Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақ хандығының құрылу тарихының қазіргі кезеңде зерттелуі
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында кешегі Кеңестер Одағының басталған реформалар 1991 жылы империяның күйреп, оның орнында дербес тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің өмірге келуімен аяқталады. Империяның ыдырауымен бірге оның негізгі идеологиясы – маркстік-лениндік концепцияда өзінің тірегінен тайып, ондаған жылдар бойы жеке-дара билік еткен үстмдікке қол жеткізген мемлекеттер өз дамуларының басты тірегі етіп ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды таңдайды. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін өз қолына алғаннан кейін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ту етіп ұстап, қазіргі заманы әлемдік тарихи көштің қатарына енеді. Жоғарыда айтылған өзгерістер басқа да гуманитарлық ғылымдармен қатар тарих ғылымына қатты әсерін тигізеді. Отан тарихы ескі концепциялардан арылып, жаңаша көзқарастар негізінде халқымыздың тарихын қайта зерделеуде мол табыстар мен жетістіктерге қол жеткізеді. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы өзгерістер Отан тарихының жаңа бір тарихнамалық кезеңінің басталғандығын көрсетіп берді. Біз де осы принципті басшылыққа ала отырып, Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде келесі, төртінші кезең басталады деп есептейміз. Осы кезеңде Қазақхандығының құрылуы мәселелері бұған дейін тарихнамалық кезеңде есімдері аталып, ой-пікірлерін қарастырған Т.И. Сұлтанов, К.А. Пищулина, М.Х. Әбусейтовалардың зерттеулерінде жалғаса берсе, олардың қатары өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап жаңа есімдермен толыға түседі. Оларға Ә. Хасенов, С. Жолдасбайұлы, З. Қинаятұлы, Б. Кәрібаев сынды тарихшылар жатты. Т.И. Сұлтанов пен К.А. Пищулинаның зерттеулерінде біз қарастырып отырған мәселе басты тақырып болса да, олардың тұжырымдарын талдауды кейінге қалдыра тұрып, алдыменен мәселені зерттеуге кейінен қосылған тарихшылардың пікірлерін қарастырып өтелік. 1993 жылдың шілде айынан бастап алғашқы саны оқырмандар қолына тиген «Қазақ тарихы» журналы тарихшылардың назарын Қазақ хандығының құрылған жылын нақты анықтауға шақырады [259, 41-43 бб.]. Осыған орай тарихшы Ә. Хасенов журналдың осы санында «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» атты мақаласын жариялады. Онда ол хандықтың құрылған жылы және жалпы қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты бірнеше мәселені көтерді. Олар мыналар: 1) Ақ Орда ханы Барақ хан өлген соң тақ иесіз қалды деп ешбір дерек айтпайды. Олай болса, Барақтың мұрагері тақты иеленуі әбден мүмкін, брақ ол Ақ Орда деп аталады ма, әлде Қазақ Ордасы деп аталады ма ол жағы бізге белгісіз [260, 39-40 бб.]; 2) Ақ Орда мен Алтын Орда халқының көпшілігі Ноғай-қазақтар болып, 1445 жылы Ұлық-Мұхаммед хан немесе Орманбет би өлгеннен кейін қазақтар мен ноғайлар бір-бірінан ажырайды да, ноғайлар (татарлар) бірнеше ұзақ хандықтарға бөлініп кетеді. Ал қазақтар Керей ханның бастауымен туған елге бет бұрып, Шу, Қозыбасы жаққа қайта оралады [260, 40 б.]; 3) Керей хан Шу мен Қозыбасы өңіріне келгенге дейін-ақ «Қазақ» атанған және деректе айтылғандай ешкімнен қорқып, ығып, қашып-пысып келмеген [260, 40 б.]. Ал Қазақ хандығының нақты құрылған жылын Ә. Хасенов былайша түсіндіріп, қорытындылайды: «... монғол шапқыншылығынан кейін қазақ мемлекетінің шаңырақ көтерун Ұлық-Мұхаммед хан өліп, қазақ ұлысының жекеленіп шыққан, содан былайғы жерде не Әбілқайыр ордасына, не Моғолстан мемлекетіне бағынбай дербес өмір кешкеннен кейін 1445 жылдан бастау керек-ау деген ой қорытуға болады» [260, 41 б.]. Ә. Хасеновтың бұл пікірін жеке-жеке талдамай тұрып, оларға жалпылама түрде мынандай қорытынды білдіреміз. Оның пікірлері өзіне дейін ешбір зерттеуші айтпаған, Қазақ хандығының құрылуын дәстүрлі тұжырымдар мен пікірлер ден мүлде өзгеше баяндайтын, хандықтың құрылған жылын түбірімен басқаша көрсететін пікірлер болып саналады. Ә. Хасеновтың бірінші пікірі ойға қонымды, бірақ ешбір деректе ол туралы айтылмайды. Керісінше, «Тарих-и Абулхайр-хани» және тағы да басқа жазба деректерде шибанилық Әбілқайырды Барақ ханнан соң Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының басым бөлігі хан тағына отырғызғандығы баяндалады. Соған қарағанда Барақтың мұрагерлері өз ұлысында билікті иеленгенімен, бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақта хан бола алмаған. Ал екінші пікіріне келсек, онымен мүлде келісуге болмайды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазақ сөзінің этникалық мәні болмағандығын зерттеушілердің көпшлігі дәлелдеп қойған. Сондай-ақ Ә. Хасеновтың Ұлық Мұхаммед пен Орманбет би туралы сүйеніп отырған материалдары жазба дерек мәліметтері емес, Ш. Құдайбердіұлінің тұжырымдары. Ұлық Мұхаммед хан ХY ғасырдың 20-30 жылдарында Алтын Орда тағында отырған және Кішік Мұхаммед ханнан жеңіліс тауып, Қазан хандығының негізін салған тұлға. Орманбет би болса, 1598 жылы қайтыс болған Ноғай Ордасының биі. Ә. Хасенов ауыз әдебиетіндегі «Орманбет би өлгенде, Он сан ноғай болғанда...», деген материалдар ХYІ ғасырдың соңы – XYІІ ғасырдың басындағы тарихи жағдайларға қатысты айтылады. Ал Қазақ хандығының құрылған жылын 1445 жылдан бастау керек деген пікірмен де келісуге болмайды. Ұлық Мұхаммед хан осы жылы Қазанда қайтыс болып, орнына үлкен ұлы Махмудек отырады. Оның өлімі мен Қазақ хандығының құрылуы арасында ешқандай байланыс жоқ. Ә. Хасенов пікірінің қате екендігі «Қазақ тарихы» журналының келесі санында айтылып өтеді [261, 18-21 бб.]. С. Жолдасбайұлы да осы жылдары Қазақ хандығының құрылған жылы жөнінде өз пікірлерін зерттеулерінде қарастырып өтеді [262, 147-155 бб.]. Ол Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп кетуі жөніндегі «Тарих-и Рашиди» мәліметіне, сондай-ақ Ақжол бидің өлімі туралы халық ауыз әдебиетінің материалдарына сүйене отырып, Қазақ хандығының құрылған жылы деп ХY ғасырдың 20-шы жылдарын көрсетеді [262, 149 б.]. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде «Түркі халықтарының тарихы» атты оқулық авторлары К. Аманжолов пен К. Рахметов те өз пікірлерін айтады [263, 115-132 бб.]. Оқулық авторлары өздеріне дейінгі тарихнамалық жетістіктерді қайталай келе, хандықтың құрылған жылдарына 1456-1466 жылдар аралығын жатқызады [263, 132 б.]. Қазіргі таңда еліміздегі тарихшылар арасында ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихының мәселелерімен терең айналысып жүрген тарихышыларымыздың бірі - Зардыхан Қинаятұлы. Ол өзінің соңғы 10-15 жыл аралығында жариялаған монографиялары мен зерттеу мақалаларында Қазақстан аумағындағы этникалық және саяси процестерге, мемлекеттіліктің дамуы мәселелеріне еркеше назар аударады. Біз ғалымның өзіміз қарастырып отырған тақырып бойынша тұжырымдарын екі топқа бөлеміз. Біріншіге оның Қазақстан аумағындағы ежелгі замандардан кейінгі ортағасырларға дейін өмір сүрген мемлекеттердің тарихына қатысты теориялық-методологиялық бағытттағы тұжырымдары жатса, екінші топтағы пікірлерін нақты Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты айтқан ойлары мен жасаған тұжырымдары құрайды [58-59]. Ол мемлекет, оның анықтамасы мен мәні, мемлекеттілік мәселесі жөннде евроцентристік көзқарастарды қалыптастырған Цицерон, И.Кант, Ф.Гегель, Дж. Тойнби тұжырымдарының біржақтылығын, олардың көшпелі қоғамның ішкі ерекшеліктерін түсіне алмағандығын ашып көрсетеді де, көшпелі қоғамдағы мемлекетттіліктің қалыптасыуы мен өзіндік ерекшеліктері туралы мынандай қорытындыларға келеді: 1) Көшпелі қоғамның дамуындағы ішкі қажеттіліктер оларда мемлекеттілікті туғызады. Көшпелілердің өзін-өзі қорғау мен ішкі қоғамдық тыныштықты сақтау үшін күрестері, көшпелілермен терезелес болуға ұмтылысы оларда мемлекетттің пайда болуына алып келеді. 2) Көшпелілердің ежелгі және ортағсырлардағы мемлекеттік құрылымының ең басты белгісі хандық билік болып саналады [58, 12 б.]. 3) Қазақ мемлекеттілігі ежелгі түрік және монғол ұлыстық жүйелері туғызған қазақ жеріндегі жетілдірілген түрі. Ол біріншіден, сақ, үйсін, қаңлы, Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының, Қарахан мемлекетінің, наймандар мен керейттердің ерте феодалдық ұлыстарының жиынтығынан, екіншіден Қыпшақ Одағындағы тайпалар бірлестігінің, кейннен Қыпшақ Ұлысының құрамындағы тайпалар негізінде, ең бастысы Қыпшақ Ұлысының сол қанатындағы – Орда Ежен немесе Ақ Орда мемлекетінің негізінде қалыптасып, пайда болған [58, 12 б.]. 4) Мемлекеттік сипаты жағынан Қазақ хандығы ежелгі түріктік мемлекеттіліктің монғолдық ұлыстың мемлекеттілікпен толықтырылған жалғасы болып табылады [58, 21 б.]. 5) Мемлекеттіліктің белгілеріне этноаумақтық, ортақ тіл, мемлекеттік заң жатады дей келе, З. Қинаятұлы бұл белгілердің қазақ жерінде бұріннан болғандығын айтып өтеді де, «Бұлардың бәрі қазақ жерінде ежелгі замандардан кейінгі ортағасырларға дейін мемлекеттілік процестердің сабақтастығын көрсетеді, сақ дәуірінен (б.э.д. YІІ ғ.) бастап, ежелгі қазақ жерінде болған мемлекеттердің бәрі мемлекет басқарудың дәстүрлі институттарын сақтаған.... Бұл аумақтағы мемлекеттілікті жалғастырушыларымыз деп қазақтар толық құқықпен айта алады» [58, 31-32 бб.]. З. Қинаятұлы бұл айтқан теориялық сипаттағы тұжырымдарының Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен мемлекеттер тарихын, оның ішінде Қазақ хандығының құрылу тарихын түсінуге тигізер көмегі өте зор. Ол өзінің Х-ХY ғасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелеріне арналған монографияларында этносаяси, этногез тақыптарын көрсетеді. Ал «Қазақ мемлекеттілігі және Жошы хан» атты кітабында Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзекті мәселелерін қозғайды [59.]. Бұл еңбекте автор Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан тарихындағы өте маңызды мәселенің бірі деп алып, оны арнайы қарастырады. З.Қинаятұлының тұжырымдарын былайша топтастыруға болады: 1) 1428 жж. Шығыс Дешті Қыпшақта болған Әбілқайыр хандығын «көшпелі өзбектер мемлекеті» деп атау дұрыс емес, ғалым оны «Әбілқайыр тұсындағы Ақ Орда» деп атайды [59, 214-227 бб.]. Осы тезисті негіздей отырып, З. Қинаятұлы Қазақ хандығының құрылуында ХY ғасырлардың екінші ширегіндегі саяси алғышарттар атқарған мемлекеттілік құрылмдар мен оларға қатысты бірнеше мәселені жаңаша түсіндіреді: а) Әбілқайырдың 1428 жылы билікке келіп, 1431 жылға дейінгі жүргізген жорықтары Шибан Ұлысын біріктіру болғандықтан және оны жас хан жүзеге асырғандықтан оның сол жылдары мемлекеттілік құрылымын Әбілқайыр басшылығындағы Шибан Ұлысы деп атау керек. ә) 1431-1446 жж. Әбілқайыр хан бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақта өз билігін орнату үшін күрестер жүргізеді. Орыс хан ұрпақтары Керей, Жәнібек хандар Әбілқайырға қарсы шықпай, өздерінің Ақ Орданы Билеуге деген моральдық құқығын сақтап қалады.б) 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі Әбілқайыр ханның қалмақ билеушісі Үз Темір Тайшыдан масқара жеңілісі онсыз да ел ішінде орын алып келген жікшілдікті үдете түсті. Әбілқайыр бастаған Шайбаниліктердің басқыншылығына әу бастан қарсы болған Орыс хан ұрпақтары мұндай мүмкіндікті қалт жібермеді. Жәнібек пен Керей бастаған Ақ Орда сұлтандары Әбілқайырдың Шайбанилықтармен болатын келешек майдан ауқымын кеңейте түсу үшін Батыс Жетісуға қоныс аударып, Шу бойындағы Қозыбасына келіп тұрақтайды» [59, 223-224 бб.]. 2) З. Қинаятұлы Керей мен Жәнібек бастаған тайпалар тобының Жетісуға келуіне байланысты, ол ел Әбілқайырдан «бөлініп-жарылып» немесе «қашып» өткен көш емес», «Керей мен Жәнібек өз елінен бөгде жұртқа ауып кеткен жоқ, тек ол өзінің этнотерриториясының бір бөлімін енді бір шетіне, өз этно-бірлігінің бір бөлімінен енді бір бөлімінің ортасына көшіп орналасты»,- деген тұжырымдарын айтады [59, 224-225 бб.]. 3) Қазақ хандығының құрылған жылы туралы пікірінде зерттеуші мынандай тұжырымдарды негіздеуге тырысады. 1455-1456 жылдары Шу бойына көшіп келген Керей мен Жәнібектің мақсаты –Жетісудағы қазақтың көлемді бөлігі Ұлы Жүз бен табысу, ондағы жұртқа арқа сүйеп, шайбаниліктер басып алған ел-жұртты азат ету болды дей келе, олардың қадамы 870 (1465-1466) жылы жүзеге асты, қазақтар саяси билігін өз қолына алып, іс жүзінде Ақ Орданың шаңырағын қайта көтереді [59, 240 б.]. З. Қинаятұлының тұжырымдары өте қызықты, олардың кейбіреулерімен толық қосылуға, ал кейбіреулерімен жартылай қосылуға болады. Жалпы алғанда, З. Қинаятұлының Қазақ хандығының құрылу тарихы жөніндегі пікірлерінің көбі бұрін-соңды тарихнамада айтылмаған, тың, әрі батыл пікірлерге жатады. Оның тұжырымдарын мәселенің тарихнамасына қосылған үлкен үлес және қазіргі кезеңде мәселе бойынша бірден-бір терең зерттеулердің бірі деп есептейміз. Қазақ хандығының құрылу мәселесі 1998 жылы жарыққа шыққан Қазақстан тарихының екінші томында кең түрде қарастырылады. Осы томдағы біз қарастырып отырған мәселені белгілі шығыстанушы-ғалым К.А. Пищулина жазады [54.]. Дегенменде, академиялық басылым жеке автордың монографиясы емес, ұжымдық еңбек болып саналатындықтан, біз осы томдағы Қазақ хандығының құрылуына қатысты айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдарды Ұлттық Ғылым Академиясындағы тарих және этнология институтының жетекші мамандарының пікірлері деп білеміз. Төменде 1983 жылғы екінші том мен 1998 жылғы екінші томдағы хандықтың құрылуына қатысты жасалған тұжырымдарды салыстыра отыра талдалық. 1) 1983 жылғы екінші томда «Қазақ хандығының құрылуы» атты тақырыпшаға бар болғаны 4 бет көлемінде орын берілсе, 1998 жылғы екінші томда бұл мәселе 24 беттік көлемде қарастырылуы және ол «Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары» (7 бет), «Жәнібек пен Керей» (8 бет) және «Қазақ хандығының құрылуы» (8,5 бет) атты тақырыпшаларға бөлінеді. Осының өзі-ақ қазіргі кездегі тарихнамада Қазақ хандығының құрылу тарихына қандай көңіл бөлінгенін аңғартады. Керей мен Жәнібек хандарға қатысты мәселелерді жеке тақырыпша көлемінде қарастыру том авторлары мен редакциялық алқа мүшелерінің үлкен жетістігі деуге болады. 2) 1983 жылғы томда «Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан территориясында ХІV-ХV ғасырларда болып өткен әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси процестердің заңды қорытындысы болды» деген жалпылама тезиспен айтылып, ол тезис ашып көрсетілмесе, 1998 жылғы томда бұл тезис кең түрде қарастырылады да, «Моңғолдардан кейінгі уақытта (ХІV-ХV ғасырдың бірінші жартысы) халықтың әлеуметтік-экономикалық, этникалық-саяси, мәдени дамуы қазақ халқының саяси жағынан біртұтас болып бірігуіне жағдай дайындады», - делінеді. Сөйтіп, бұл процестер Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар даярлайды. 3) 1983 жылғы томда Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құрудағы тарихи рөлі жөнінде ешқандай пікір айтылмаса, 1998 жылғы томда «Керей мен Жәнібекке» қатысты мәселелер жеке тараушада сөз болады. Том авторлары Керей мен Жәнібектің шығу-тегі мәселесінде ордаеженік бағытты ұстанатындықтарын білдіре отырып, тұқайтемірлік пікірлердің де бар екендігін айтып өтеді. Сөйтіп, олар қазақ хандарының Жошының қай ұлынан тарайтындығының принципті маңызы жоқ деген тоқтамға келеді. Біздің ойымызша, оның принципті маңызы бар. Ордаежендік пікірді қолдаушылар сол арқылы қазақ жерінде ХІІІ-ХV ғасырларда билеуші әулеттің үзілмегендігін дәлелдейді Керей мен Жәнібек хандар осы дәстүрді жаңа сипата одан ары жалғастырушылар болып саналады. Ал Тұқай Темір ұрпақтарының саяси билікке таласы мен жеңіске жетуі ХІV ғасырдың соңына сай келеді. Т.И. Сұлтановтың дәлелдеп көрсеткеніндей, тұқайтемірліктердің билігі Батыс Дешті Қыпшақта орнаған болатын. 1998 жылғы екінші томда Керей мен Жәнібектің тарихи рөлі көрсетіліп, олардың тұлғалық және хандықты құрудағы іс-әрекеттеріне оң баға беріледі. 4) Қазақ хандығының құрылған уақытына қатысты екі томдағы пікірлер бірдей. Құрылған жылға Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегіндегі 870 (145-1466) жыл негіз етіп алынады. Жалпы алғанда, 1998 жылғы Қазақстан тарихының екінші томында Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты өзекті мәселелер арнайы түрде қарастырылып, кең талданады. Ондағы пікірлер мен тұжырымдар мәселенің тарихнамасын байыта түседі, мәселенің зерттелуі тарихына қосылған зор үлес деуге болады. Қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде өзіміздің жерлесіміз Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұратын тарихшы,, Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов (1940 жылы туған) көшбасшысы болып саналады. Ол С.Г. Кляшторныймен бірігіп және да жеке өзі жазған бірнеше монографияларында ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани мәселелеріне терең көңіл бөледі. Т.И. Сұлтанов осы зерттеулерінде Қазақ хандығының құрылуы тарихы мен оған қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөліп, оларды жеке, арнайы түрде қарастырады. Қазақ хандарының шығу тегі, алғашқы қазақ хандары, Қазақ хандығының құрылуына қатысты жазба деректере сипаттама, хандықтың құрылуы жөніндегі пікірлерге талдау, хандықтың құрылуының саяси алғышарттары, Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлінуінің маңызы мен салдарлары, хандықтың құрылуы барысындағы оқиғалар, хандықтың құрылған жылы, «қазақ» сөзінің мәні туралы мәселелер Т.И.Сұлтанов зерттеуінде басты тақырыптар болып саналады [51-52.]. Т.И. Сұлтанов қазақ хандарының шығу тегі мәселесіндегі екі тұжырымға негіз болған деректерді топтастыра, олардың мәліметтерін салыстыра отыра мынадай қорытындыға келді. Жошы ханның кіші ұлдарының бірі Тұқай Темір және оның ұрпақтары Батыйдың кезінен бері солтүстік Кавказ, Хажы Тархан, Қырым, Маңғышлақ аймақтарында билік құрған. Ал Жошы ханның үлкен Орда Ежен және оның ұрпақтары болса, ХІІІ ғ. ортасынан ХV ғ. дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында хандық билікте болған. Қазақ хандарының арғы атасы – Орыс хан Орда Ежен ұрпағы болып саналады. Оның бұл пікірі қазіргі кезде қазақ хандарының шығуы мәселесі бойынша үстем пікірлердің біріне айналып отыр. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары М.Тынышпаев бұл мәселеге назар аударып, қазақ хандарының шығу тегі Орда Еженнен бастау алады деген пікірді Жошыдан Орыс ханға дейінгі ұрпақ буындарын салыстыру арқылы айтқан болатын [18.; 20.]. Біз де өз зерттеулерімізде мәселенің деректеріне деректанулық тұрғыдан қарай келе, Ордаежендік пікірді дәлелдеп көрсеткен едік. Ал З.Қинаятұлы да монғол тіліндегі дерек мәліметтеріне сүйене отыра, осы тұжырымды дәлелдеп шыққан еді. Бұл тұжырымның Қазақ хандығының тарихы үшін қандай маңызы бар? деген сауалға біз ХІІІ ғ. басында Орда Ежен ұлысының негізін қалаған Орда Ежен және оның ұрпақтарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігінің үзілмегендігін және ұлттық сипаттағы Қазақ хандығының алғашқы хандары - Керей мен Жәнібек осы әулет билігінің жалғастырушылары екендігін жатқызамыз. Т.И. Сұлтановтың тағы бір ерекше назар аударған мәселесіне – Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарты мәселесі жатады. Ол ХV ғ. І жартысындағы Әбілқайыр хандығы мен Есенбұға ханның билігі тұсындағы Моғолстаның ішкі саяси жағдайларындағы қалыптасқан саяси ахуалдардың Керей мен Жәнібектің бөлінуіне тиімді болды деп санайды. Хандықтың құрылған жылын Т.И. Сұлтанов өз зерттеуінде арнайы мәселе ретінде қарастырады. Оның көрсетуі бойынша Керей мен Жәнібектің бөлініп кетуі және олардың өздеріне бағыншты ру-тайпалармен Моғолстанның батыс өңіріне көшіп келуі – 1459-1460 жж. болған; 1468-1469 жж. – Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көптеген тайпалардың Керей мен Жәнібекке қосылуы нәтижесінде олар күшейе бастайды; 1470-1471 жж. – Қазақ хандығының құрылған жылдары. Т.И. Сұлтанов Қазақ хандығының құрылған уақыты жөніндегі пікірінде өзінің 1971 жылғы мақаласында [48] айтқан ойларын тағы да қайталап, бұл жерде оны кең түрде негіздейді. 1459-1460 жж. бөліну мен 1470-1471 жж. хандықтың құрылған жылдары деп көрсетіп, осы екі оқиғаны – Қазақ хандығының құрылу барысындағы маңызды оқиғалар қатарына жатқызады да, оларды бір тарихи желідегі оқиғалар деп санайды. Ғалымның бұл пікірлері тарихнамадағы жаңа әрі тың пікір болып саналады. Біз өз зерттеулерімізде Т.И. Сұлтановтың осы пікірлерін негізге алып, хандықтың құрылуы барысын бірнеше сатыға бөліп қарастырдық та, Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ хандығының құрылуы басталады. Ал 1470-1471 жылы құрылудың аяқталған жылы деп санаймыз. «Қазақ» сөзінің пайда болуы оның мәні мен мазмұны жөнінде Т.И.Сұлтанов ең бір дұрыс тұжырымды қостайды. Оның дәлелдеп көрсетуі бойынша, ХҮ ғасырдың ортасына дейін «қазақ» сөзі әлеуметтік мәнге ие болған. Керей мен Жәнібектің өз жақтастарымен Жетісу жеріне көшіп келуімен, «қазақ» сөзі саяси-этникалық мәнге ауысады. Ал, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына Қазақ хандығының билігі толық орнағаннан кейін, «қазақ» сөзі толығымен этникалық мәнде айтыла бастаған. Жалпы, Т.И. Сұлтановтың Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты пікірлерін қорытындылай келе, мынадай тұжрымдарға келеміз. 1) Мәселені зерттеуде оның өзі қалай көшбасшы болса, оның пікірлері дәл сондай сипатта зерттеу бағытын айқындайды. 2) Оның ғылыми тұжырымдары жалпы мәселенің зерттелуін бірнеше қадам алға жылжығандығын көрсетеді. 3) Оның жекелеген пікірлері тарихнама үшін тың, жаңа болып саналады. Мәселенің тарихнамасындағы үшінші кезеңде Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің орыс және қазақ тілдеріне аударылуы үлкен жетістік болып саналады. Осы басылымдар арқылы қазақстандық ғалымдар «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерімен алғаш рет толықтай танысып, оның мәліметтерінің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Үндістан, Шығыс Түркістан және тағы басқа елдер мен халықтардың тарихында алтын маңызы терең түсінуге мүмкіндік алады. Тіпті, Дулатидың тарихи оқиғаларды баяндауының, тарихи даталарды қолдануының назар аударады. Егер де тарихшылардың бәрі дерлік Қазақ хандығының құрылуы мәселесін зерттеуде үш негізгі дерек ретінде В.В.Вельяминов-Зернов еңбегіндегі үзінді аудармаларды [2], С.Асфендияров пен П.А. Кунте құрастырған жинақтағы материалдарды [213], 1969 жылы шыққан ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының материалдары» [207] атты жинақтағы «Тарих-и Рашидидің» көлемді аудармасын пайдаланып келсе, енді «Тарих-и Рашидидің» орыс және қазақ тілдерінде толық нұсқасының жарық көруі мәселемен айналысатын зерттеулерге сол кездердегі тарихи жағдайларды толық меңгеруге жол ашады. Жалпы алғанда, М.Х. Дулати еңбегінің қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі ХІІІ-ХVІ ғғ. Қазақстан тарихының әртүрлі мәселелерін, оның ішінде Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде зор мүмкіндіктер берді деп айтамыз. 1999 жылы Қазақстан жұртшылығы Мұхаммед Хайдар Дулатидың 500 жылдығын атап өткені баршаға мәлім. Оған дайындық барысында Тараз, Алматы қалаларында бірнеше рет халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, оның материалдары жарық көреді [219]. «Тарих-и Рашиди» авторы Қазақ хандығының құрылуы туралы алғашқы баяндаған автор болғандықтан, конференцияда жасалған баяндамаларда автордың өмірі мен қызметі, еңбегі мен оның маңызы жөніндегі тақырыптармен бірге Қазақ хандығының құрылуы тарихы мәселесі де қарастырылады. Б.