Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Астана медицина университеті» АҚ (бұдан әрі – Университет, «АстМУ» АҚ) «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы





Астана медицина университеті» АҚ (бұдан әрі – Университет, «АстМУ» АҚ) «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының жан-жақты, кешенді сараптама өткізу үшін «АстМУ» АҚ Басқарма төрағасы-ректор 2014 жылдың 22 қаңтарындағы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша (бакалавриат) білім беру бағдарламаларына өзін-өзі бағалауды өткізу туралы» №22-н/қ бұйрығын шығарды.

Университеттің өзін-өзі бағалауы келесі нормативтік актілер мен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді:

- 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) «Білім туралы» № 319-III Заңы, 24.10.2011 N 487-IV ҚРөзгерістер мен толықтыруларымен;

- 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспары;

- ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Аккредитациялық органдардың, білім беру аккредитациялық ұйымдардың және білім беру бағдарламаларының Ұлттық реестрлерін енгізу бойынша 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №556 тәртібі мен талаптары;

- Жоғары оқу орындарындағы өзін-өзі бағалау процедурасын ұйымдастыру және өткізу бойынша БСҚА басшылығы;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау процедурасын ұйымдастыру және өткізу бойынша БСҚА басшылығы.

Өзін-өзі бағалауды өткізу жұмысына 34 адам қатысты, олардың ішінде 9 (26%) кандидат дәрежесі бар, 4 (12%) ғылым докторлар.

БСҚА сарапшылары өзін-өзі бағалауды өткізу және есепті дайындау кезінде Университет ұжымына сыртқы байланыс жасауға және кеңес беріп көмектесті.Білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациясына дайындық щеңберінде өзін-өзі бағалауды өткізу кезінде есепті дайындау бойынша жұмыс тобы және Университеттің барлық ұжымы ауқымды жұмыс атқарды: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына өзін-өзі бағалау процедурасын ұйымдастыру және өткізу бойынша БСҚА нұсқауына сәйкес қажетті мәліметтер жиналды, материалдардың мұқият сараптамасы жасалды және олардың мазмұны білім беру бағдарламаларының жүзеге асырудың барлық жақтары көрсетілген, барлық енгізілген ақпарат өзін-өзі бағалау есебінде көрсетілді. Университет қызметінің анализі 2008 жылдан 2013 жыл аралығында SWOT- және ФОНД-талдаулардың әдістерін қолдануымен қатар, жылдық кафедралық және жалпы университеттік есептердің, сауалнамалардың, сонымен қатар Университет қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық материалдарды өңдеуінің статистикалық әдістерінің негізінде жасалған. Білім беру процесінің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, практикалық және материалдық-техникалық базасының өзін-өзі бағалау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері, түлектердің ББ-ны жүзеге асыру мазмұны мен шарттарымен қанағаттануы, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектерінің талап етілуі осы ББ-ны жүзеге асыру щеңберінде соңғы бес жылдың ішінде «АстМУ» АҚ дамуының жағымды динамикасы туралы қорытындыны жасауға жағдай туғызады. Түлектерді дайындау сапасы, профессорлар мен оқытушылар құрамының қазіргі жоғары әлеуеті, ғылыми зерттеулердің деңгейі, негізгі көрсеткіштер бойынша ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету – осы мамандық бойынша ЖОО-ның білім беру, ғылыми, клиникалық және басқа да қызметін жүргізу үшін жеткілікті болып табылады.


«Медициналық-профилактикалық іс» ББ кешенді бағалау нәтижесінде білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – ББ) миссиясы мен мақсатына жетуі, кафедралардың материалдық-техникалық базасы және осы ББ бойынша оқитын студенттердің дамуы бойынша іс-шараларды жоспарлауда әлсіз және мықты тұстары анықталды, ресурстар мен білім беру басымдылықтары қайта бөлінді, жалпы Университет қызметі жақсарды. Барлық факультеттер, кафедралар және құрылымдық бөлімшелерде өзін-өзі бағалау процедурасы ұйымдасқан түрде өтті және Университеттің оқытушылар мен профессорлар құрамы мен оқу-көмекші персоналының басқаруына, тәртібіне, жауапкершілігіне оң әсерін тигізді.

Өзін-өзі бағалауды өткізу барысында Басқарма мүшелерінің жұмыс кездесулері, Ғылыми Кеңес, «Медициналық-профилактикалық іс» - мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының Комитеті (бұдан әрі - МББК), оқу процесін қамтамасыз ететін бөлім қызметкерлері мен студенттерімен бірге факультеттер кеңесі өтті. Осы жиналыстарда «АстМУ» АҚ дамуы мен оқу процесін басқарудың әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар айқындалды.







Date: 2015-11-13; view: 543; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию