Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім беру бағдарламаларының мақсаттары» бөлімінің SWOT-талдауы 1 page
2 -СТАНДАРТ «БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ» 2.1.1.Университет «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі оқу түрінде кадрларды кәсіби даярлауды жүзеге асырады, оның мазмұны ЖОО-ның миссиясына сәйкес келеді және жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап береді. 2009 жылға дейін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттерге білім беру 3.07.440-2003 ҚР МЖМБС 2005 жылғы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, 2009 оқу жылынан бастап6.08.021-2009ҚР МЖМБС сәйкес жүргізілді. Ережелер стандартары ведомствалық бағыныштылығына және ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына және оқыту формаларына байланыссыз мамандарды даярлауды жүзеге асыратын ҚР жоғары оқу орындарымен ұстануы және қолдануы үшін міндетті. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны аталған білім беру стандарттарына, жалпы білім беретін, негізгі, бейіндеуші оқу пәндерің типтік бағдарламаларына сәйкес келеді (4-қосымша). 5B110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 6.08.021-2009 ҚР МЖМБС сәйкес 2009 жылдан бері білім берілетін стандарт «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» 5.03.001-2004 МЖМБС негізінде әзірленген және кәсіби даярлықты ескере отыра мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін кепілдендіреді, 2.1,2.2- кестелер. Кесте «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша (3.07.438-2003 ҚР МЖМБС білім алушылар контингентін курстар және оқу жылдары бойынша бөлу
2.2.-кесте «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша (6.08.021-2009ҚР МЖМБС)білім алушылар контингентін курстар және оқу жылдары бойынша бөлу
2.1.2.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру келесідей оқу-әдістемелік құжаттар тізімі негізінде жүзеге асырылады - Мамандық бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты; - Мамандық бойынша типтік оқу жоспары; - Мамандық пәндерінің типтік оқу жоспарлары; - Мамандық бойынша оқудың барлық кезеңіне арнап университеттің оқу процесін жоспарлау бөлімі әзірлеген жұмыс оқу жоспары; - Мамандық пәндерін оқытудың жұмыс бағдарламасы; - Өндірістік практиканың жұмыс бағдарламасы. 051103 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығыны бойынша кадрларды даярлау(3.07.440-2003 ҚР МЖМБС 2005ж. енгізілген өзгерістер және қосымшалармен қоса) есептік кезеңде ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының «ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» №2 нұсқаухатының негізінде (Астана,2004) әзірленген оқу-әдістемелік құжатқа сәйкес жүзеге асырылды. Оған мамандықтың барлық пәндерінің жұмыс оқу бағдарламалары, оқытушыларға әдістемелік әзірленімдер, студенттер үшін әдістемелік әзірленімдер, сонымен қатар мамандықтың пәндері бойынша СӨЖ әдістемелік әзірленімдер кіреді. «АстМУ» АҚ-та 5B110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» (бакалавриат) (6.08.021-2009 ҚР МЖМБС) мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу процесін қамтамасыз ететін (6.08.021-2009 ҚР МЖМБС) жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша «ҚР МЖМБС 2006ж. ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында және Университеттердің медицина факультеттері кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу жөніндегі» №6 нұсқаухатпен реттеледі (Астана, 2007) және екі бөлімнен тұрады: - Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК); - Студентке берілетін ақпараттар топтамасы. ПОӘК– ол мамандық пәндерін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін белгілейтін оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы. Есептік кезеңде университеттің кафедраларында мамандық пәндерінің бекітілген типтік оқу бағдарламалары және оқу жұмыс бағдарламалары негізінде мамандықтыңҚР МЖМБС мазмұнына сәйкес білім беру бағдарламасының міндетті компоненті және таңдау компонентінің әр пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендері әзірленген. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы (бакалавриат) бойынша ПОӘК-ке мыналар кіреді: - пән бойынша типтік оқу бағдарламасы (түпнұсқа); - пәнді оқытудың жұмыс бағдарламасы; - кәсіби практика бойынша жұмыс бағдарламасы; - студенттердің практика өту жөнінде әдістемелік әзірленім; - практиканы өткендігі туралы есеп; - силлабус; - дәрістер кешені; - (практикалық, семинар, зертханалық)сабақтардақолданылғанәдістемелікәзірленім; - студенттердіңөздікжұмысынаарналғанәдістемелікәзірленім; - бақылау-өлшеу тәсілдері; - пәнбойыншаоқужәнеәдістемелікқұралдарменжабдықталукартасы. Студентке берілетін ақпараттар топтамасының құрылымы мынадай: студенттің оқу-әдістемелік кешені (СОӘК), 2012-2013 оқу жылынан бастап –Портфолиожәне анықтамалық-жолсілтеуіш. Студенттің оқу-әдістемелік кешені, өз кезегінде, студенттің жеке жоспарынан, элективті пәндер каталогінен, силлабустардан, сабақтарға, СӨЖ және практикаға арналған әдістемелік нұсқаулардан, бақылау-өлшеуіш тәсілдерінен тұрады. Анықтамалық-жолсілтеуіш құрылымы №6 нұсқаухатта көрсетілген. Портфолио ЖОО-да оқудың барлық кезеңдеріндегі студенттің жеке жетістіктері (теориялық білімдержәне практикалық машықтар) деңгейлері туралы мәліметтерден тұрады. 5B110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 6.08.021-2009 ҚР МЖМБС жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау2009 жылдан бері 5 жыл бойына кредиттік жүйе бойынша жүргізіліп келеді (4, 17-қосымша). 5B110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды аяқтаған түлекке ««Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесіндегі жоғары медициналық білім туралы диплом, оқылған пәндер тізімі бағалардың, меңгерілген кредит сандарының, академиялық сағаттар көлемінің көрсетілуімен академиялық анықтама (транскрипт)беріледі. Бакалавриат бойынша оқуын аяқтаған түлек гигиена жөніндегі маман ретінде жеке практикалық қызметке жіберіледі,содан кейін магистратура немесе докторантура бағыттары бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар. Осылайша, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының модельдері оқу процесі кезінде таңдалған мамандық бойынша жұмыстарды дайындай отыра бағытталған жеке оқыту траекториясын жоспарлау және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2.1.3.ҚР 3.07.438-2003(2005ж. енгізілген өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС сәйкес 051103 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесінің көлемі 10747 сағатқа сай келді, оның 8882 сағаты мемлекеттік компонент, 344 сағаты қосымша оқу түрлері, 880 сағат ЖОО компоненті. Орта білім негізінде мамандықты меңгерудің нормативтік мерзімі 6 жылды құрайды. ҚР6.08.021-2009 МЖМБС сәйкес5B110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім бағдарламаларын меңгеру үшін 5 жыл оқудан кейінгі қажетті оқу жүктемесінің көлемі теориялық оқыту 7200 академиялық сағатқа (174 кредит) және кәсіби практика 450 академиялық сағатқа (10 кредит) сай келеді. Бұл жағдайда студент міндетті компонент бойынша 5580 академиялық сағатты (124 кредит) және таңдау компоненті бойынша 1620 академиялық сағатты (36 кредит) меңгеру керек. 2.1.4.Дистанциялық және онлайн оқыту технологияларына сәйкес келетін ББ жоқ. 2.2.1а)ҚР 3.07.440-2003 (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС сәйкес 051103 –«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын меңгеруге келесідей пәндер циклін меңгеру кіреді: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану ғылыми пәндер,жалпы кәсіби пәндер, арнайы пәндер. ҚР 6.08.021-2009 әрекет ететін МЖМБС сәйкес «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы білім бағдарламасы бойынша даярлауға келесідей міндетті пәндер циклі кіреді: жалпы білім беретін, негізгі, бейіндеуші. Пәндердің әрбір циклі мамандықтың бекітілген МЖМБС міндетті және элективті компоненттер пропорциясынан тұрады. Жалпы білім беретін пәндер циклі (міндетті компонент) (ЖМП): Қазақстан тарихы, философия, шет тілі, қазақ (орыс) тілі, информатика, экология, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, бейорганикалық химия, физика, математика, тіршілік қауіпсіздік негіздері, информатика, экология және тұрақты даму, медицина тарихы, медициналық биофизика. Негізгі пәндер циклі (міндетті компонент) (НП): химия, биологиялық химия, фармакология, микробиология,қалыпты физиология, патологиялық физиология, медициналық биология, дезинфекциялық іс негіздерімен эпидемиология, маркетинг және менеджмент негіздері, коммуникативті машықтар, жалпы гигиена, биостатистика, дәлелдемелі медицина негіздері, клиникалық медицинаға кіріспе, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау және т.б. Бейіндеуші пәндер циклі(міндетті компонент) (БП): коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар және жеткіншектер гигиенасы. б) «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ тұтастығы оның мазмұнымен,даярлаудың беріктілігінің, маманның кәсіби қызметінің пәнаралық сипатымен сәйкес келумен анықталады. «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығы бойынша оқу процесі төменгі курстарда студенттермен міндетті фундаментальды пәндерді (жалпы білім беретін, негізгі), жоғары курстарда бейіндеуші пәндерді оқытуға көшуді қарастырады. Осылайша,ҚР 2009 МЖМБС сәйкес «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығы бойыншабілім алушылар 1-2 және 3-курста жалпы білім беретін және негізгі пәндерді, 4-5 курстарда бейіндеуші пәндерді оқиды. Мамандықтың ББ барлық оқу пәндері өзара тығыз байланысты. Пәнаралық байланыс пререквизиттер мен постреквизиттерді ескере отыра, сондай-ақ мамандықтың ерекшелігін ескере отыра әзірленген пәндерді оқытудың жұмыс бағдарламаларымен айқын бақыланып отырады. в) Есептік кезеңде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мамандарды даярлау жүргізілген Жоғары медициналық білім беру стандарттарымен (ҚР 2003 ж. МЖМБС 2005 жылы енгізілген толықтырулар мен енгізулер, ҚР 2006 ж. МЖМБС) аудиторлық жүктеме және студенттің өздік жұмысының арақатынасы анықталды, соған сәйкес нақты пәнді меңгеруге бөлінген академиялық сағаттардың жалпы санынан 2/3 және 1/3 құрайды. Сонымен бірге білім алушы өздік жұмыстың жалпы көлемінің 25-50% оқытушының жетекшілігімен орындайды. г) Есептік кезеңдеҚР 2003 ж. МЖМБС2005ж. енгізілген өзгерістер және қосымшаларғасәйкесжүзеге асырылған «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы 8882 теориялық сағаттан және 316 практикалық даярлау сағатынан тұрды. «АстМУ» АҚ-та 2009 жылдан бастап ҚР2009 ж. МЖМБСсәйкес «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша жүзеге асырылған білім беру бағдарламасы 7200 теориялық сағаттан және 450 практикалық даярлау сағатынан тұрды. д) «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әр түрлі оқу сабақтар түрлерін өткізумен жүзеге асырылады: практикалық, семинар, зертханалық сабақтар, дәрістер, СӨЖ. Практикалық машықтарды үйрену және ОҚКЕ әдісімен әдісімен емтихан тапсыру үшін ЖОО-да «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына арналған бірнешеоқу зертханалары ашылды: технологиялық, токсикологияялық, фармацевтикалық, фармакогнозия зертханасы және санитарлық-гигиеналық.Фармацевтикалық пәндер кафедрасы мен еңбек және коммуналдық гигиена кафедраларының ОПҚ-сы аталған оқу зертханаларында жұмыс жасау үшін жүйеленген оқу-әдістемелік кешенін әзірлеп, енгізді. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің өндірістік практикасы гигиена-мамандарын даярлаудың маңызды буыны, оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Теориялық кафедраларда теориялық білімдер мен машықтарын студенттер өндірістік практика өткен кезде бекітеді. Бұл студенттерді болашақ жұмыс орнына бейімделуге көмектеседі, ұжымда жұмыс жасау машықтарын, этика деонтология ережелерін сақтауды дарытады, негізгі біліктілікті бекітуге, практикалық машықтар және оқитын мамандығы бойынша кәсіби тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді. Оқудың бірінші жылынан бастап өндірістік практикадан өту нәтижесінде жоғары курстарда студенттерде практикалық жұмыс тәжірибесі болады. 1-курс білім алушылары оқудан тыс уақытта лаборант көмекшісі (15 сағат) ретінде оқу-өндірістік практикасынан өтеді, сондай-ақ 4-курста – еңбек гигиенасы маманы, коммуналдық гигиена маманы, тағам гигиенасы маманы ретінде оқу-өндірістік практикасынан өтеді (45 сағат). Кәсіби машықтарды меңгеру үшін 3-5 курстарда өндірістік практикадан өту қарастырылған, олардың көлемі кәсіби практиканың жалпы көлемінің 83% құрайды. «Еңбек гигиенасы» бойынша өндірістік практикаға (ӨП) бөлінетін сағат саны 75 сағат, «Эпидемиология» бойынша ӨП - 75 сағат, «Коммуналдық гигиена» бойынша ӨП – 75 сағат, «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» бойынша ӨП – 75 сағат, «Тағам гигиенасы» бойынша ӨП – 75 сағатты құрайды.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының оқу-өндірістік практикаларының барлығы клиникалық базалардың берілуі туралы шарт жасасқан Астана қ. МСЭҚДепартаменті мен көліктегі МСЭҚД базалары негізінде өткізіледі. Кәсіби практиканың барлық түрлері «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ҚР білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің бақылау-өлшеу құралдарына қойылған талаптарына сәйкес анықталады: оқу жүктемесінің көлемі. Магистратура бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын айқындайтын, олардың арақатынасын, өлшемін, есебін қамтып көрсететін,әр түрлі оқу жұмыс түрлерінен құрылады.Оқу жұмысының еңбек сиымдылығының есебі игерілген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредиттер арқылы өлшенеді. Сонымен бірге білім берудің басқа деңгейлерінде меңгерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе әрекет етеді. 2.2.2. Университеткеоқуға тұлғаларды негізгі жоғары білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу мен қабылдаубойынша, сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламалары, соның ішінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бойынша білім алушы тұлғалардың сапалы контингентін қалыптастыру бойынша компанияларды ұйымдастыру мен өткізу Университеттің келесідей ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады – «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012 ж. №20 шешімімінен бекітілген «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлау процесін басқару» АстМУ-КП-НП-03-12 процесс картасы, «Білім алушыларды іріктеу мен қабылдау процесін басқару» АстМУ-ПК-НП-04-12 процесс картасы және «АстМУА» АҚ ректорымен 5.05.2011ж. бекітілген «Контингентті қалыптастыру» АстМУ-ҚП-7.2.1-11 құжаттандырылған процедурасы. Жоғары оқу орнына дейінгі даярлық процесіне келесідей қызметтер түрлері кіреді: -әлеуетті студенттер және басқа да мүдделі тараптармен кәсіби бағдар беру жұмыстары және басқа да жоғары оқу орнына дейінгі коммуникациялар; -кәсіби білім беру бағдарламалары, соның ішінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бойынша талапкерлерді оқуға түсуге кешенді даярлау бойынша бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру («Биология», «Казақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы», «Математика» пәндері бойынша дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу). С целью управления профориентационной работой в АО «МУА» разработана «АстМУ» АҚ-та бағдар берушілік жұмысты басқару мақсатында «Бағдар беру жұмысы» (Басқарма шешімімен25.08.2012ж.бекітілген, №25 хаттама) АстМУ-ҚП-701-2011 құжаттандаралған процедура әзірленді. Әлеуетті студенттер және басқа да мүдделі тараптармен кәсіби бағдар беру жұмыстары және басқа да жоғары оқу орынына дейінгі коммуникациялареліміздің аймақтарындағы және Астана қаласының орта оқу орындарын аралау бойынша, Университет қабырғаларында жыл бойы жүргізіледі. Студенттер контингентін жоспарлау келесілерге негізделе жүзеге асырылады: - Мамандарға саны және мамандығы бойынша сұранысты болжамдау; - Білім беру саласында орталық орындаушы органдармен белгіленген қабылдау жоспарлары; - Университеттің оқытушы-профессорлар құрамының штаты; - бюджет; - оқупроцесіүшінқажеттібазаныңболуы; - оқудан шығарылған студенттер саны бойынша мәліметтер; - басқаЖОО-данауысқанстуденттерсаныбойыншамәліметтер. Университетте жыл сайын «АстМУ» АҚ-қа әрбір оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау ережелері әзірленеді. Университеттің студенттер қатарына «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бойынша қабылдауоқу тілін көрсету (мемлекеттік, орыс) арқылы ректордың сәйкес бұйрығының негізінде жүзеге асырылады, бекітілген ереже бойыншабарлық студенттермен шарттар жасалынады. 2.2.3.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары «АстМУ» АҚ-та ЖОО Басқармасының 19.06.2012ж. №20 шешімімен бекітілген «Оқу процесін жоспарлау» АстМУ-УС-25-12 Университет стандартына сәйкес мамандықтың типтік оқу жоспары (бұдан әрі - ТОЖ) негізінде жыл сайын оқудың барық мерзіміне әзірленеді. Жұмыс оқу жоспарына мамандықтың атауы, оқыту мерзімі, бітірушінің академиялық дәрежесі және квалификациясы кіреді. ҚР 2009ж. МЖМБС негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарларына міндетті және элективтер бойынша жалпы, негізгі және бейіндеуші пәндер бойынша білім беретін пәндер циклдеріне топтастырылған оқу пәндерінің толық тізімі, практикалардың түрлері мен ұзақтылығы кіреді, оқу пәндерін меңгерудің реттілігін, аудиторлық және өздік жұмыстарына берілген сағаттарды бөлу (білім бағдарламасының әр пәні бойынша бекітілген академиялық сағаттар шегінде), сонымен қатар семестр бойынша үлгерімді бақылау (сараланған сынақ, емтихан, қорытынды аттестаттау) формалары кіреді. Жоспарда жазылған барлық пәндердің коды бар. Кодтау ҚР МЖМБС сәйкес жасалынады. Аталған жоспар оқу пәндерінің жұмыс бағдарламаларын және сабақ кестесін құруға, сондай-ақ оқытушылардың жүктемесін құруға әрекет етеді. Оқу пәндерін оқу жылдары, семестрлар бойынша бөлу пәнді меңгерудің логикалық реттілігі мен бірізділігіне сәйкес келеді, мысалы, негізгі базалық пәндерді 3-курстың 6 семестрінде оқу, 4-5-курстарда (ҚР МЖМБС 2009ж.) бейіндеуші пәндерді оқыту 3 курстың 5 семестрінде биологиялық химия, фармокология, жалпы гигиена, радиациялық гигиена сияқты пререквизит пәндерді оқыту қарастырылған. Есептік кезеңде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ жұмыс оқу жоспарларында бекітілген оқытылатын пәндер мен практикалардың барлық түрлерін оқу жылдары мен семестрлары бойынша тиімді бөлу оқу процесінің қанықтылығына жетуге және студенттердің оқу жүктемесін (36 аудиторлық сағат, аптасына аудиториялық жұмыстан тыс өздік жұмысын есепке ала отыра 54 сағат жүктеме) үйлестіруге, ЖОО-ның кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Date: 2015-11-13; view: 737; Нарушение авторских прав |