Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім беру қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етілуі
«АстМУ» АҚеліміздің басқа да медициналық ЖОО қатарында Медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға белсенді қатысады және еліміздің ЖОО ішінде құқықтық формаларды басқару және ұйымдастыру саласында көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі күні Университет еліміздің медициналық ЖОО ішінде жалғыз акционерлік ЖОО болып табылады, жаңа мәртебе мүмкіндіктерін жүзеге асыруда құнды тәжірибелерге ие. Реформалау үрдісі кезінде нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, корпоративтік басқару (Директорлар кеңесі, Қамқоршы кеңес, Басқарма, корпоративтік басқару кодексі, корпоративтік мәдениет және этика, стратегиялық жоспарды әзірлеу)механизмдері мен принциптерін енгізу бойынша көп жұмыс жасалды. «Астана медицина университеті» АҚ органдары: ü жоғарғы орган - Жалғыз акционер; ü басқару органы - Директорлар кеңесі; ü атқарушы орган – Басқарма; ü бақылаушы орган – Ішкі аудит қызметі. Директорлар кеңесіқұрамына шеттегі ұйымдар басшылары мен өкілдері қатарынан тұлғалар сайланады: басқару органдарының (ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, ҚР ҚМ және т.б.) емдеу-профилактикалық ұйымдарының, «АстМУ» АҚ жалғыз акционері мүдделігіндегі Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру мен олардың міндеттерін орындау үшін қажетті іскерлік немесе салалық ортада сәйкес тәжірибеге, білімге, біліктілік пен позитивтік жетістіктері бар жеке, коммерциялық және банктік және басқа құрылымдардан тұрады. Ағымдағы қызметке басшылық ұжымдық орындаушы орган-Университет Басқармасымен жүзеге асырылады. Университеттің Басқармасын ректор басқарады. Басқарма ҚР заңнама актілері мен Университеттің қызметтік тұлғаларына және басқа да органдарының құзыреттілігіне қатысты Университет жарғысына жатпайтын Университет қызметінің қандайда бір мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. Университеттің қаржылық-шаруашылық бақылау жасау үшін, ішкі бақылау, қауіптерді басқару саласындағы, корпоративтік бақылау саласындағы құжаттарды орындауды бағалау үшін Ішкі аудит қызметі ұйымдастырылды. Университетте Ғылыми кеңес және оқу-әдістемелік кеңес әрекет етеді. Ғылыми кеңес – университетті алқалы басқарудың формасы, оның негізгі мақсаттарының бірі - кәсіби оқу бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру мақсатында ЖОО-ның ОПҚ мен білім алушыларына қажетті жағдайларды жасау. Ғылыми кеңестің төрағасы – Университет ректоры, оның құрамына проректорлар, Университет кафедраларының меңгерушілері кіреді. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік қызметін үйлестіруді алқалы орган – Оқу-әдістемелік кеңес жүзеге асырады, оның төрайымы – білім беру қызметі жөніндегі проректор. «АстМУ» АҚҚазақстан Республикасы заңдарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. «АстМУ» АҚөзінің тауарлық белгісі, фирмалық атауы мен бейнелемесі, үлгілері мен қолдану тәртіптері, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мөртаңбалары, фирмалық баспабеттері мен басқа да реквизиттері бар, олар Директорлар кеңесімен бекітіледі және белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Жарғыға сәйкес ЖОО-ның атауы: қазақ тілінде –Астана Медицина университеті (қысқартылғанда – «АстМУ» АҚ), орыс тілінде – Медицинский университет Астана (қысқартылғанда – АО «МУА»). Ведомствалық бағыныстылығы: Акционерлік қоғам. Мемлекеттік лицензия: 2009 жылғы 31 қаңтарда берілген №0064050АБжоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім қызметін жүзеге асыруға берілген мерзімі шектеусіз лицензия. «АстМУ» АҚ атқарушы органы орналасқан жер: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, №95 үй. Телефон: 53-94-24, Факс:53-94-53, http:www.amu.kz ЖОО-ны тіркеу заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №3183-1901-АҚ В сериялы, тіркеу нөмірі 0364884, 2009 жылғы 12 қаңтардағы берілген куәлік. ЖОО-ның жарғысы: «АстМУ» АҚ, 12.01.2009 ж. №31843-1901-АҚ ЖОО-ның логотипі бар: Оқыту тілі: мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі.
Университте ұйымдастыру-құқықтық қызмет ҚР Конституциясына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР «Білім туралы» Заңына, денсаулық сақтау мен жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіби және қосымша білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құжаттарға, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, ҚР МЖМБС, өзге де нормативтік- құқықтық актілер (қаулылар, бұйрықтар) негізінде құрылады. Университеттің негізгі нормативтік-құқықтық құжаты – Жарғы. Жарғыға сәйкес ЖОО-ның негізгі қызметі ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік дайындауға бағытталған жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру (кәсіптік қайта даярлау және біліктілік арттыру) үшін қажетті жағдайды жасау. Университеттің жергілікті нормативтік актілері: Директорлар кеңесінің шешімі, Басқарма шешімдері, Ғылыми кеңес, ОӘК, ҒКК, МББК, ректордың бұйрықтары, өкімдері. Жарғымен бекітілді: Университтің мақсаттары, міндеттері, білім берудің барлық деңгейлерінің МЖМБС жүзеге асыру міндеттілігі, университет қызметінің негізгі бағыттары, оның құрылымы, басқару тәртібі, қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру, қызметкерлер штатын жасақтау, білім алушылар контингентін құру, білім беру процесіне қатысушылардың міндеттері және т.б. Жарғы кепілдемелері: жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, нанымына қарамастан Қазақстанда тіркелген азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға тең құқық беру. Университет қызметінің негізгі мәні мен мақсаты денсаулық сақтау саласында ғылыми- білім беру қызметі, денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жоғары мамандандырылған медициналық көмек беру, университтің ұйымдық құрылымына сәйкес клиникалық база құру, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық қызмет атқару. Университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелері болып ҚР әрекет ететін заңнамалары және жарғыға сәйкес қызмет ететін– институттар, басқармалар, деканаттар, кафедралар, лабораториялар, бөлімдер, орталықтар табылады. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің білім беру процестерінің түрлі бағыттары бойынша жұмысы жергілікті нормативтік-құқықтық актілермен, университеттің реттеуші ішкі құжаттарымен және ережелерімен реттеледі. Оқытушы мен профессорлар құрамымен әкімшілік құрамының атқарымдық міндеттері қызметтік нұсқаулармен белгіленген. Маңызды нормативтік құжаттар, қызметкерлердің еңбек құқықтарының, еркіндігінің кепілдігін белгілейтін, оларға қолайлы жұмыс жағдайын жасауға кепілдік беретін маңызды құжаттар ұжымдық еңбек шарты, қызметкерлерге арналған Ішкі еңбек тәртібі ережесі, білім алушыларға арналған Ішкі тәртіп ережесі, олар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, онда акционерлік қоғамның қызмет ету спецификасы қарастырылған. Білім алушылар мен Университеттің өзара қарым қатынасын Жарғы, Корпоративтік мәдениет және этика кодексіжәне білім беру қызметін көрсету туралы екіжақты (жұмыс берушімен, әкімдікпен үшжақты) шарттар реттейді, онда алатын білімінің деңгейі, оқу мерзімі, оқуға ақы төлеу мөлшері, өзге де талаптар анықталған. 1-СТАНДАРТ. «БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ» 1.2.1. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі, медициналық-профилактикалық іс кафедраларының құрамына кіреді.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталғанжоғары кәсіби білім, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау. Медициналық-профилактикалық іс бойынша білім беру процесіпәндердің типтік оқу және жұмыс бағдарламалар, тақырыптық-күнтізбелік жоспар, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру туралы МЖМБС,«Білім туралы», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім туралы»заңдар негізінде жасалған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. 040340- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру3.07.438 -2003 МЖМБСнегізінде жүзеге асырылған. «АстМУ» АҚ-та 2010 жылдан бастап «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру ҚР-дың 6.08.021-2009 жаңамемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес басталған. «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ)түлектердің өз бетімен өмір сүруге дайындығын, қоғамдағы заманауи нарықтық өзара қатынастарда нәтижелі кәсіби қызмет көрсететін интеллектуалдық, тұлғалық-жүріс-тұрыс сапаларына қоғамның әлеуметтік мүдделерін ескере отырып жасалынады. «Медициналық-профилактикалық іс» ББ негізгі мақсаттары: - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі үшін тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігінекәсіби және адамгершілігі мол мамандарды даярлау сапасын, бәсекеге қабілетті, инновациялық технологияларды, білімді меңгерген, әлемдік қоғамдастықтың жаһандану жағдайында сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетуге қабілетті, үйлесімді дамыған кәсіп иелерін қамтамасыз ету мақсатында тек үздік студенттерді қабылдауға ұмтылу; - Тұрғындар ауруларын алдын алу мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын түлектерді даярлау; - Денсаулық сақтау саласында инновациялық қызметті ұйымдастыру; - Халық денсаулығынсақтау және ауруларды алдын алу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; - Педагогикалық машықтарды жетілдіруге және жоспарлауға, кейінгі кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолдануға және өмір бойы білімін шыңдауға қажетті құзыретті қалыптастыру. «Медициналық-профилактикалық іс» ББ негізгі міндеттері: - қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық қауіпсіздіксаласында ағымдық және ескертпелі санитариялық қадағалау өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасауға, жұқпалы аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы алдын алу іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қабілетті кадрларды даярлау. 040340- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ББ меңгерудің нормативтік ұзақтылығы 7 жылға созылады: 5жыл (бакалавриат) + 2 жыл (магистратура). 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру процесінің аяқталғандығын білдіретін негізгі критерий болып бакалавр бойыншатеориялық білімнің кем дегенде 7830 (174 кр.) академиялық сағатын меңгеру жатады,ал кәсіби практикада кем дегенде 450 (10 кр.) академиялық сағатты меңгеру қажет. Сондай-ақ студент міндетті компонент бойынша 5580 (124 кр.) академиялық сағатты және таңдау бойынша компоненттің 1620 (36 кр.) академиялық сағатынмеңгеруі тиіс.Қорытынды аттестация – 180 сағат (4 кр.). 5В110400–«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша әрекет ететін жоғары медициналық білім беру стандарттарымамандық аясында білім алушылардаоқу процесіне жауапкершілікті қалыптастыратын, олардың өмірінің барлық кезеңдерінде өз бетінше білім алуына және өмір бойы білімдерін шыңдауға даярлығын қамтамасыз ететін ББ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру модульдік және кредиттік технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беру пәндер циклі медицинаға қатысты мәселелердің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, мәдени ерекшеліктерін түсінуге, дәрігердің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін түсінуге қажетті білім алуға бағытталған.Сондай-ақ аталған цикл медициналық этика мен деонтология принциптеріне негізделген тиімді коммуникативтік қарым-қатынаста болу машықтарын қалыптастыруға бағытталған. Базалық пәндерді оқып үйретудің мақсаты –медициналық-профилактикалық ғылыми білімді меңгеруге және практикалық қызметте оны қолдануға негіз болатын базалық биомедициналық ғылымдар саласында қолданылатын әдістер мен ғылыми құзыреттерді түсіну және ашып көрсету Бейіндеуші пәндер циклі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және кәсіби аспектілерде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру мәселелерін шешуге бағытталған. Сондай-ақ жеке кәсіби қызметте туындаған мәселелерді шешуге қажетті бейінді білім мен машықтарды меңгеруге бағытталған. Қазақстандық білім беру жүйесінің мамандарды көпдеңгейлі бағытта даярлау оқу курстарының мазмұнын сұрыптауда және білім беру бағдарламаларын жасауда жаңа сапалы тәсілді қажет етеді.Бұндай бағдарламалардың қолданыстағы бағдарламалардан басты айырмашылығы – олардың терең педагогикалық және ғылыми дайындыққа ие жоғары және жоғары оқудан кейінгі, ғылыми-зерттеу сектор жүйелеріне бейімделуі. «АстМУ» АҚ жүзеге асыратын Медициналық-профилактикалық іс магистратура бағдарламасы ғылыми-зерттеу процестері мен педагогикалық қызметті түсінудің біртұтас жүйесімен қамтамасыз ету үшін, бүкіл әлемде әмбебап саналатын стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуде заманауи инструментарийді қолдана алуға үйрету үшін жасалған. Магистратура кәсіби білім берудің екінші сатысы бола отырып, бакалавриаттан кейінгі кәсіби білім берудің жалғасы және 6D110400- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсу үшін міндетті саты болып табылады. 1.2.2. Білім берудің жалпы ұлттық мақсаты – ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін қолдануға қабілетті, халық денсаулығын нығайтуға қабілетті, ғылым және тәжірибе жүзінде озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға қабілетті, медициналық жәрдем көрсетуде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті біліктілігіжоғары мамандарды даярлау. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының түлектері қоғамның дамуына өзінің үлесін қосуға, өмір бойы білімін шыңдауға, мемлекеттік және әлемдік қауымдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің құбылмалы жағдайларына бейімделуге дайын болуы тиіс. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беруУниверситеттің 27 кафедрасымен жүзеге асырылады: - Операциялық хирургия мен адам анатомиясы анатомии человека с ОПХ; - Биология; - Еңбек және коммуналдық гигиена; - Клиникаға кіріспе; - Шет тілінде гистология, цитологияжәне эмбриология; - Шетел тілдері; - Эпидемиология және жұқпалы аурулар; - Информатика және математика; - Қазақстан тарихы; - Қазақ тілі; - Медбиофизикажәне ТҚН; - Профессор Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология - менеджментжәне маркетинг; - Неврология, жалпы психология және медициналық психология; - №13 қоғамдық денсаулық сақтау; - №1жалпы дәрігерлік практика; - Жалпы және биологиялық химия; - Жалпы гигиена және экология; - Жалпы фармакология және фармацевтикалық пәндер; - В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология; - Патологиялық анатомия; - Профилактикалықмедицинажәне тағамтану; - Радиобиология, радиациялық медицина; - Орыс тілі және латын тілі; - Құқық негізі және сот медицинасы; - Философияжәнеәлеуметтану; - Физиология. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды аяқтаған бітірушіге «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесіндегі жоғары медициналық білім туралы диплом беріледі. Бакалавриатта оқуын аяқтаған түлек эпидемиология жөнінде маман, коммуналдық гигиена жөнінде маман, балалар және жасөспірімдер гигиенасы жөнінде маман, еңбек гигиенасы жөнінде маман, тағам гигиенасы жөнінде маман, радиациялық гигиена жөнінде маман, вирусология жөнінде маман, паразитология жөнінде маман, бактериология жөнінде маман ретінде жеке тәжірибелік қызметке кірісуге рұқсат етіледі. Денсаулық сақтау бакалаврының магистратура бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар. «Медициналық-профилактикалық іс» (5+2) мамандығы бойынша оқуын аяқтаған түлекке денсаулық сақтау магистрі («Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы саласында) академиялық дәрежесіндегі жоғары медициналық білім туралы диплом беріледі. Сол арқылы түлектерді өмірінің барлық кезеңдерінде келешекте өз бетімен білім алуға дайындауды қамтамасыз етеді. «АстМУ» АҚ-тың мақсаттары мен ББ миссиясы жоғары білікті мамандар ретінде түлектердің академиялық құндылықтары мен кәсіби бағытын, оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін айқындайды. 1.2.3. ББ білім алушыларды критикалық ойлау, білім мен тәжірибені интеграциялауда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау міндеттерін шешудебейіндеуші медициналық-профилактикалық, ғылыми білімді меңгеруге бағыттайды. Аталған ББ негізгі тұтынушылармен талап етіледі. Бұған аталған бағыт бойынша талапкерлердің жоғары конкурсы, жұмыс берушілердің сауалнамаларының нәтижелері, түлектердің талап етілуі, жұмысқа орналастыру көрсеткіштері дәлел бола алады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын аяқтаған Университет түлектері Мемсанэпидқадағалау Басқармалары мен Департаменттеріне, емдеу-профилактикалық ұйымдарға, обаға қарсы станцияға, дезинфекциялық станциялар мен тағы басқа ұйымдарға жұмысқа орналастырылады. «АстМУ» АҚ студенттеріне «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ академиялық құндылығы: - интерактивті режимдегі дәрістер барысында білім алу, семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар барысында дағдыларды бекіту; - кітапханалық қор, лингафондық және компьютерлік класстар, оқу аудиториялары; - пәндерді игеруде пәнаралық тәсілдерді енгізу, аталған мамандықтың оқу жоспарлары үшін негізгі биомедициналық бейіндеуші пәндерді тігінен және көлденеңінен интеграциялау, интеграцияланған бағалаудың ойластырылған әдістерімен қолданатын университеттің студенттерінің және бітірушілерінің білімдері мен машықтарын интеграциялық бағалауды жүргізуді енгізу; - дәлелдемелі медицина принциптерін үйрену, бұл студенттерді нақты жәнесапалы ақпаратты іздеуге, оның құндылық дәрежесіне байланысты саралауға және әрі қарай тәжірибеде, оқытушылық және зерттеу жұмысында тиімді қолдануға, сонымен қатар медицина, гигиена, эпидемиология дәлелдерінің деңгейлерімен, GLP, GCP, GMP, GDPхалықаралық сапа стандарттарымен танысуға үйретеді; -жалпы білім беру, негізгі фундаменталды, бейіндік пәндер бойынша оқу оқу процесінде шетел баспа және электронды оқулықтарды белсенді пайдалану; - коммуникативтік машықтарды жасауды ұйымдастыру; - ақпараттық технологияларды дамыту:оқу процесін автоматтандыру, электронды кітапхана, мультимедиялық презентациялар; - білім алушылардың білімін бағалаудың жаңа технологиясы ретінде тәуелсіз емтихан алу; - түрлі ғылыми қоғамдар, үйірмелер, конференциялар түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы; - халықаралық студенттік алмасуларға, академиялық ұтқырлыққа, шетелдік сынақ өтулерге қатысу және т.б.; - ЖОО-ның өзінің және осы ұйымдардың өкілдерінің басшылығындағы компаниялар мен ұйымдарда тәжірибені ұйымдастыру; - шетел және отандық мамандардың қатысуымен меймандық дәрістер; - әлеуметтік қызметтер (жатақханаларда тұру, тамақтану, тамақтану мен киімге қаржылық қаражатты бөлу); - бос орындар жәрмеңкесін, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша кеңестерді ұйымдастыру; - шетел ЖОО-серіктестерінің студенттері мен оқытушылары үшін мәдени бағдарламалар, жазғы демалысты және бос уақытты өткізуді ұйымдастыру; - ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының зерттеу жобалары мен гранттарды орындау; - Университеттің ОПҚ жариялайтын оқулықтар мен оқу құралдары, ЖОО-ның студенттерге ұсынатын түрлі оқу қорлары мен жабдықтары. Болон поцесі принциптеріне сәйкес Университеттің әрі қарай дамуы халықаралық ынтымақтастықсыз мүмкін емес. ОПҚ және студенттердің академиялық ұтқырлығы шеңберінде стратегиялық серіктестік, бірлескен ғылыми жобалар мен гранттарын орындау жайластырылған. Осылайша, медициналық-профилактикалық іс маманының негізгі міндеттеріне жатады: Өндірістік орта мен қоршаған орта объектілеріне ағымдық және ескертпелі санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру, жұмыс орындарын аттестациялау, кәсіптік сырқаттанғыштықты талдаужәне оған тексеру жүргізу, жұқпалы ауруларға, паразиттік ауруларға, АИТВ/ЖИТС және әлеуметтік маңызды ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру, бақылауға алынған объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау; - Қоғамдық денсаулық сақтау мен мемсанэпидқадағалаудың әртүрлі деңгейінде басқарушылық шешім қабылдау және жасау; - Инновациялық бағдарламалар жасау және оларды жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу; - Нақты ақпаратқа қол жеткізу үшінақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, медициналық жәрдем көрсету сапасын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық желісіндегі жұмыс тиімділігін арттыру. - денсаулық сақтау саласында менеджмент және маркетинг принциптерін қолдану; - үздіксіз кәсіби даму үшін өзінің кәсіби қызметінде білім мен машықтарды жетілдіру. «АстМУ» АҚ даму миссиясы мен мақсаттарына сәйкес білім беруде көрсетілетін қызметті дамыту саласында негізгі тіреу – өз біліктілігі аясында жоғары білікті маманды шығару. Медициналық ЖОО-ның «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттің оқуының негізгі нәтижелерінің бірі халыққа медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті білім, икемділік және машықтарын меңгеру. Университетке түскеннен кейін студенттк топтар құрылады, әр топтп көшбасшы, ұйымдастырушы ретінде шығатын, топты біріктіруге көмектесетін, корпоративтік рух, бірлік сезімін, құрметтеу мен шыдамдылықты қолдайтын староста сайланады. Оқу тобының кезеңінде студенттерде командада жұмыс жасау дағдысы қалыптасады, сабақтарға дайындалғанда, студенттің өздік жұмысын орындауда ғылыми-зерттеу жұмыстарының машықтары дарытылады, өндірістік тәжірибелер уақытында емделушілермен, әріптестермен (топтастарымен) қатынастарды орнату машықтары жетілдіріледі. 1 курстан бастап оқу процесіне қосылады, университеттің, елорданыңжәне жалпымемлекеттің (халықаралық деңгейдегі іс-шаралар) қоғамдық өміріне қатысады, еліміздің ішінде, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, семинарларда, пікірсайыстарда медицина тақырыптары бойынша баяндамалар, тезистермен шығады. Сауалнамалар, пікірлер, түрлі деңгейдегі кездесулердің нәтижелері айтарлықтай маңызды, себебі білім алушылардың ұсыныстары мен тілектерін талдауға мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастыру, академиялық күнтізбені құру, оқу жылының құрылымын саралау университеттің өзімен жүзеге асырылады және академиялық еркіндік аясында оқу іс-шараларын өткізеді. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы ББ бойынша бір семестрдегі оқыту 15 аптаны құрайды, лекциялық және практикалық сабақтар, семинарлар бойынша академиялық сағат 50 минутқа тең, ал практикалық сабақтар бойынша академиялық сағат – 120 минутты құрайды. Оқу іс-шараларына теориялық оқыту, студенттің ғылыми-зерттеу қызметі, өндірістік практикалар кіреді. Барлық оқу іс-шараларына даярлау мақсатымен кітапханалық қорын, электрондық ресурстарды, студенттің оқу-әдістемелік кешенін (жоспарлар, силлабустар және т.б.), сонымен қатар бар бейне-аудио материалдарды, оқу медициналықжабдықтар, құралдар, аппараттарды қолдануға рұқсат етілген. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру (орта жалпыға білім беру, орта мамандандырылған) студенттерге бастапқы кезеңнің өзінде белгілі бір машықтарды, икемділік пен біліктіліктерді меңгеруге көмектеседі. Бұдан әрі қарай білім мен машықтарды меңгеру практикалар уақытында, СӨЖ және СӨЗЖ бойынша сабақтарда бекітіледі. ББ келесідей пәндер блогынан тұрады: жалпы білім беретін (Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, тілдер және т.б.), негізгі (бейорганикалық, органикалық, биологиялық химия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, фармокология және т.б.)және бейіндеуші (коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы).ББ сонымен қатар студенттерге әрі қарай кәсіби және өздігінен білім алу үшін қандай да бір пәндерді таңдауға мүмкіндік беретін таңдау компонентін ескереді. Осылайша, пәндерді оқытқанда сабақтастық қарастырылады, яғни жалпы білім беретін пәндерді оқытқаннан кейін 2-курста негізгі пәндердің қатарына бейіндеуші пәндер үшін переквизиттер болып табылатын элективті пәндер кіргізіледі. Мұндай жүйелі тәсіл тәжірибені ұйымдастырғанда байқалады, мысалы: 1- курстан кейін студент лаборант көмекшісі ретінде оқу лабораториясында– ұзақтығы 2 апта, микробиологиялық лабораторияда – ұзақтығы 2аптаға созылатын оқу практикасынан өтеді; 3-курстан аяқтағаннан кейін – 2 аптаға созылатын радиациялық гигиена маманы ретінде оқу-өндірістік тәжірибеден өтеді; 4-курсты аяқтағаннанкейін – 3 аптаға созылатын коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы жөнінде маман ретінде өндірістік тәжірибеден өтеді; 5-курсты аяқтағаннан кейін – 2 аптаға созылатын эпидемиология және еңбек гигиенасы маманы ретінде өндірістік тәжірибеден өтеді. Үлгілік оқу жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары таңдау бойынша компоненттерді қоса, ЖОО компонентін есепке ала отырып, мазмұны мен аудиториядағы және аудиториядан тыс сабақтар саны бойынша МЖМБС талаптарына сәйкес келеді. Жұмыс оқу жоспарлары МББК, кафедраларда талқыланады, ОӘК отырыстарында және білім беру қызметі жөніндегі проректормен бекітіледі. Элективті пәндер бойынша оқу бағдарламалары кафедраларда, МББК-да талқылауға түседі, офис-тіркеушіде сараптамадан өтеді және ОӘК-та бекітіледі. 1.2.4. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мамандарды даярлау ББ арнайы бағдары ғылыми және педагогикалық бағытта және гигиена саласындағы пәндерді оқыту мен оқытушылық және зерттеушілік даярлықты қамтиды.Элективті пәндердің ұтқырлығы мен әртүрлілігі оқу топтарының санын, кафедраның штаттық кестесін, топтардың топтасуын, қаржылық, аудиториялық және басқа ресурстарды қайта қарастыруды жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кафедралардың сапалы толықтыруына көп көңіл бөлінеді, оқытушыларды қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі және конкурсқа қатысушылардың талаптарға сай болуын қарастырады. Ойластырылған кадрлық саясат аясында мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында Университет ОПҚ қызметі мен студенттердің білім алуына қажетті жағдайларды жоспарлайды және жасайды. Нәтижелері тұтынушылар мен мүдделі тараптарға да бағытталған. ОПҚ біліктілігін арттыру мен академиялық ұтқырлықты дамытуға көп көңіл бөлінеді, жыл сайын университеттің қаржылық жоспарына ОПҚ дамуына, инновациялық идеяларды енгізуге, академиялық ұтқырлыққа қаржы салынады. Біліктіліктер мен лауазымдар Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығы»; ҚР Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бекітілген «ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы», ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ДСМ) бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілік сипаттамасы», сәйкес анықталады. Қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастар денсаулық сақтау мамандарынан көп арналы қаржыландыру механизмін тиімді қолдануын, денсаулық сақтау және профилактикалық жұмыс ұйымдарының шектеулі ресурстарын үнемді пайдалануын қамтитын жаңа білім, машық және іскерлікті меңгеруді талап етеді. Осылайша, мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторларының бірі басқармалық шешім қабылдай алатын; билік, түрлі ресурстар, еңбек ұжымдарының тағдыры және үлкен аумақ тұрғындарының денсаулығы сеніп тапсырылатын мамандардың жеткіліктікәсіби біліктілігі болып табылады.Сондай-ақ басқарушылық кадрларды даярлау жүйесін жетілдірудің міндетті шарты –оныңғылыми тұрғыдан сүйемелдеуініңболуында. Соған байланысты ұйымдастырушылық, басқарушылық, денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық негіздерін оқыту, оқытушы кадрларын жетілдіру және даярлау мәселелеріне ең бірінші көңіл бөлінеді. 1.2.5.5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» (6.08.021-2009ж ҚР МЖМБС негізінде) мамандығы бойынша ББ университеттің Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес Болон процесіне кіру шеңберінде қазақстандық медициналық білім берудің тиімді моделін құру мақсатында студенттерге білім беру біліктілік-бағдарлық тәсілмен жетілдірілген. ББ жаңа элементтері мен басымдықтары болып жүйелік тәсілге негізделген интеграцияланған оқытуды енгізу; жаңа пәндерді енгізу – коммуникативтік машықтар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, дәлелдемелі медицина негіздері, маркетинг және менеджмент негіздері;оқытудың, білім берудің және білімді, машықтарды, біліктілікті бағалаудың жаңа әдістерін, білімді бағалау және сабақ беру, жаңа машықтар менбіліктіліктерді меңгеру және енгізу; оқытудың интерактивті компьютерлік бағдарламаларын енгізу; өз бетінше білім алу мен өз білімін шыңдау рөлін күшейту; мәселеге бағытталған оқытуды енгізу, таңдау компоненттерін көбейту. Сонымен қатар бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі оқу деңгейі және әр пән бойынша нақтыланған «Медициналық-профилактикалық іс» бакалавр мамандардың біліктілігінің негізгі құзіреттіліктері курстан курсқа болашақ мамандардың кәсіби дамуы мен оқытудағы жетілген тәсілді болжайды. ЖОО түлектерінің біліктілігі екі топқа бөлінеді: жан-жақты (негізгі, жалпы, өзекті жоғары кәсіби) және кәсіби (пәндік мамандандырылған).Жан-жақты біліктілік деп жан-жақты білімнің, икемділіктің машықтың және өзіндік қызметінің және білім алушылардың жеке жауапкершілік тәжірибесінің біртұтас жүйесі ұғынылады, ол әлеуметтік құзыреттілікті және студенттің жеке дамуын қалыптастыруға әкеледі. Олар жалпы ғылыми, инструментальды, әлеуметтік жеке және жалпы мәдени құзыреттіліктерден тұрады: жалпы білімдік, әлеуметтік әдеп машықтары; коммуникативтік машықтар; топта жұмыс істеу машығы; ғылыми зерттеулердің машығы; басшылық пен лидерлік машығы; үнемі жетілдіру машығы. Кәсіби құзыреттіліктерге келесілер кіреді: ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік, ғылыми-зерттеу, білім беру қызметі машықтары. Сапалы үздіксіз білім беру процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық база қажет, оны қамтамасыз етумен Университетіміздің маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі – сервистік-шаруашылық басқарма айналысады. СШБ негізгі міндеттері Университеттің инфрақұрылымы мен өндірістік ортасының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, әкімшілік, оқу бөлмелерін жоғары деңгейде қызмет көрсету, құрылымдық бөлімшелерді материалдық-техникалық ресурстармен, автокөліктермен қамтамасыз ету. СШБ ғимараттар, бөлмелер, құрылыстардың ағымдағы және болашақтағы қайта құру және жөндеу жүргізу бойынша, қажетті материалдық қорларды жоспарлаумен байланысты іс-шараларды жүргізеді. СШБ барлық жігері оқу процесі үшін максималды түрде жайлы, жағымды жағдайлар жасауға бағытталған. Все Мемлекеттік сатып алулар бөлімімен үнемі жоспарлар құрылады, соған сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алынады (ТМҚ – жиһаз, шаруашылық инвентарь, кеңсе тауаурлары, электр тауарлары және т.б.). Оқу процесінде қолданылатын ҚР СНЕ 3.02-02-2001 ресурстары жеткілікті және МЖМБС сәйкес келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың барлығына толығымен сәйкес болу үшін кеңсе бөлмелерін, оқу, дәрісханалық, зертханалық, өндірістік бөлмелерді жинау үшін клинингілік компаниялармен жыл сайын шарттар жасалынады. Ұсынылған бағдарламаның ТОЖ ұсынылатын пәндер тізімімен толықтырылған, олар таңдау компоненттеріне (элективті пәндер) кіреді. Соған қарамастан пәндерді таңдау негізгі біліктіліктерді толықтыру принципі бойынша құрылады. Біліктілік тәсілі жаңа бағалау мәдениетін құруға әсер етеді, ол білімді бағалаудан түлектің біліктілігін бағалауға ауысуды қарастырады. Соған байланысты ББ қосымша ретінде біліктілік компоненттері бойынша білім мен машықты бағалауын есепке ала отырып, білім алушылардың білімін жалпы бағалауға кешенді тәсілді, сонымен қатар компетенттік білім шарттарындағы тиімді келетін оқытудың негізгі әдістерін ұсындық. Студенттің оқуды аяқтағаннан кейін игеруі қажет біліктіліктері МЖМБС-та және 5В110400–«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының пәндері мен практикасының типтік оқу бағдарламаларында, сонымен қатар Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында анық жазылған: «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы түлегінің біліктілік моделін қалыптастыру және дамыту Құрылымында, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы Университет түлегінің біліктілік тізімінде, осы ББ игеру нәтижесінде қалыптасатын түлек қызметінің саласында және қоғам талаптарында жұмыс берушілермен келісілген. Оқыту процесінде болашақ маман кәсіби қызметіне қажетті білім мен машықтар кешенін меңгеріп, келесідей мәселелер бойынша білікті болады: ҚР халық денсаулығын санитариялық-эпидемиологиялық тұрғыдан қамтамсыз ету, ағымдық және ескертпелі санитариялық қадағалау өткізу, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында нормативтік-құқықтық және заңнамалық қызмет қолдану, қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерін интеграциялау, менеджмент және маркетинг принциптерін қолдану, халықтың денсаулық жағдайлары мен өмір сүру ортасының гигиеналық параметрлеріне статистикалық анализ жасау. Өздік жұмыстарының түрлі формаларын ұйымдастыру, білім алушылардың ҒСҚ және СҒЗЖ қатысуы, таңдау бойынша элективтердің болуы, ПБО, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, материалдарды өздігінен оқу жауапкершілігін қарастыратын оқытудың кредиттік жүйесін енгізу, «Коммуникативтік машықтар», «Дәлелдемелі медицинаның негіздері», «Медициналық психология» және т.б. пәндерді оқыту білім алушыларда дербестілік машықтарын,өзінің оқуынадеген жауапкершілікті, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға дайындылық қабілеттерін қалыптастырады, бұл өз кезегінде түлектердің дипломнан кейінгі деңгейде біліктіліктерін арттыруға көмектеседі. Осылайша, аталған ББ енгізу білім алушыларда қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктеріне, оның профилактикалық бағыттарына бейімделген медициналық-профилактикалық қызмет саласында кәсіби біліктілікті қалыптастырады, ал мамандар біздің еліміздегі, сонымен қатар әлемдегі қауымдастықтың өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын болады. ЖОО-ның барлық ББ білім алушылардың құзыреттілік жетістіктеріне бағытталған. Құзыреттілікті реттілікпен, кезеңдңлңкпен меңгеру үшін ЖОО-ның кафедраларымен әзірленетін типтік оқу бағдарламалары, пәндердің жұмыс оқу жоспарлары оқытудың соңғы нәтижелеріне жету үшін келесідей сұрақтарға жауап береді: пәнді оқып аяқтағаннан кейін студент қандай білім, икемділік, машықтарға қол жеткізу керек.Әрбір пән, өз кезегінде сабақтас пәндердің пререквизиттері немесе постреквизиттері болады, келесі даярлықта қолданылатын оқу аяқталғанда студенттің біліктілігін анықтайды. Бұл машықтарды жетілдіру мен бекіту ЖОО-ның клиникалық базаларында оқу-өндірістік немесе өндірістік практикалардан өтумен қамтамасыз етіледі. Оқыту процесінде маманды даярлауда болашақ кәсібіне тікелей қатысы бар бейіндеуші пәндерді оқытуға көп көңіл бөлінеді.«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бейіндеуші пәндердің тығыз байланыстығын ескере отыра, оларды оқытуда интеграциялауды қарастырады, бұл сұрақтар бойынша аталған пәндерді оқытатын кафедралар, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ББ комитеттерінің отырысында жыл сайын талқыланады.Пәнаралық интеграциялау бейіндеуші пәндердің жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік құжаттарына қосымшалар мен өзгерістер енгізу, жұмыс жоспарларын пререквизиттері мен постреквизиттерімен келістіру, оқытылатын оқу сабақтарының сұрақтарын талқылаужолымен жүзеге асырылады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектердің кәсіби міндеттеріне жету үшін оқу процесінде келесідей әмбебап және кәсіби машықтар қалыптастырылуы қажет: ü Түлектің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар: - қазіргі әлемде рухани, мәдени, парасаттылық және экологиялық құндылықтар жөнінде түсініктердің болуы, кең ой-өрісті болуы; - қарама-қайшы ойларды сыни көзбен қабылдауға, кәсіби қызметі саласындағы мәселелерді өздігінен және тиімді шешуге қабілетті болу, коммуникативтік мәдениетті болу; - салауатты өмір салты бойынша ғылыми түсініктердің болуы, физикалық тұрғыда жетілудің машықтарын меңгеру; - өмірінің барлық кезеңдерінде үздіксіз білім алуға қабілетті болу. ü Әлеуметтік-этикалық біліктілікке қойылатын талаптар: - ҚР заңнамаларының негіздерін білу; әлеуметтік ғылымдар негіздері және денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу; - альтруизм, рақымдылық, аяушылық, жауапкершілік, адалдық сияқты кәсіби құндылықтарға берілу және құпиялылық принциптерін сақтану; - өзара түсінушілік және дәрігерлер мен емделушілердің, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастар маңыздылығын түсіну, өзара тиімді қарым-қатынастарды қалыптастыру; - мәдени ерекшеліктер мен дін ұстану еркіндігін құрметтеу; ü Экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық біліктілікке қойылатын талаптар: - экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. туралы ғылыми түсініктері болуы қажет; - ең жақсы қорытынды нәтижелерге жету үшін алға қойылған міндеттерді шешуде дұрыс стратегия жасай білу; - алға қойылған міндеттерді шешу әдістерін таңдауда өзінің позициясын дәлелдеу және өз пікірін айта алу; - алға қойылған міндетті шешуде туындайтын экономикалық жағдайды талдай алу және экономикалық қөзқарасты ұстана отырып оңтайлы тактиканы таңдай алу; - ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болу, алға қойылған міндеттерді шешуде мобильдік жұмыс топтарын құра білу және сондай топты басқара білу, олардың құқығын қорғай білу және олардан міндеттерін дұрыс орындауын талап ету; - шешім қабылдау жауапкершілігін өз мойнына ала алу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша өзінің позициясын ұстана алу; - экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен мақсаттарын білу және түсіну; - ғылыми еңбекті ұйымдастырудың негізгі нормалары мен ережелерін білу. ü Кәсіби біліктілікке қойылатын талаптар: - санитариялық-эпидемиологиялыққадағалаудыәлеуметтік-экономикалық, мәденижәнекәсібисаладажүзегеасырудажүйеліпроблемалыміндеттердішешугедайынболу; - емделушімен, халықпен, әріптестермен, әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас жасағанда медициналық этика принциптерін сақтана отыра сәйкес коммуникативтікмашықтарды көрсету; - командада жұмыс жасау машықтарын және көшбасшылық қасиеттерге қабілетті болу; - басқаларды оқытуға және кәсіби қызметі барысында өзінің білімін жетілдіру. ü «Командадажұмысжасаумашықтары»және «Басқарушылықжәнекөшбасшылықмашықтары»біліктіліктерінеқойылатынталаптар: - этикаға сәйкестік, топтық нормалар мен ережелерді сақтау, командалық мақсаттарды қабылдау; - серіктестерге әсер ету үшін және өзара түсінушілікке жету үшін ауызша және жазбаша тілді, стилистикалық және басқа да көрнекті құралдарды пайдалана білу; - серіктестермен іскерлік және шығармашылық қатынастар құра білу; - бірлесіп қызмет жасау қажеттілігін түсіну және басқалармен өзара бірлесіп (командалықбағдарда) жұмыс жасауды білу; - табаңдылық, өзіне сенімділік; - командалық мақсаттарға жету үшін топтық рөлдерді ауыстыруға, командадағы рөлдік позицияларды анықтауға қабілеттілігі, топты оның мақсаттарына бағыттай білу, жеткен жетістіктер мен кездескен кемшіліктерді анықтай білу; - ұйымға адалдық және іскерлік бағдар; - қойылған міндеттерді орындаудың сәйкес стандарттарымен салыстыра отыра топтың жұмысын және басқалардың ұсыныстарын сыни бағалай білу; - топ мүшелерінің арасында келіспеушіліктер орын алғанда делдал болу, осылайша топтағы үндестікті сақтап қалу; - қоғамның негізгі фигураларын ынтымақтастыққа тарту үшін сыртқы және ішкі топтармен ынтымақтастық құру қабілеттілігі. ü Кәсіптік машықтар: - Қоршағанортафакторларыныңсанитариялықжағдайынбағалау; - Адамдардың денсаулық жағдайын талдау; - Сыртқы орта факторларының адам организміне әсерін бағалау; - Ғимараттар мен құрылыс жобаларының гигиеналық сараптамасы; - Сыртқы орта факторларын гигиеналық нормалау; - Азық-түлікті гигиеналық нормалау; - Өнеркәсіптік өндіріс тауарларын гигиеналық нормалау; - Бақылау астындағы объектілерді санитариялық-гигиеналық тексеру; - Тұрғындардың инфекциялық ауыруын эпидемиологиялық талдау; - Мемлекет аумағын инфекциялық аурулардың таралуы мен еніп кетуінен санитариялық қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу; - Әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алуда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысын үйлестіруге қатысу; - Дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру; - Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру; - Денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы менеджмент; - Тұрғындардың арасында саламатты өмір салты қағидаттарын жүзеге асыру. ü «Ғылыми зерттеулер машығы» біліктілігіне қойылатын талаптар: - фармацевтикалық зерттеулерде қолданылатын ғылыми терминологияны (салыстыру, талдау, синтез, жалпылау, жүйелендіру, индукция, дедукция, мәселені шешу, болжау және т.б.) білу; - зерттеу қызметінің әдіснамасын жетілдіру (болжамның тұжырымдамасы, ғылыми фармацевтикалық зерттеу жүргізудің қағидаттары); - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негіздерін, фармациядағы статистикалық талдаудың негіздерін меңгеру; - фармацевтикалық зерттеулерде ақпарат көздерін пайдалану (мәлімет қоры, электрондық және қағаз журналдары, аңықтамалық және нормативтік құжаттар және т.б.); - ғылыми мақаланың, тезистің құрылымын және ғылыми мәліметтерді ұсынудың басқа да формаларын, зерттеудің нәтижелерін рәсімдеудің ережелерін, эксперименттік зерттеулерді жүргізген кезде этикалық нормаларды білу. ü Түлек білуге міндетті: - мәселені анықтау, сапалық және сандық мәліметтерді адекватты қолдану мен шектеуді анықтау; - аталған мәселе үшін маңызды көрсеткіштерді анықтау және іріктеу, ғылыми іздеу сферасын анықтау; - тақырып бойынша ғылыми басылымдарға сыни талдау жасау; - библиографиялық көрсеткіштерді, каталогтарды, картотекаларды, электрондық деректер базасын, Интернет ресурстарды пайдалану арқылы ғылыми ақпараттарды іздеу; - реферат, аңдатпа, түйіндеме құруды білу. ü Түлектің меңгеруі қажетті дағдылары: - ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін құру, мақсаттар мен міндеттерге адекватты жауап беретін ғылыми зерттеулердің жоспарын құру; - материалдарды жинау; - статистикалық талдау әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдаланумен материалдарды өндеу және талдау; статистикалық талдау әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдаланумен материалдарды өндеу және талдау; - өзіндік ғылыми зерттеулерді дәлелдемелі медицина тұрғысынан талдау және жалпылау; - университет ішілік, республикалық жинақтар мен журналдарда, жақын және алыс шетел журналдарына тезистер, мақалалар жазу; - жеке зерттеу нәтижелерін online режимде және электрондық конференцияларда таныстыру; - ЖОО-ның ішіндегі облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларда студенттердің баяндамалармен шығуы; - түрлі құжаттар мен зерттеулердің нәтижелерін сауатты ресімдеу; - пікірталастар мен оппоненцияларға қатысу. Студенттерде ғылыми зерттеулер машықтарын біртіндеп дамыту үшін нақты қалыптасқан жүйелі білім беру тұжырымдамасы қажет (1.1 кесте).
Date: 2015-11-13; view: 983; Нарушение авторских прав |