмыс берушілер сұранысы мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес МББК деңгейінде АМУ АҚ-пен дербес белгіленеді. ББ ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми басылымдардан және магистерлік диссертацияны жазудан құралады. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны ЖОО-дан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларының негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарымен, бағдарламалармен анықталады. Магистратураның ББ бағдарламасы педагогикалық және зерттеу практикасынан тұрады. Зерттеу практикасының мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады. Практика жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын оқу жұмысының түрлі формаларынан құралады және олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсетеді. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы екі біркелкі компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми. Магистратураның білім беру бағдарламасы білім беру мазмұнын анықтайтын әркелкі жұмыс түрлерінен құралады және олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсетеді. 2.2.7. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы таңдаған мамандығының маңызды бөлімдері бойынша заманауи ғылыми деңгейде білім алушылардың кәсіби біліктіліктерді меңгеруін, аталған сала бойынша үздіксіз жетілдіру тәжірибесін жабдықтауды қарастырады, сондықтан студенттердің тұлғалық өсуіне және тұлғаны болашақ шығармашылық бағытын дамытуға жағдай жасалу қажет. Студенттердің тұлғалық және олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік біліктіліктері «АстМУ» АҚ-та оқытудың барлық кезеңдерінде қалыптастырылады.. Төменгі курстарда (1-2 курстар) тұлғалық қасиеттердің дамуына Қазақстан тарихы, философия, экология, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, психология негіздері, коммуникативтік машықтар, клиникаға кіріспе және т.б. сияқты бірқатар жалпы білім беретін және негізгі пәндерді оқыту мүмкіндік береді. 3-курстан бастап (6-семестр) және оқудың мерзімі аяқталғанға дейін студенттер негізгі клиникалық және бейіндеуші пәндерді оқиды, бұл сабақтар клиникалық кафедраларда (офтальмология, оториноларингология, неврология, визуалдық диагностика, психиатрия, физиатрия, дерматовенерология, балалар аурулары, акушерлік және гинекология және т.б.) өткізіледі. Клиникалық кафедралардың ОПҚ оқыту процесінде аурулармен тікелей қарым-қатынас жасау мысалында этика және деонтологияны, емдеу-профилактикалық мекемелердің түрлі бөлімшелерінде жүріс-тұрыс субординациясын қоса коммуникативтік машықтарды көрсетеді. Студенттерге интеллектуалдық әлеуетін, қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік машықтарын, өзін-өзі әрі қарай дамытуға мүмкіндік беріледі. Білім алушылардың шығармашылық әлеуеті оқу процесінде нақты оқу міндеттерін қою мен шешуге бағытталған өзіндік танымдық қызметін ұйымдастыру кезінде тиімді дамытылады, оқу процесінде науқастарға жетекшілік ету, клиникалық, ситуациялық міндеттерді шешу, рентгенограммды оқи білу, таңғы конференцияларға баяндамаларды дайындау және т.б. жатады. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін, ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу үшін олардың әлеуметтік-психологиялық біліктілігін дамыту үшін, Университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қосу үшін, жоғары медициналық білім бар мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшін және нарықтық экономика жағдайында олардың сұранысын қамтамасыз ету үшін ғылыми әлеуетті дамыту үшін жағдай жасау мақсатында «АстМУ» АҚ-та студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ғылыми ойлау және ғылыми зерттеу әдістерінің принциптері «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге бірінші курстан бастап 2006 ж. ҚР МЖМБС міндетті пәндерін оқыту арқылы дарытылады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ студенттердің кафедралар ҒЗЖ қатысуы, өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін жариялау, ғылыми студенттік конференцияларда баяндамалар жасау сияқты оқытудың белсенді формалары кіреді, бұл студентке проблемаларды өз бетінше шешуге мүмкіндік береді және зерттеулерді ұйымдастырудың мақсаттылығын көрсетеді немесе статистикалық талдау жасау үшін ақпараттарды жинаудың басқа әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. «АстМУ» АҚ-та студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру университеттің ректорымен 22.06.2011ж. бекітілген «Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі процестерін басқару» АМУ-УС-7.2/02-11 Университет стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Есептік кезеңде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер университет кафедраларының ғылыми-зерттеу қызметіне белсене қатысты, олардың нәтижелері ЖОО-да жыл сайын ұйымдастырылатын студенттік ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, жарияланады. Есептік кезеңде стоматологилық бейін кафедраларында дайындалған 20 студент аталған конференциларға баяндамаларымен шыққан. Университетпен «Білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру туралы ережесі» (АстМУ АҚ Басқармасының 23.07.2013ж.№28 шешімімен бекітілген) АМУ-Е-71-13 әзірленген, бұл ереже СӨЖ ұйымдастыруда бейресми әдістерді, СӨЖ түрлерінің әр түрін, олардың объективті бағасын және кіру рейтингісінде СӨЖ бағасының үлесі және пәннің қорытынды бағасын енгізуді қарастырады. Есептік кезеңде Университетте тұлғалық дамуы мен студенттерді тәрбиелеуде студенттерді қоғамдық өмірге және тәрбиелік сипаттағы (үйірмелерге, студияларға, спорттық секцияларға бару, КТК, тәлімгерлік сағаттарға, конференцияларға, дөңгеле үстелдерге, пікірталастарға және т.б. қатысу) іс-шараларға белсенді қатыстыруды қарастыратын тәрбие жұмысының жыл сайынғы жоспарын жүзеге асыру жолымен де жетілдірілді. 2.2.8. Негізгі медициналық білім беру бағдарламасы мен практикалық қызмет үшін даярлаудың келесі сатысы арасында тікелей байланыс бар. Жоғары медициналық білім берудің үздіксіздігі бакалавр-магистр-докторант PhD немесе бакалавр-интерн-резидент қарастырылған, мұнда оқудың әрбір келесі сатысы адынғысын толық меңгермеусіз мүмкін емес. «Медициналық-профилактикалық іс» (5+1) мамандығы бойынша білімін аяқтаған түлекке жоғары негізгі медициналық білім туралы диплом беріледі, бұл диплом жалпы тәжірибеде дәрігер-стоматолог ретінде жеке тәжірибелік қызметіне кірісуге немесе білімін резидентура бағыты бойынша жалғастыруға құқық береді. Осылайша, студентті алдағы уақытта өз бетінше оқуға даярлау қамтамасыз етіледі. 2.2.9. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы оқу жұмысының түрлі формаларынан құрылады, олар білімнің мазмұнын, арақатысын, өлшемі мен есебін көрсетеді. Оқу жұмысының көлемін есептеу меңгерілген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Сондай-ақ мұнда жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс жасайды, ол білім алудың алдыңғы деңгейінде меңгерілген кредиттерді есепке алады. 6М110400 «Медициналық-профилактикалық іс» бойынша үлгілік жоспар базалық пәндердің 22 кредитінен тұрады, оның ішінде міндетті компоненттер саны – 15 кредит, таңдау бойынша компонент – 7 кредит. Бейіндеуші пәндер 22 кредитті құрайды, оның ішінде міндетті компонент – 8 кредит, таңдау бойынша компонент – 14 кредит. Эксперименттік зерттеу жұмысы 6 кредит, өндірістік практика 5 кредит және қорытынды аттестация 2 кредитті құрайды. ББ-да аудиториялық жүктеме мен магистранттың өздік жұмысы арасындағы арақатынас белгіленеді. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді: магистранттың оқытушының жетекшілігімен жасайтын өздік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ). ОМӨЖ және МӨЖ арасындағы арақатынас өздік жұмыстың жалпы көлемінде білім және ғылым ұйымдарымен жеке анықталады. Сондай-ақ, ғылыми және педагогикалық даярлықпен ОМӨЖ өздік жұмыстың жалпы көлемінің ¼ аз болмауы керек. Магистранттың өздік жұмысы мен аудиториялық жүктемесінің арақатынасы пәнді оқуға бөлінген сағаттар санының 1/5 құрайды. Ғылыми және педагогикалық даярлықпен магистранттар ең азы 59 кредит жинауы қажет, оның ішінде теориялық оқудан ең азы 42 кредит, практикадан 6 кредит, ғылыми-зерттеу жұмысынан 7 кредит. Теориялық оқыту міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі МЖМБС белгіленеді. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес МББК деңгейінде «АстМУ» Ақ-пен жеке белгіленеді. ББ ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми басылымдардан және магистерлік жұмысты жазудан құралады. Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады, оны білім және ғылым ұйымдары үш форманың бірінде (аралық аттестация/қорытынды бақылау, практика, қорытынды аттестация және демалыс) жеке құрады (семестр 15 аптаны құрайды, триместр 10 апта, квартал 8 апта). Магистратурада оқу тек күндізі оқу нысаны бойынша жүргізіледі. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны ЖОО-дан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт, үлгілік оқу жоспары, бағдарламалар бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарымен, бағдарламалармен анықталады. Магистратураның ББ педагогикалық және зерттеу практикасынан тұрады. Зерттеу практикасының мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады. Практика оқу жоспарында белгіленген мерзімде жеке жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымында өздік жұмысқа аса көңіл бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өздік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ). ОМӨЖ – магистранттың оқытушымен қатынаста жүргізетін аудиториядан тыс жұмысы, ол сабақ кестесінде иіндетті түрде көрсетілуі керек. ОМӨЖ кезінде үй жұмысын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмысын, есептерді және басқа да тапсырмаларды орындау бойынша кеңес беріледі. МӨЖ – магистранттың өз бетімен оқуға берілген тақырыптар бойынша жеке орындайтын аудиториядан тыс жұмысы, ол оқу-әдістемелік әдебиетпен және кеңестермен қамтамасыз етіледі және бақылау жұмысы, колоквиум, реферат, есеп және тапсырманы бақылаудың басқа да түрлері арқылы бақыланып отырады. Магистрант жеке жұмыс жоспарына сәйкес оқытылады, ол оқытудың барлық кезеңіне арналып жасалады. Магистранттың жеке жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады: - жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын анықталып отырады); - ғылыми-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп формасы); - практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп формасы); - негіздемесі және құрылымымен магистерлік диссертация тақырыбы; - магистерлік диссертацияны орындау жоспары; - ғылыми басылымдар жоспары, стажировка (қажет болған жағдайда). Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын білдіретін, олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсететін оқу жұмысының түрлерінен құралады. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы екі біркелкі компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми компонент. Date: 2015-11-13; view: 655; Нарушение авторских прав |