Е. Көмеков «қазақ» терминінің тарихнамасы, К.А.Пищулина, Б.Кәрібаевтар Қазақ хандығының құрылуы; хандықтың құрылуының алғышарттары жөнінде баяндамалар жасайды [219.]. Жалпы алғанда, Мұхаммед Хайдар Дулатидың 500 жылдығына арнап өткізілген конференциялар мен ғылыми оқулар материалдары тек автор мен оның еңбегіне қатысты тақырыптармен ғана шектелмей, ХІІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ хандығы тарихының, оның ішінде біз сөз етіп отырған қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелерін де қамтиды. Қазақ хандығының құрылуының қазіргі кезеңдегі тарихнамасында өз ойын білдірген зерттеушілердің біріне – белгілі тарихшы М.Қ. Әбусейітова жатады. Ол өзінің «Казахстан и Центральная Азия в ХV-ХVІІІ вв.: история, политика, дипломатия» атты монографиясының жеке бір тарауын Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңіне арнап, Қазақ хандығының құрылуы мәселелеріне тоқталады [55.]. Ғалымның осы мәселелер жөніндегі пікірлерін былайша топтастырып беруге болады. 1) Қазақ хандығының құрылуы Алтын Орданың ыдырауы кезеңіндегі Жошы ұрпақтары арасындағы күрестермен байланысты. Жоғарғы билік үшін Шибан және Тұқай Темір ұрпақтары күрес жүргізіп, Орда Ежен ұрпақтары бұл кезде тарих сахнасынан кетеді. Пікірдің алғашқы бөлігі, яғни Қазақ хандығының құрылуы Алтын Орданың ыдырауы барысында жүзеге асты деген пікір – тарихнамада әбден қалыптасқан, зерттеушілердің бәрі мойындаған және құптаған пікір болса, екінші бөлігі, яғни Шибан мен Тұқай Темір ұрпақтары арасындағы күрестерді Қазақ хандығының құрылуымен байланыстыру әлі де болса толық шешімін таппаған сұраққа жатады. Біз бұған дейінгі тарихнамалық талдауымызда М.Тынышпаев, Т.И. Сұлтанов, К.А. Пищулина, З.Қинаятұлы секілді беделді зерттеушілердің Шибан әулетімен күрес жүргізген Тұқай Темір ұрпақтары емес, Орда Ежен ұрпақтары екендігін, Қазақ хандары Орда Еженнен тарайтындығы туралы пікірлерін атап көрсеткенбіз. Сол себепті де М.Қ. Әбусейітованың қазақ хандарының шығу-тегін Тұқай Темірден таратуын осы мәселедегі екі пікірдің бірі деп есептейміз. 2) Керей мен Жәнібектің өздеріне бағынышты тайпалармен бірге бөлініп кетуін ХV ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысында болған және де ол Қазақ хандығының құрылуында саяси оқиғалар желісіндегі ең маңызды оқиға болып саналады. Ғалымның бұл пікірі де екі бөліктен тұрып, біріншісі, яғни бөлінудің болған уақытын шамамен айтса да, дұрыс көрсетіп отыр. Ал пікірдің екінші бөлігі Т.И. Сұлтан пікірімен үндес келеді. Қазақ хандығының құрылуы барысында Керей мен Жәнібек бастаған топтың Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетуі – осы процестегі шешуші оқиға болғандығы ешкімге де дау тудырмаса керек. 3) Қазақ хандығының құрылуы тек Керей мен Жәнібектің бөлінуімен ғана емес, сонымен бірге ортағасырлардағы Қазақстанның шаруашылық, әлеуметтік, саяси, этникалық дамуының нәтижесі деген тұжырымы қазіргі кезде осы мәселенің тарихнамасындағы қалыптасқан және үстем пікірге жатады. Бұл тұжырымды оған дейінгі зерттеушілердің бәрі дерлік құптаған болатын. М.Қ. Әбусейітованың оны қолдауы – бұл пікірдің өміршеңдігін және растығын тағы да бір дәлелдеп көрсетеді. 4) М.Қ. Әбусейітова хандықтың құрылған жылына «Тарих-и Рашидидегі» 870 (1465-1466) жылды жатқызады. Бұл датаға байланысты тарихнамада қалыптасқан пікірлерді біз бұған дейін айтып өткенімізден, ол жөнінде осы жерде оны қайталап жатпаймыз. Жалпы алғанда, қазіргі кезде еліміздегі Қазақстан тарихының ХV-ХVІІ ғасырлардағы кезеңінің белгілі маманы М.Қ. Әбусейітованың Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты айтқан пікірлері бір жағынан, осы бағыттағы зерттеулердің дұрыс жолда екендігін көрсетсе, екінші жағынан оның пікірлері тарихнаманың төртінші кезеңіндегі тарихи білімдерді одан әрі байыта түседі. ХV-ХVІ ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген саяси құрылымдардың бір-бірімен қарым-қатынастары мәселесін арнайы тақырып ретінде зерттеп, жеке монографиялық еңбек жазған тарихшы А.Исин өте қысқа түрде болса да, Қазақ хандығының құрылу мәселесіне тоқтап өтеді. Қыпшақ аумағындағы саяси мүдделердің әртүрлілігі онсыз да «көшпелі өзбектер мемлекетінің» ыдырауына негіз болды дей келе, Керей мен Жәнібектің қазақ тайпаларымен бірге бөлініп кетуін бұл процесті тездетті деп санайды. Ал бөлінуді ХV ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысында болды деген тоқтамға келеді. Қазақ хандығының құрылуы тарихнамасын соңғы жылдары өздерінің зерттеулерінде жас ғалымдар – Г.Е. Сабденова, Е.О. Бұланов қарастырады [264-265]. Г.Е. Сабденова хандықтың құрылуы тарихын зерттеген тарихшылардың пікірлеріне талдау жасап, осы мәселеге қатысты екі тарихнамалық ағымның бар екендігіне, оның біріншісіне – хандықтың құрылуын Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батысына көшіп келіп, жеке өмір сүруімен байланыстыратын пікірлерді, ал екіншісіне – Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хан өлгеннен кейін ХV ғасырдың 60-70 жж. Шығыс Дешті Қыпшақта билк жүргізе бастауымен байланыстыратын пікірлері жатады. Соңғы жылдары Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде құрылған Ноғай Ордасының, Астрахан хандығының тарихына арналған ресейлік авторлар – В.В. Трепавловтың [266], И.В. Зайцевтың [267] монографиялық зерттеулерінде Қазақ хандығының құрылуына қатысты жалпы сипаттағы болса да, пікірлер мен тұжырымдар айтылады. В.В. Трепавлов мұсылман, европалық авторлардың, сондай-ақ орыс тіліндегі архивтік материалдарға сүйене отырып, Ноғай Ордасының қлыптасу, нығаю және ыдырау кезеңдеріндегі оқиғаларды өте терең қарастырады. Сондай жан-жақты қарастырылған мәселелердің бірі – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Маңғыт Ұлысының Әбілқайыр хандығымен қарым-қатынасы. Тарихшының осы кезеңдегі мәселелер бойынша зерттеулері бізге Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ал нақты Керей мен Жәнібек хандарға қатысты мәселеде олардың Әбілқайыр ханнан бөлінуін шамамен 1459 жылдары, Дешті Қыпшақтағы билігінің орнығуын 1460-шы жылдардың соңы – 1470-ші жылдардың басында болған деген тұжырымға келеді. Оның тұжырымы Т.И. Сұлтановтың пікірлерімен сәйкес келеді. Бір ғана айырмашылығы – Т.И. Сұлтанов бөліну мен хандықтың құрылған жылдарына нақты жылдарды көрсетсе, В.В. Трепавлов оларды шамалап, болжаммен көрсетеді [266]. Астрахан хандығының тарихын алғаш рет монографиялық еңбекке айналдырған ресей тарихшысы И.В. Зайцев ХV ғасырдағы Алтын Орданың ыдырау процесіне терең үңіліп, сол ғасырдағы Алтын Орданың аумағында пайда бола бастаған жаңа саяси құрылымдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынастары мәселесін тың деректерге сүйеніп қарастырады [267]. Оның тұжырымдары тек Алтын Орданың сол қанатындағы жағдайды ғана емес, сонымен бірге оң қанаттағы да саяси ахуалды білуге, жалпы саяси процестердің даму бағыттары мен ағымдарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оның Астрахан билеушісі Жәнібек ханға (1514-1521 қатысты айтқан тұжырымдары қазақ тарихындағы Жәнібек хан жөніндегі шатасуларды дұрыс түсіндіріп бере алады. Осылайша, ресейлік зерттеушілер Ноғай Ордасының, Астрахан хандығының тарихын зерттеу барысында ХV ғасырдағы Жошы Ұлысында қалыптасқан саяси жағдайды дұрыс көрсетіп, жаңа саяси құрылымдардың құрылуын тарихи заңдылықтар арқылы түсіндіреді. Олардың түсіндірулері Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын терең білуге жәрдемдеседі деген қорытынды жасаймыз. Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасындағы төртінші кезең – жоғарыда атап өткен зерттеушілердің тұжырымдарымен шектеліп қоймай, деректік базаның кеңеюімен де ерекшеленеді. Оған біз ел арасында айтылып жүрген хандықтың құрылуына қатысы бар кейбір тарихи аңыз-әңгімелердің жинастырылып, жарыққа шығарылуын жатқызамыз. 1996 жылы белгілі археолог-ғалым Мадияр Елеуұлы тарих сериясымен «ҚазМУ хабаршысында» Шу өңірінен жинастырған аңыздар топтамасының бір бөлігін жариялады [221]. Ондағы бес тарихи аңыздың екеуі тікелей Қазақ хандығының құрылуына қатысты. Бұл аңыздардың мәліметтері Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерімен үндес келеді, тіпті бір қарағанда-ақ олардың жазба дерек мәліметтерінен туындайтынын аңғару қиын емес. Дей тұрсақ та, бұл тарихи аңыз-әңгімелердегі мынадай мәліметтер ешбір деректерде кездеспейді. Олар: Керей мен Жәнібектің Мойынқұмға Сыр бойынан көшіп келуі тураы, көштің қазақша жыл санау бойынша тышқан жылы қара күзде болғандығы туралы, келесі жылы көктемде Керейдің хан сайланылуы туралы, Керейдің 10 жылдай хан болып, Хан тауына жерленуі туралы, одан кейін екі жылдай уақыттан кейін қазақтардың кейін оралуы туралы мәліметтер. Біз осы мәліметтерге деректанулық тұрғыда талдау жасап, олардың Қазақ хандығының құрылу тарихындағы маңызын қарастырғанбыз. Осылайша, өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан қазіргі күндерге дейін жалғасып отырған Қазақ хандығының құрылуы тарихнамасының төртінші кезеңіндегі зерттеулердің негізгі бағыттары мен жетістіктеріне қорытындылар жасалық. Бірінші, Кеңестер Одағының ыдырап, Қазақ елінің саяси тәуелсіздігін алуы, гуманитарлық ғылымдарға да бірнеше ондаға жылдарға созылған маркстік-лениндік идеологияның жеке дара үстемдігінен арылуына алып келді. Тарих ғылымында тарихи процестерді таптық тұрғыда емес, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру орнығады да, Отан тарихының барлық мәселелері секілді, біз қрастырып отырған тақырып та жаңа көзқарастар тұрғысынан зерттеле бастайды. Екінші, қазақ елінің егемендік алуы нәтижесінде Отан тарихындағы көптеген мәселелерге деген қоғам арасында қызығушылықтар күрт артады. Сондай мәселелердің біріне – ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақ хандығының құрылуы мәселесінің көпшіліктің назарында болуы жатты. өйткені, 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ ұлтының мемлекеті ретінде егемендігін жария еткен Қазақстан Республикасы мен ХV ғасырдың ортасында тарих мінберіне қазақ халқының ұлттық мемлекеті ретінде көтерілген Қазақ хандығы арасында тарихи сабақтастықтың болуы қатты байқалған еді. Осыған байланысты мерзімді басылымдарда тарихшылар Қазақ хандығының құрылуы мәселесінде оның нақты қай жылы құрылғандығын анықтауға айрықша күш салады. Үшінші, осы тарихнамалық кезеңде қалыптасқан тұжырымдарға қарамастан, Қазақ хандығының құрылуын қазақ-ноғай жұртының бір-бірінен бөлінген кезімен, тіпті 1428 жылы Барақ ханның өлімінен кейін құрылған деген пікірлер [260] пайда болды. Бірақ та бұл бағыттағы ойлар мен тұжырымдар кең қолдауға ие бола алмады. Төртінші, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің орыс және қазақ тілдеріне толығымен аударылып, деке кітап ретінде шығуы, сондай-ақ автордың 500 жылдығына орай халықаралық деңгейде өткізілген ғылыми конференциялардың өткізілуі мәселенің одан әрі терең зерттелуіне тың серпін береді. Бесінші, 90-шы жылдардан басталатын төртінші кезеңдегі зерттеулердің бәрінде дерлік Қазақ хандығының құрылуына қатысты оған дейінгі тарихнамалық кезеңдерде айтылған тұжырымдар сақталынып, кейде олар қайталанады, ал кейбір зерттеулерде терең қарастырылады. Солардың біріне – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келуімен хандықтың құрылуы басталып, ал Шығыс Дешті Қыпшаққа қайтып оралуымен хандықтың құрылуы аяқталады деген пікір үстем бола бастайды. Алтыншы, осы тарихнамалық кезеңдегі келесі бір бағыттардың біріне – біздің мәселемізге қатысты халық ауыз әдебиеті материалдарының ғылыми айналымдарға енгізілуі жатады. Бірақ та зерттеушілердің бір бөлігінің халық ауыз әдебиеті материалдарын пайдаланбауы, оларды елемей, көзге ілмеуі ол зерттеушілердің тұжырымдарын толыққанды, жан-жақты ете алмайды. Жетінші, Санкт-Петербургтегі жерлесіміз Т.И. Сұлтановтың зерттеулерінен басқа өзге ресейлік зерттеушілердің (В.В. Трепавлов, И.В.Зайцев) еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуы мәселесі өте қысқа көлемде қарастырылады. Сондай-ақ олар бұл мәселене терең бармай, Т.И.Сұлтановтың, К.А. Пищулинаның, М.Қ. Әбусейітованың және тағы басқа авторлардың тұжырымдарына сүйенеді, сілтеме жасап, оларды қайталайды. Мұның өзі Қазақ хандығының құрылу тарихын Қазақстан тарихшылары ғана терең, кең көлемде және жан-жақты зерттеп отырғандығын көрсетеді. Осы тарауда арнайы түрде Қазақ хандығының құрылуының зерттелуі тарихын қарастыра келе, біз төмендегідей жалпы қорытындылар жасаймыз. 1) ХІХ ғ. 60-шы жылдарында басталған мәселені зерттеу қазіргі күндерге дейін жалғасып, оны біз шартты түрде төрт тарихнамалық кезеңге бөлдік. Әрбір тарихнамалық кезеңдегі зерттеудің негізгі бағыттары мен жетістіктеріне сипаттамалар берілді, басты тұжырымдар анықталды. 2) Бір жарым ғасырлық уақытқа созылған тарихнамада Қазақ хандығының құрылу тарихы жай айтылған пікірлерден кең ауқымды тақырыптың біріне айналып, академиялық басылымдарда тарау немесе тарауша көлемінде қарастырылады. Алғашқы тарихнамалық кезеңнен соңғы тарихнамалық кезеңге дейін мәселені зерттеудің кең және терең түрде жүргендігін көрсетеді. Мәселенің деректік негіздері мен зерттелу тарихы, алғышарттары, себептері, құрылу барысы, болған уақыты, ол жөніндегі пікір-таластар, маңызы және басқа айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдар – 150 жылдай уақыт ішіндегі тарихнамалық жетістіктерін көрсетеді. 3) Мәселенің тарихнамасына жалпы талдау жасай келе, Қазақ хандығының құрылу мәселесі тарихи әдебиеттерде көп айтылып, көп жазылды, бірақ әлі күнге дейін жеке зерттеу тақырыбына айналан жоқ, сол себепті де біз бұл жұмысымызда осы олқылықтың орнын толтыру үшін мәселенің өзін арнайы қарастырамыз. Date: 2015-11-14; view: 1593; Нарушение авторских прав |