Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Білім беру бағдарламаларының мақсаттары» бөлімінің SWOT-талдауы 3 page





Магистратураның білім беру бағдарламасы білім берудің мазмұнын білдіретін, олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсететін оқу жұмысының түрлерінен құралады

Оқу жұмысы көлемінің есебі меңгерілген материал көлемі бойынша анықталады және кредитпен саналады. Сондай-ақ, мұнда білім берудің алдыңғы деңгейінде жиналған кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс жасайды. Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады, оны білім және ғылым ұйымдары үш форманың бірінде (аралық аттестация/қорытынды бақылау, практика, қорытынды аттестация және демалыс) жеке құрады (семестр 15 аптаны құрайды, триместр 10 апта, квартал 8 апта).

Магистратураның білім беру бағдарламасы клесіден тұрады:

- базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқыту;

- кәсіптік практика (педагогикалық және зерттеу);

- магистерлік диссертацияны қоса, ғылыми-зерттеу жұмысын.

Ғылыми және педагогикалық даярлықпен магистранттар ең азы 59 кредит жинауы қажет, оның ішінде теориялық оқудан ең азы 42 кредит, практикадан 6 кредит, ғылыми-зерттеу жұмысынан 7 кредит. Теориялық оқыту міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі МЖМБС белгіленеді. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес МББК деңгейінде «АстМУ» Ақ-пен жеке белгіленеді. ББ ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми басылымдардан және магистерлік жұмысты жазудан құралады.

Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады, оны білім және ғылым ұйымдары үш форманың бірінде (аралық аттестация/қорытынды бақылау, практика, қорытынды аттестация және демалыс) жеке құрады (семестр 15 аптаны құрайды, триместр 10 апта, квартал 8 апта).

- Магистранттың семестр ретінде бүкіл академиялық кезең бойы атқарған аудиториялық жұмысы, аптасына 1 сағаттан бірдей бөлінген;

- Өндірістік және зерттеу практикасы кезеңінде магистранттың оқытушымен бірге атқарған жұмысы;

- Магистранттың дипломдық жұмысты, магистерлік немесе докторлық диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысы;

- Магистранттың мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалу және оны тапсыру бойынша жұмысы.

Педагогикалық және зерттеу практикасын қорытынды бағалау магистранттың есебін сараптау барысында жүргізіледі. Магистранттың әрбір академиялық кезеңнің аяғында шығаратын ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері магистрантпен есеп ретінде ресімделеді.

Түлектердің қорытынды аттестациясы түлек жобасын қорғау формасында оқудың соңғы сатысында жүзеге асырылады. Әрбір пән бойынша емтихан өткізу қарастырылған. Оқудың аяғында магистерлік диссертацияны қорғау өткізіледі.

«АстМУ» АҚ-та емтихандарда аралық және межелік бақылаудың түрлі формалары қолданылатынын есепке алсақ, магистранттардың өз жетістіктерін көрсету мүмкіндігі болады.

Олардың ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға және оқу формаларына тәуелсіз көрсетілген мамандық бойынша мамандардың даярлығын қамтамасыз ететін стандарт ережелерін ҚР жоғары оқу орындарының сақтауы және қолдануы міндет. Әрбір стандарт базалық пәндерді БД және бейіндеуші пәндерді БП қатаң түрде және реттілікпен оқуды қарастырады.


Магистратура мамандығы бойынша «АстМУ» Ақ-пен жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспары, жұмыс оқу жоспарлары таңдау бойынша компонеттерді қоса, ЖОО компонентін есепке ала отырып, көлемі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар саны бойынша МЖМБС талаптарына сәйкес келеді. Жұмыс оқу бағдарламалары кафедраларда, МББК-да талқыланады, ОӘК отырысында білім беру ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды:

- педагогикалық – білім беру ұйымында;

- зерттеу – диссертацияны (жобаны) орындау орны бойынша.

Педагогикалық практика практикалық машықтар мен оқыту әдістемелерін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесін үзбей жүзеге асырыла алады. Мұнда магистранттар бакалавриатта сабақтарды өткізуге тартылады.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетел ғылымының ең жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерімен танысу, эксперименттік деректерді өңдеу және тұспалдау мақсатында жүргізіледі.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде меңгерілген теориялық білімді бекіту, практикалық машықтарды, біліктілікті және білім алатын мамандық бойынша кәсіптік қызмет тәжірибесін, сонымен қатар, озық тәжірибені игеру мақсатында өткізіледі.

Зерттеу/өндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

Педагогикалық практика магистратура ББ міндетті бөлімі болып саналады. Ол білім алушылардың кәсіптік-практикалық даярлығына тікелей бағытталған сабақ түрлерін білдіреді. Практиканың ерекшелігі – ол ғылыми және педагогикалық құраушылардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және олардың әрқайсысы практиканың және есептік құжаттардың мазмұнында көрсетілуі қажет.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетел ғылымының ең жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және тұспалдаумен танысу мақсатында өткізіледі. Практика жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарымен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Практиканы өткізу шеңберінде магистрант ғалымдардың лекцияларына қатысуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысуы, ғылыми жетекшінің басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі қажет.


Білім алудың практикалық бөлімі магистрантпен ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы да жүзеге асырылады. Ғылыми-педагогикалық магистратурада ғылыми-зерттеу жұмысы МЖМБС-ке сәйкес мынадай міндеттерді орындауы қажет:

- магистерлік жұмыс қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келу;

- ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделу;

- ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылу;

- негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

- білімнің сәйкес саласында озық халықаралық тәжірибеге негізделу.

Магистерлік диссертацияны орындауды қоса, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) 11 кредитті құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері әрбір академиялық кезеңнің аяғында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы магистерлік диссертация болып табылады, оны дайындауға 1 кредит бөлінеді. Магистерлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең азы бір басылымда және ғылыми-практика конференциясында бір баяндама жасаумен көрінуі қажет.

ЖОО-дан кейінгі білім беруді жалғастыру мақсатында осы мамандық бойынша оқытудың толық курсынан өткен, «Медицина ғалымдарының магистрі» біліктілігі бар магистранттар PhD-докторантурада оқуын жалғастыра алады.

Элективті курстардың айқын кәсіптік бағыты бар және ол еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Білім алушылардың магистратураны аяқтағаннан кейін практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие болатын мамандық бойынша өзінің жеке білім алу жолын құруға мүмкіндігі бар.

Мамандарды даярлауда оқу процесін жетілдіру мақсатында «АстМУ» АҚ-тың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес оқытудың жаңа формалары мен әдістерін ендіруге аса көңіл бөлінеді. Оқу процесінде озық инновацияларды қолдануды тиімді ұйымдастыру үшін инновациялар технологиялар және қашықтан оқыту орталығы жұмыс жасайды.


Университетте ОӘК және инновациялық технологиялар орталығымен бірлестікте тәжірибе алмасу, ҚР және шетелде жаңа білім беру технологиялары бойынша оқуға барған университеттің оқытушыларының ОПҚ-ны оқыту бойынша ЖОО ішілік семинарлар өткізіледі.

2.2.10.. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына түскен әр курс бойынша жыл сайын жасалынатын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының жұмыс оқу жоспарларының мазмұны мен құрылымы мамандықтың типтік оқу жоспарына сәйкес келеді. Жұмыс оқу жоспарларына жалпы білім беретін, негізгі және бейіндеуші пәндерден басқа таңдау компоненттері кіреді. Таңдау компоненттерінің тізімі университетте жыл сайын әзірленіп бекітілетін пәндердің элективтік каталогіне сәйкес жасалынады.

Білім алушылардың оқу қызметінің еңбексыйымдылығы академиялық сағаттармен есептеледі. Есептік кезеңде ҚР 2003ж. (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС сәйкесбілім алушылар үшін 1 академиялық сағат 40 минутты құрады, қазіргі уақытта әрекет ететін республикалық нормативтік құжатқа (ҚР МЖМБС 2006ж., НХ №6) сәйкес 1 академиялық сағат 1 аудиториялық сағатқа тең – 50 минут дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар.

Білім алушылар үшін оқу жүктемесінің апталық максималды жүктемесі ҚР 2003ж. (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС, ҚР2006ж.МЖМБС сәйкес54 академиялық сағатты құрайды, оның ішінде 36 сағат аудиториялық (2/3),18 сағат СӨЖ (1/3).

«АстМУ» АҚ оқу жылы академиялық кезеңдерге – семестрлерге бөлінеді. ББ 10 семестр (5-жылдық даярлық бойынша) (5-жылдық даярлық бойынша) аралығында оқытуды қарастырады.

Есептік кезеңде білім алушылар үшін оқу семестрінің ұзақтығы ҚР 2003ж. (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) МЖМБС сәйкес 4 семестрден (19 апта) басқа семестрлерде 18 аптаны құрайды. ҚР 2006ж. МЖМБС сәйкес оқу семестрінің ұзақтығы 18 аптаны құрайды. Білім алушыларды физикалық даярлау секцияларда факультативтік сабақтар түрінде өткізіледі.

Міндетті компонент пәндері бойынша аудиториялық сабақтардың түрлері мамандықтың ҚР МЖМБС нұсқауларына және оқытатын кафедралардың таңдау компоненттері бойынша пәндердің типтік бағдарламаларына сәйкес анықталады.

Студенттердің өздік жұмыстарымен (аудиторлықтан тыс жүктеме) аудиторлық сабақтар (дәрістер, практикалық (семинарлық) сабақтар) арасындағы арақатынас мамандықтың ҚР МЖМБС сәйкес реттеледі және 1:3 құрайды.

2.2.11. Элективті пәндер мамандықтың оқу жоспарларына МЖМБСсәйкес таңдалған оқыту траекториясы бойынша даяраду толықтыру, кеңейту және күрделендіру үшін ендіріледі.

Таңдау компоненті (элективті пәндер) бойынша сағаттар саны, олардың міндетті пәндермен арақатынасы ҚР МЖМБС реттеледі. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ типтік оқу жоспарына сәйкес таңдау компонентінің жалпы көлемі бакалавриатта 1620 сағатты құрайды. Жұмыс оқу жоспарларымен оқытудың барлық курстарында элективті пәндерді оқыту қарастырылған (1-5). Элективті пәндер бойынша оқу бағдарламалары жыл сайын кафедралар отырыстарында талқыланып бекітіледі. Кафедралармен элективті пәндерге «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша МББК отырыстарында қарастыру үшін өтінім беріледі, олар қарастырып келесі оқу жылына элективті пәндер тізімін анықтайды және ЖОО-ның Оқу-әдістемелік кеңесі отырысына бекіту үшін ұсынады. Мамандық бойынша элективтердің бекітілген тізілімі келесі оқу жылына Элективті пәндер каталогі (ЭПК) көрсетілген.

Элективті пәндер каталогінде әрбір пәнге (аңдатпа) қысқаша сипаттама беріледі, пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері және мәлімделген кафедра көрсетіледі.

Мамандықтың бекітілген элективтер тізімі офис-тіркеушімен келесі оқу жылына Элективті пәндер каталогіне (ЭПК) жинақталады.

Элективті пәндер каталогі мамандықтың жұмыс оқу жоспарына қосымша ретінде әзірленеді. Мұнда әрбір пәнге қысқаша сипаттама (аңдатпа) беріледі, пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері және өтінім берген кафедра көрсетіледі.

Элективті пәндерге жазылу белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

«АстМУ» АҚ Элективті пәндер каталогін құру «АстМУ» АҚ Басқармасының 12.03.2012ж.№7 шешімімен бекітілген ЖОО әзірленген Элективті пәндер каталогі туралы ережеге АМУ-Е-16-12 сәйкес жүзеге асырылады.

2010-2011 оқу жылына арналған бірінші элективті пәндер каталогі «АстМУ» АҚ-та 2009-2010 оқу жылының сонында ЖОО-да офис-тіркеушілермен әзірленді.

ЭПК кіретін пәндер оқытылатын саланың дамудың өзекті бағыттарын көрсетеді, ұсынылатын элективтер тізімі жылдан жылға көбеюде, бұл оқытудың курстарын арттырумен, қатысатын кафедралар мен олармен ұсынылатын таңдау пәндері (7кесте)санының өскенін көрсетеді. Мысалы, егер 2009-2010 оқу жылында «Стоматология» мамандығы бойынша таңдау компоненті 4 пәнмен (2-курста «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар», «Латынтілі»; 3-курста «Терапиялық стоматологиядағы фантомдық курс», «Ауыз қуысының биологиясы») шектелсе, келесі жылдарда пәндердің баламалы таңдаулары кеңейтілді және 2010-2011, 2011-2012 оқу жылдарында аталған курстар студенттері үшін 8 пәнді құрады. Сонымен қатар мамандықтың ПЭК стоматологиялық қызметтер нарығындағы сұранысқа бағдарланған жаңа пәндерді атап өткен жөн. Осылайша, 2013-2014 оқу жылында жалпы практика стоматолог-интерндер үшін мамандықтар ПЭК кәсіби тартымдылығымен ерекшеленетін және бітірушілерге жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін алғаш рет келесідей пәндер енгізілді: «Эндодонтиядағы қазіргі технологиялар», «Тістерді эстетикалық реставрациялау», «Пародонтология».

Таблица 2.3 Есептік кезеңде оқу жылдары бойынша ұсынылған элективтер саны

Курс Оқу жылдары
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
  - - - - -
  - -     -
  - - -    
  - - - - -
Барлығы - -      

Есептік кезеңде ұсынылған элективті пәндердің тізімі 2.4. кеседе көрсетілген.

Таблица 2.4. 2013-2014 оқу жылының Элективті пәндер каталогіне сәйкес «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының таңдау компоненті бойынша пәндер тізімі

Ұсынылған элективтер атаулары Сағат саны
3курс
  Мектептен тыс мекемелерде иондамайтын радиация және шу факторының балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және жұмыс жасау қабілетіне әсері  
  Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шынықтыру, дем алуын ұйымдастырудың гигиеналық аспектілері  
  Мектептен тыс мекемелердегі жасөспірімдердің тұратын орындары, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық принциптері  
  Денсаулық жағдайын бағалау  
  Валеология  
  Емдеу-профилактикалық тамақтану  
  ПСМП деңгейінде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру  
  Реабилитология  
4курс
  ЕМҰ гигиенасы  
  Балалар мен жасөспірімдердің профилактикалық тамақтануын ұйымдастыру  
  Токсикология  
  Көлік гигиенасы  
  Мемлекеттік санитраиялық-эпидемиологиялық бақылау  
  Зертханалық жұмыс  
  Баллар мен жасөспірімдерге арналған жаздық сауықтыру мекемелері  
  Балалар мен жасөспірімдерді медициналық-санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету  
  Жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық мәселелер  
  Дәстүрлі медицина  
  «Зерттеу әдістері және эпидемиология»  
  «Ішек ауруларын эпидемиологиялық бақылау»  
  «Зооноздық инфекция эпидемиологиясы»  
  «ЕПҰ инфекциялық бақылау»  
  «Тропиктік гельминтоз эпидемиологиясы»  
  «Нейроинфекциялардың эпидемиологиясы»  
  «Вирустық гепатиттер: мәселенің қазіргі жағдайы, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар»  
  «Тропиктік аурулардың эпидемиологиясы»  
  «Инфекциялық аурулар ошақтарын эпидемиологиялық зерттеу әдіснамасы»  

2.2.12. 051103 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім бағдарламасын жүзеге асыру (ҚР 2003ж МЖМБС (2005ж. өзгерістер және қосымшалармен) есептік кезеңде ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының «ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» №2 нұсқаухатының негізінде (Астана,2004) әзірленген оқу-әдістемелік құжатқа сәйкес жүзеге асырылды. Оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығына кіреді:

- мамандықтың барлық пәндерін оқытудың жұмыс жоспарлары;

- оқытушылар үшін әдістемелік нұсқаулар;

- студенттер үшін әдістемелік нұсқаулар;

- мамандықтың пәндері бойынша СӨЖ әдістемелік нұсқаулар.

ҚР МЖМБС 3.07-476-2006 енгізілуіне байланысты 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» (бакалавриат) мамандығының ББ жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша «ҚР МЖМБС 2006ж. ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында және Университеттердің медицина факультеттері кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу жөніндегі» №6 нұсқау хатпен, ал «Стоматология» бағыты бойынша интературада даярлау «ҚР Интернатура бойынша даярлықты жүзеге асыратын медициналық және фармацевтикалық ЖОО және Университеттердің медицина факультеттері кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу жөніндегі» №10 (Астана,2012) нұсқау хатпен реттеледі.

Есептік кезеңде «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін университеттің кафедраларында мамандық пәндерінің міндетті компоненті және таңдау компонентінің әр пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендері әзірленген.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені оқу процесіноқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізі болып табылады және келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

- мамандықтың білім беру бағдарламасында оқу пәнінің орны мен рөлін анықтау;

- білім беру бағдарламасының пәнаралық логикалық байланыстарын жүзеге асыру;

- оқу уақытын оқу сабақтарының тақырыптары мен түрлері бойынша бөлу;

- аудиториялық және аудиториялық тыс уақытта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру;

- студенттердің танымдық және шығармашылық қызметін белсендіру;

- оқу және зерттеу процестерінің өзара байланысын қамтамасыз ету.

ПОӘК құрылымы мен мазмұнына бірыңғай тәртіпті белгілеу үшін ЖОО да «АстМУ» АҚ Басқармасының 02.05.2013ж., №16 шешімімен бекітілген «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар» АМУ-УС-16-13 Университет стандарты әзірленген.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында университеттің ОПҚ жұмыс бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жасайды, ПОӘК сапасын анықтау үшін сараптама жүргізеді.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы (бакалавриат) бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді:

- Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (түпнұсқа);

- Пәнді оқытудың жұмыс бағдарламасы;

- Кәсіби практика бойынша жұмыс бағдарламасы;

- Студенттердің практика өту жөнінде әдістемелік әзірленім;

- Практиканы өткендігі туралы есеп;

- силлабус;

- дәрістер кешені;

- студенттерге арналған (практикалық, семинар, зертханалық) сабақтарда қолданылған әдістемелік әзірленім;

- студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік әзірленім;

- бақылау-өлшеу тәсілдері;

- пән бойынша оқу және әдістемелік құралдар мен жабдықталу картасы.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ПОӘК оқу тілі (мемлекеттік және орыс тілдері) бойынша және оқу жылының басында жасалынады.

Пәннің жұмыс бағдарламасы (ЖБ) жәнекәсіби практиканың жұмыс бағдарламасы (ЖБ) типтік бағдарламасы сәйкес 5 жыл мерзімге (ҚР МЖМБС әрекет ететін кезеңінде) әзірленеді.

Элективті пәннің жұмыс бағдарламасы кафедраның ОПҚ-пен мамандықтың ҚР МЖМБС сәйкес дербес әзірленеді.

Пәннің жұмыс бағдарламасын және кәсіби практиканың жұмыс бағдарламасын әзірлегенде пәннің мазмұны 20% дейін және практикалық сабақтар мен СӨЖ тақырыптары 40% дейін өзгеруі мүмкін.

Пәннің жұмыс бағдарламасын және кәсіби практиканың жұмыс бағдарламасы кафедраның отырысында, «Медициналық-профилактикалық іс» - мамандығы бойынша білім беру бағдарламасыны комитетінің, оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында талқыланады. Пәннің ЖБ - Білім беру қызметі жөніндегі проректормен, кәсіби практиканың ЖБ – Ғылыми және клиникалық қызмет жөніндегі проректормен бекітіледі.







Date: 2015-11-13; view: 752; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.025 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию