Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте Мәдени іс-шараларға студенттердің жұмылдыру деңгейі
Оқыту әдістерінің бірнеше түрлерінің болуы қойылған мақсатқа жетуге, көзделген міндеттерді жүзеге асыруға, оқуды танымдық қызметпен толықтыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде, практикалық сабақтар теориялық-әдіснамалық білімді студенттердің практикалық шеберлігімен және машықтарымен ұштастырады. Студент келешек кәсіптік қызметке педагогикалық және зерттеу практикасын өту барысында барынша жақындай түседі. 1.2.10. ҚРПрезидентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»жолдауына, ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүектегі N 1438 жарлығымен бекітілген 2005-2011 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау мемлекеттік бағдарламасына және ҚР Президентінің 2004 жылғы11 қазандағы N 1459жарлығымен бекітілген ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді. Тұжырымдаманың мақсаты мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін республиканың денсаулық сақтау саласындағы басымдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық стандарттар негізінде медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесін енгізу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру барысында келесідей міндеттер орындалды: 1) жоғарғы білім берудің 3 деңгейлі жүйесінің Еуропалық принциптерімен медицина кадрларын даярлау жүйесін үйлестіруге бағытталған медицина және фармацевтика кадрларын даярлау бағдарламасының құрылымы мен мазмұны өзгертілді; 2) «АстМУ» АҚ-қа азаматтарды қабылдау мен іріктеудің принциптері өзгертілді; 3) кәсіби біліктілік деңгейі және кәсіби қызметке жіберілу сапасын бағалау жүйесі өзгертілді; 4) халықаралық сарапшылардың қатыстырылуымен «АстМУ» АҚ-та институционалдық аккредитация енгізіліп, өткізілді; 5) Университеттің материалдық-техникалық базасы күшейтілді; 6) медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді. Халықаралық талаптармен медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін үйлестіру мақсатында«АстМУ» АҚ ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығымен бірлесіп білім берудің медициналық ұйымдарында институционалдық аккредиттеу стандарттарын әзірлеу мен бекітуге қатысты. Стандарттар Медициналық білім берудің әлемдік федерациясының медициналық білім беру сапасын жетілдірудің халықаралық стандарттарына негізделген. 2010 жылы «АстМУ» АҚхалықаралық сарапшылардың тартылуымен алғаш болып институционалдық аккредиттеуден өтті. ҚР БҒМ және ҚР ДСМ негізгі көрсеткіштерінің динамикасы білім беру және денсаулық сақтау салаларына стоматолог мамандарды даярлауға бағытталған мемлекеттік жалпы білім беру гранттары аясында бюджеттік қаражаттардың жыл сайын көбеюіне дәлел болады. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында мемлекет медициналық ЖОО-да оқу бағасын көтеру саясатын жүргізуде. 2006 жылдан 2013 жылдар аралығында грант бойынша оқудың бағасы 1,95 есе өсті. Бір білім алушының оқу бағасын есептеудің ережесі (әдісі) әзірленіп бекітілді, онда оқулықтар (баспалық және электрондық) алуға, Интернетте жұмыс жасау үшін, зертханалық жануарлардың құрамы, реактивтер, биоматериалдар, жабдықтар сатып алу, студенттердің өндірістік практикасы, оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің еңбекақысы, коммуналдық шығындарды өтеу және басқа да шығындар қарастырылған. ББ ЖОО-дан кейінгі деңгейде бақылау үшін «АМУ» АҚ-та МББК, соның ішінде ЖОО-дан кейінгі білім беру бойынша МББК құрылды. Комитет жоғары білікті кадрларды даярлау және білім беру процесінің сапасын арттыру мәселелері бойынша Университеттегі құрылымдық бөлімшелердің ортақ қызметтерін үйлестіру мақсатында құрылды. МББК отырыстарында қызмет көрсетудің негізгі бағыттары, жұмыс жоспары, оқу жоспары мен бағдарламаларындағы өзгертулер, барлық кафедралардың талқылауына түсуі қажетті оқу және әдістемелік жұмыстың басқа да мәселелері қарастырылады және бекітіледі. МББК негізгі қызметіне пәнаралық байланыстардың анализі, соның ішінде сәйкес мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде кәсіптендіруді, сабақтастықты, тұтастықты, икемділікті қамтамасыз ету кіреді. Сонымен қатар, МББК сәйкес мамандық бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде білім беру бағдарламаларының жүзеге асуын бақылайды. Кафедралардың және ОПҚ функционалдық қызметі нормативтік құжаттар мен қызметтік нұсқауларда, соның ішінде «Кафедра туралы ережеде», «ОПҚ туралы қызметтік нұсқауларда», «Жұмыс жоспары және кафедралардың есебінде», «ОПҚ-ның есебі және жеке жоспарларында» көрсетілді. ОПҚ ҚР МЖМБС сәйкес жұмыс оқу жоспарының негізінде оқу сабақтарының бекітілген кестесіне сәйкес күнделікті сабақта, СӨЖ және ОСӨЖ кезінде білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне жүйелі бақылау жасайды. ОПҚ қызметі қызметтік нұсқаулармен реттеледі (6,7,8-қосымша). Кафедра меңгерушілері пәндер бойынша аралық аттестациялауды өткізуге және үлгерімді ағымдағы және межелі бақылаудыңтиімділігі мен ұйымдастырылуына жауапты,сонымен қатар олар жұмыс оқу жоспары, силлабус және емтихан кестесіне сәйкес оқу пәнінің бейіні бойынша кеңес береді және емтихан қабылдайды. 1.2.11.«АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттер контингентін құру бюджеттік қаржыландыру, кадрларды даярлауға (мемлекеттік білім беру гранттары және мемлекеттік білім беру несиелері) мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен,сондай-ақ ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес оқу ақысын азаматтардың жеке есебінен және басқа да қаржы көздерінен төлеу арқылы жүзеге асырылады. Бір білім алушының оқуының шығыны жалпы шығынды келген студенттер санына бөлу арқылы анықталып, «Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімібар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітіледі. ҚР денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалаудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасымен «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқу бағасын көтеру қарастырылған. Осылайша, Университетте «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 1 студентке жоғарғы кәсіби білім беруге кететін орташа шығын 2008 жылы–263000 тенге, 2009 жылы–317000 тенге, 2010 жылы–336900 тенге, 2011 жылы–558000 тенге, 2012 жылы–609000 тенге, 2013 жылы-610000 тенгені құрайды. 2005 жылғы Мемлекеттік бағдарламаны қабылдаумен бірінші рет оқу-клиникалық орталықтарды құру мен жабдықтау бойынша бюджеттік бағдарлама пайда болды. Университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттік қаражат бөлінді. ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган болды. ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. ҚР БҒМ білім беру саласы бойынша орталық уәкілетті орган болып саналады, бұл орган білім беру саласында саясатты белгілейді, жоғарғы білім беруді лицензиялауды жүзеге асырады. Қазіргі заманғы жағдайларда кадрлық ресурстарға деген сала мұқтаждығын қанағаттандыруға, кадрлар даярлығының тиімділігін ұдайы арттыруға және білім беруді ұйымдастыру деңгейінде басқарушылық шешімдерді қабылдауға бағытталған тиімді менеджмент денсаулық сақтау саласы үшін кадрларды даярлау сапасын арттыруды қамтамасыз ету қажет. 1.2.12. Университеттің білім беру нарығындағы маркетингілік қызметінің негізгі мақсаты ең жоғарғы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес үздіксіз кәсіптік білім берудің кешенді жүйесін құру арқылы барлық тұтынушылық топтардың, мемлекеттің және жалпы қоғамның қажеттіліктері мен мүдделері арасындағы ұзақмерзімді тұрақты тепе-теңдігіне жету. «АстМУ» АҚқызметінің орташа мерзімдік кезеңдегі негізгі мақсаттық географиялық сегменті - Солтүстік аймақ (Астана қ., Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстары). «АстМУ» АҚүшін мақсаттық тұтынушылық топтары болып жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім алуға мүдделі барлық жеке тұтынушылар есептеледі (орта білім беру мекемелерінің, медициналық колледждердің, медициналық ЖОО-ның түлектері, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері). «АстМУ» АҚ қызметін бірінші кезекте бағдарлайтын салалық сегменттері білім беру, ғылым, практикалық денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды басқару, психология салалары болып табылады. «АстМУ» АҚ«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттерді қабылдау мен іріктеу процесі туралы нақты ереженіқамтитын студенттерді қабылдау мен іріктеу бойынша өз саясаты бар. Студенттерді Астана медицина университетіне оқуға қабылдау саясаты ҚР «Білім туралы» Заңына,ҚР БҒМ «Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне» және «АстМУ» АҚ-қа талапкерлерді оқуға қабылдау ережелері»ішкі реттеуші құжатына сәйкес жүзеге асырылады. Университетке шетел азаматтарын қабылдау «АстМУ» АҚ-қа шетел азаматтарын қабылдау туралы ережесі» ішкі құжатымен реттелген. Қабылдау комиссиясының жұмысы «АстМУ» АҚ-тың қабылдау комиссиясының жұмысы туралы ережесімен реттелген. «АстМУ» АҚ-та қабылдау саясаты мен рәсімі айқын, ЖОО-ның миссиясымен және мақсаттарымен келісілген, ресми жарияланғанжәне болашақ студенттерге түгел қолжетімді («Казахстанская правда» газеті, «Талапкер» буклеті, www.amu.kz корпоративтік порталыжәне т.б.). Студенттерді қабылдау саясаты студенттердің медицина саласының маманы болуға қабілетін және талап етілетін біліктілігінің ерекшеліктерінескере отырып, іріктеу критерилерін жетілдіру мақсатында белгілі кезеңдерде қайта қаралады. Студенттерді қабылдау саясатын қайта қарастыру кезінде барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде ата-аналардың және төменгі курс студенттерінің пікірлері ескеріледі. Көпшіліктен және денсаулық сақтау жүйесі мамандарынан алынған тиісті мәліметтер облыс әкімінің, денсаулық сақтау басқармасының арнайы грантымен қамтамасыз етіледі. Университет студенттердің жынысын, этникалық шығу тегін ескере отырып және жоқ-жітік жанұядан шыққан студенттер үшін оқуға қабылдаудың арнайы саясатының әлеуетті қажеттілігін қоса басқа да әлеуметтік талаптарды ескере отырып, оқуға қабылдаудың теңгерімді саясатын жүргізеді. Жоғарыда аталғандардың бәрі халықтың денсаулығын сақтау саласындағы әлеуметтік міндеттер мен қажеттіліктерге сай болу мүмкіндігін береді. Қабылдау комиссиясы өз саясатының нәтижелерін бағалау үшін студенттердің кейінгі академиялық жетістіктеріне талдау жасайды. Деканаттың қызметкерлері студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуының (емтихан сессияларының, МАБ, МҚА) мониторингіне қатысады. «АстМУ» АҚ-қа оқуға қабылдау азаматтардың өтініші бойынша конкурстық негізде ұлттық бірыңғай тестілеудің және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификат ұпайына сәйкес оқу тіліне байланысты берілген білім беру гранттарына сәйкес жүзеге асырылады. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері үшін, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіби) білім беру ұйымдарының түлектері үшін, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беру мектептерінің түлектері үшін, шетелде оқушыларменалмасу халықаралық желісі бойынша білім алушылар үшін, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының түлектері үшін, сондай-ақ шетел оқу орындарын бітірген тұлғалар үшін өткізіледі. Оқу орнына қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде оқуға қабылдау квотасын белгілеу туралы» 2008 жығы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген оқуға қабылдау квотасы белгіленеді. Білім беру грантын беру конкурсында қазақ тілі немесе орыс тілі (білім алу тіліне байланысты), Қазақстан тарихы, математика және биология бойынша баллдар ескеріледі. «Алтын белгiмен» марапатталғандар, үздік белгімен бітіргендер, «Биология» пәнінен ғылыми жұмыстардың, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, әлеуметтік-қорғалмаған категориялар мемлекеттік деңгейде басымдыққа ие. Білім гранттарын алу үшін конкурс өткізгенде баллдар көрсеткіштері бірдей болған жағдайда жетім-балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топ мүгедектері, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері санатына теңестірілген тұлғалар, сәйкес оқу ұйымдарында білім алуға медициналық-әлеуметтік сараптамалар қорытындылары бойынша тыйым салынбаған бала күнінен мүгедектер және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар тұлғалар басым құқықты болады. Ауылдағы білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдауға квота бекітілген. Білім беру гранты ҚР азаматтарымен қатар басқа мемлекеттердің азаматтары болып саналатын қазақтарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ, бірақ Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікістан Республикасының, Қырғызстан Республикасының азаматтарына беріледі. «АстМУ» АҚ-та студенттерді оқуға қабылдаудың талапкерлерді психологиялық тестілеуден өткізу сияқты қосымша талаптары бар, «Білім алушыларға психологиялық тестілеу ұйымдастыру» ЖН және «Білім алушыларды психологиялық қолдау» ЖН ішкі құжатқа сәйкес өткізіледі. Тестілеуді өткізу үшін қабылдау комиссиясының штатында 3 психолог жұмыс істейді. Талапкерлерді психологиялық жағынан зерттеу тұлғаның кәсіптік бағытын; танымдық, эмоционалдық-еріктілік аясын, коммуникативтік машықтарының даму деңгейін, жұмысқа қабілеттілігін және моторика қасиетін, яғни талапкерлерге болашақта кәсіптік қызметті жақсы меңгеруге жәрдемдесетін тұлғаның қасиеттері мен сапасын зерттеуді қарастырады. Кәсіби қажетті қасиеттер мен тұлға сапасын зерттеу нәтижелері талапкерлердің танымдылық аясының даму деңгейінің жоғары, орташа-жоғары, орташа көрсеткішті топтарын анықтауға мүмкіндік береді, мұнымен қатар талапкерлерді психологиялық тұрғыдан зерттеу «қауіп тобы» деп аталатын топты анықтады, оған невротизация, депрессия фоны жоғары деңгейдегі талапкерлер жатады. Институционалдық деңгейдегі қосымша талаптар ЖОО-ға дейінгі дайындықты және талапкерлермен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру Университетте «Жоғарғы оқу орнына дейінгі даярлау процесін басқару» ПК және «Білім алушыларды іріктеу және қабылдау процесін басқару» ПК ішкі құжаттарға сәйкес жұмысын ұйымдастыруда байқалады. Процестердің міндеті әлеуетті талапкер болып табылатын қаланың лицейлері мен мектептерінің жоғары сынып оқушыларына негізгі пәндер бойынша қосымша білім алуға жағдай жасау, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бойынша жеке мектеп оқушыларының ғылыми қызметіне ғылыми кеңескер ретінде ЖОО-ның оқытушыларының жәрдемдесуі, сондай-ақ келесідей формада кәсіби бағдарлаушылық іс-шараларды ұйымдастырады: - 4 пән бойынша дайындық курстары («АстМУ» АҚ Басқармасының 18.05.2012ж. шешімімен бекітілген даярлау білім беру курстары туралы Ереже) - оқуға түсу және оқу мәселелері жөнінде топтық және жеке кеңес беру; - ақпараттық және үгіт-насихат жұмысы; - ЖОО-ға дейінгі деңгейде ғылыми жобалардың жетекшілерінен нұсқаухат; - әңгімелесу. Университетке мемлекеттік грант және шарт негізінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түсуге ниеті бар талапкерлердің ең төмен өту балдары 1.3 кестеде көрсетілген. 1.3.-кесте 2009-2013 жылдар бойынша ҰБТ-дан өтудің ең төмен балдары (Г- грант, Ш- шарт негізінде)
«АстМУ» АҚ-тың ерекше артықшылығы – ҰБТ нәтижесі ең төменгі көрсеткіштен жоғары болған талапкерлерді ғана ақылы негізде қабылдайды. «АстМУ» АҚ-тың стратегиялық жоспарында ЖОО-ға келісімшарт негізінде түсетін талапкерлер үшін ең төменгі өту балын жоғарылату қарастырылған (2013ж.- 83 б., 2014ж.- 85 б., 2015ж.- 90 б.). Студенттерді оқуға қабылдау саясатына ЖОО-ның студенттерді бақылау және кәсіптік бағдар беру бөлімі жауап береді. Бұл бөлім сонымен қатар «АстМУ» АҚ-қа абитуриенттерді қабылдау комиссиясын ұйымдастырады. ЖОО-ның қабылдау комиссиясы өздерінің жұмыстарында келесі әдістерді қолданады: «АстМУ» АҚ-тың маркетингілік қызметін басқару және білім алушыларды іріктеу мен қабылдауды басқару процестерінің стратегиялық даму жоспарына, «АстМУ» АҚ-тың ағымдағы жылға арналған кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, «АстМУ» АҚ-қа қабылдау шарттары туралы ақпарат беру жөніндегі жарнамалық акцияларды масс-медиа, билбордтар, қоғамдық транспорттың және ЖОО веб-сайтының мониторларын, буклеттер шығару, Ашық есік күнін өткізу, республикалық және халықаралық жәрмеңкелерге және «АстМУ» АҚ-тың пиар-іс-шаралары жоспарына сәйкес мекемелермен қалалық деңгейде өткізілетін «ХХІ ғасыр білімі мен карьерасы» атты көрмелерге қатысу арқылы ұйымдастыру. Бұл өткізілетін жұмыстар университеттің тарихы, оның жетістіктері, университетте оқу және тәрбие беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы ақпаратты кеңінен таратуға мүмкіндік береді, оқу шарттарымен, материалдық-техникалық базамен, мамандықтармен, студенттік өмірді ұйымдастырумен таныстырады, ақыр аяғында, университеттің имиджін, қоғамдық ортаның оған деген қызығушылығын арттырады. Осылайша, «АстМУ» АҚ қабылдау комиссиясымен әзірленген студенттерді іріктеудің қосымша талаптары медицинаның түрлі салаларында студенттердің практикалық жұмыстарға қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Қабылдау барысында, сондай-ақ келесідей параметрлер қарастырылады: жетім-балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; I және II топ мүгедектері, көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары; әкімдіктердің, емдеу-профилактикалық мекемелердің қолдаухаттары және гранттары; медицина қызметкерлерінің, «АстМУ» АҚқызметкерлерінің балалары; танылған мамандандырылған мектептердің, медициналық колледждердің түлектері, сондай-ақ орта медициналық персонал ретінде 3 жылдан артық кәсіби жұмыс тәжірибесінің болуы. Студенттер контингентінің сапалық құрамы өсуде. Мұның дәлелі соңғы 5 жылда мемлекеттік білім беру гранты негізінде білімалатын студенттердің саны оқитын студенттердің жалпы контингентінің 89,4%-ынқұрайды. Сонымен қатар «Алтын Белгі», халықаралық, республикалық олимпиадалар және ғылыми жарыстар жеңімпаздарының саны жыл сайын артуда. Қабылдау көлемі нарық сұранысы негізінде қалыптастырылады. Жыл сайынғы болжамдық қажеттілікті университеттің «Негізгі қызметтер маркетингі процесін басқару» ішкі құжатына сәйкес кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық бейімдеу бөлімі анықтайды. Аталған болжау жұмыс берушілердің сауалнамалар және мониторингі мәліметтеріне негізделген. Жұмыс берушілермен жыл сайын жетекшілік ететін аймақтарда 80-нен аса сауалнамалар өткізіледі, олар жыл сайын өздерінің қажеттіліктерін нақтырақ болжайды, жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде аталған мамандық бойынша жыл сайынғы қабылданатын контингенттің сұранысы қалыптастырылады. Сапаны қамтамасыз ету жүйесінде тұтынушылардың екінші тобы - тапсырыс берушілермен жұмыс жасау формалары мен әдістері ерекше орынға ие. Жұмыс берушілермен өзара әрекет ету нәтижесінде ҚР Солтүстік аймақтары дәрігерлік кадрлардағы мұқтаждығын анықтайды, бұл университетке абитуриенттер контингентін жоспарлап, түлектерді ҚР өңірлеріне, сондай-ақ ауылдық аймақтарға біркелкі бөліп жіберуге мүмкіндік береді. Оқуға қабылданатын студенттер саны университеттің материалдық-техникалық жабдықталуын: оқу-зертхана бөлмелерінің жалпы аумағын, оқытушы-профессорлар құрамының жеткіліктігін, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуін, университеттің клиникалық базаларының студенттерді қабылдай алу мүмкіндігін, студенттердің білім алуы және өмір сүруі үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың болуын ескере отырып жоспарланады. ЖОО-да маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімімен, интернатура және жұмысқа орналастыру деканатымен жүзеге асырылатын білім беру қызметі және еңбек нарығына маркетингілік зерттеу жүргізу жүйесі қызмет етеді. «АстМУ» АҚ стратегиясы білім беру қызметінің ерекше сегменттерін көрсетеді, оларды ЖОО иеленіп, П-МУА-02 «АстМУ» АҚ-тың беделдік саясаты» АМУ-Е-02, «Негізгі қызметтер маркетингі процесін басқару» АМУ-ПК-НП-02 ішкі құжаттарына сәйкес ұтымдырақ етуге ұмтылады. Әлеуметтік серіктестік тапсырысы бойынша мамандарды даярлау кезінде ұйыммен шарт жасалынады, онда бұл ұйымдар өкілдерінің Директорлар кеңесі, ғылыми кеңес, факультеттер кеңесі, Қамқоршы кеңестері құрамында мүшелік ету арқылыбілім беру процесіне, оқу жоспарын әзірлеуге, МҚА-да мамандардың жұмысына қатысуқарастырылған. 1.2.13. Кез-келген ЖОО-ның қызмет етуінің негізгі кешенді бағасы түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі болып табылады. «АстМУ» АҚ-тағы оқытудың барлық сатылары – мамандыққа кіріспеден мелекеттік аттестаттауға дейін – түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған. ЖОО басшылығының, оның сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің, түлектерді шығарушы кафедралардың жұмыс берушілермен байланыстарының берік ұйымдастырушы негізі бар: - Астана қ. және ҚР Солтүстік аймақтардың клиникаларында оқу-өндірістік тәжірибеден міндетті түрде өтуі; - Жасалынған үшжақты шарттарға сәйкес жұмыс берушілердің мүдделері бойынша тәжірибеден өту; - Жұмыс берушілерді алқалы органдар (Факультеттер және институттар кеңесі, ОӘК, ҒКК, Ғылыми кеңес, Директорлар кеңесі) құрамына шақыру; - Бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестаттау, түлектерден тәуелсіз емтихан қабылдау комиссиялар құрамына жұмыс берушілерді шақыру; - Жұмыс берушілерді олармен тапсырыс берілген магистерлік/докторлық диссертацияларды қорғауға шақыру; - Қорғалған диссертациялық жұмыстардың жарияланған рефераттар жинағын жұмыс берушіге жіберу; - Жұмыс берушілерді түлектермен кездесу үшін «Вакансиялар жәрмеңкесіне», «АстМУ» АҚ үздік түлегі» «ҚР медициналық ЖОО арасындағы үздік түлек» байқауларына шақыру, оларды түлектердің құндылықтары бойынша ақпараттандыру; - ҚР аймақтарының медициналық мекемелерінің медицина кадрларына сұранысын жүйелі түрде зерттеу. ЖОО-да арнайы бөлімше – интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты тиімді жұмыс жасайды, бұл бөлімше түлектермен жұмыс жасауға жауап береді, студенттермен мамандықтарды және сәйкес жұмыстарды дұрыс таңдауға әрекет етеді және олардың кәсіби карьерасын кадағалап отырады. ЖОО-да түлектерді жұмысқа орналастыру моделі әзірленген және 1.2. суретте көрсетілген. Date: 2015-11-13; view: 719; Нарушение авторских прав |