Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарихи анықтама





1964 жылдың қазанында Коммунистік партияның Орталық комитетінің және ҚазССР-нің Министрлер Кеңесінің шешімімен Целиноград мемлекеттік медициналық институты құрылды.

1997 жылы институт Казақ Мемлекеттік медицина академиясы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 451 қаулысымен ҚР ДСМ «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қазақ медицина академиясы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.2009 жылдың 6 қаңтарынан бастап «Қазақ медицина академиясы»«АстМУ» АҚ болып қайта құрылды және «ҰМХ» АҚ құрамына кірді. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Университет ҚР ДСМ ведомоствалық бағыныстылығында.

Қазіргі уақытта Университетте 3 негізгі факультеттің құрамындағы 52 кафедра бар. Университетте 5 оқу корпусы, студенттерге арналған 2 жатақхана, сонымен қатар оқу корпустарында 2 асхана және буфет бар.

Университет 2009 жылы мемлекеттік және ғылыми аккредиттеуден, 2010 жылы ұлттық институттық аккредиттеуден сәтті өтті.

2011 жылы Сапа менеджментінің еуропалық қорымен (бұдан әрі–EFQM) «Кемелденуге талпыну», 2012 және 2013 жылдары «Мойындалған кемелдену» деңгейі берілді.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттерді оқыту тек күндізгі оқу бөлімінде жүргізіледі. 2009 жылға дейін оқыту 6 жылға созылған болатын. Оқуын аяқтаған түлек «Эпидемиолог-гигиенист-дәрігер» біліктілігін алады. ҚР МЖМБС 6.08.021-2009 сәйкес 2010 жылдан бастап кредиттік технология бойынша оқыту жүргізіліп келеді. Оқуы аяқталғаннан соң түлектер «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры» дәрежесін иеленеді. Медициналық-профилактикалық іс мамандығының студенттерін оқытуға университеттің 27 кафедрасы жұмылдырылады. Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиена кафедрасы, профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы, эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедралары «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойыншашығарушы кафедраларға жатады.Қазіргі уақытта факультетте «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 157 студент (2014 жылдың 1 қаңтарына) оқиды. Оның 120 – мемлекеттік грант иегерлері, ал қалған 37 – ақылы негізде білім алады.

Алғаш медициналық-профилактикалық факультет құрылған сәттен бастап жылдан жылға оның материалдық-техникалық базасы нығайып, бейінді кафедралардың кадрлық құрамы күшейтіліп келеді.

Профилактикалық медицина кафедрасының ғылыми дәрежелілік көрсеткіші 38,7% құрайды.Кафедраны профилактикалық медицина Академиясының академигі Е.Д.Даленов басқарады.Бұл кафедрада Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті, ҰҒА мен РМҒА академигі, тағамтану бойынша ДДСҰ сарапшылар комитетінің мүшесі, 3 м.ғ.д.-профессор, 7 м.ғ.к.-доцент, 4ассистент, 7 аға оқытушы, 10 оқытушы, 1 аға лаборант, 11 лаборант жұмыс істейді.

Кафедра 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан. Профилактикалық медицина орталығы, Астана қ. № 5 емханасы, Валеокинез академиясы кафедраның клиникалық базасы болып табылады.

Кафедрада 12 оқу бөлмесі, кафедра меңгерушісініңкабинеті,профессор мен доценттің 2 кабинеті, лаборант бөлмесі, ассистенттің 2 бөлмесі, 1 ғылыми зертхана, 4 спорт залы бар.


2010 жылы жалпы гигиена кафедрасының еңбек гигиена курсының негізінде еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиена кафедрасы құрылған. Профессор А.Ж.Шарбаков кафедраның алғаш ұйымдастырушысы және меңгерушісі болған. Кафедраны 2012 жылдан бастап м.ғ.к., доцент Р.К.Сулейменова басқарады. Кафедра №51 оқу корпусының 3-қабатында орналасқан. Кафедрада 5 оқу бөлмесі, кафедра меңгерушісінің кабинеті, профессордың кабинеті, оқытушыларға арналған кабинет бар. 2013 жылы кафедраның мамандандырылған санитариялық-гигиеналық зертханасына арналған жер көлемін қоса есептегенде,оқу базасы айтарлықтай кеңейтілген.Кафедраның ғылыми дәрежелілік көрсеткіші36,8% құрайды.

Штаттағы оқытушылардың 39% ғылыми атаққа ие, ал қалған 81,8% ғылыми дәрежесі бар. 19 қызметкердің 3 медицина ғылымдарының докторы, 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 2 медицина ғылымдарының магистрі болып табылады.

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1967 жылы ұйымдастырылған. 1974 жылға дейін алғаш кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к., доцент В.П.Осипов атқарған.1974 жылдан бастап 1983 жылға дейінкафедраны доцент И.Н. Гнутов басқарған. 1983 жылы ЦММИ Ғылыми Кеңесінің шешімімен кафедраны басқару м.ғ.к. И.Ф.Котляроваға жүктелді. 1988 жылдан бастап 10 жыл бойы шығармашылық ұжымды доцент Е.Н. Колос басқарып келген.1999 жылдың қарашасынан 2013 жылдың қаңтарына дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Г.У. Алшинбаева басқарған, ал 2013 жылдан бастап м.ғ.к., доцент Г.Г.Имамбаева басқарған. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін Ш.А. Кулжанова атқарып келеді.«Астана медицина университеті» АҚэпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында орналасқан (ҚЖАА, Астана қ., Күмісбеков к-сі, 51).Кафедраның қарамағында кафедра меңгерушісінің кабинеті, 12 оқу бөлмесі бар (Қабанбай батыр даңғылы, 29/1, Б блок мекенжайы бойынша орналасқан, «Эпидемиология» пәніне арналған – 6 оқу бөлмесі, Астана қ. Аймақтық ауруханасында орналасқан – 1 оқу бөлмесі, Қорғаныс Министрлігінің госпиталінде орналасқан – 1 оқу бөлмесі және ҚЖАА-да орналасқан – 4 оқу бөлмесі).

2008-2009 жылдары медициналық-профилактикалық факультетінің бірінші студенттері бітіріп шықты. Түлектердің саны 49 болды. Келесі 2009-2010 оқу жылында факультетті 50 адам бітіріп шықты. 2010-2011 жылдары 35 гигиенист-дәрігерлер; 2011-2012 жылдары 20 түлек оқуын сәтті аяқтаған. 5 жылдың ішінде факультетте 154 гигиенист-дәрігерлер даярланған.(17-қосымша).

Медициналық-профилактикалық факультетінің қазіргі әлемдік жетістіктерді білім беру процесіне, ғылым мен тәжірибегеенгізужөнінде көптеген жоспарлары бар.







Date: 2015-11-13; view: 555; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию