Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы зерттеулер





Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелерін, оның ішінде біз қарастырып отырған Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы екінші тарихнамалық кезеңде біршама табыстарға қол жеткізілді. Алдыңғы беттерде айтып өткеніміздей, бұл кезеңнің басты ерекшелігіне – тарих ғылымын маркстік-лениндік ілім негізінде, яғни таптық тұрғыда қарастырудың орнығуы жатады. Осы тарихнамалық кезеңдегі зерттеушілер өздеріне дейінгі тарихшылардың тұжырымдарына «буржуазиялық», «ұлтшыл», «панисламдық», «пантүркілік» деген айдарлар тағып, оларды сынға алады. Олардың пікірлері ғылымнан жат, ғылыми емес деп жарияланады. [22, 16-17 бб.].

Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасындағы екінші кезеңде С.Д. Асфендияров, П.А. Кунте, П.М. Вяткин және 1943 жылы «Қазақ ССр тарихы» кітабының авторы өз пікірлерін жаңа концепция негізінде ұсынса да, олардың еңбектері, кейбір тұжырымдары мәселенің жалпы зерттелуінде алға басушылықты, деректік базаның кеңеюін көрсетеді.

1935 жылы профессор С.Д. Асфендияров пен П.А. Кунтенің редакциясымен «Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник 1. (Y в.до н.э. – ХYІІІ в.н.э.)» атты жинақтың жарық көруі тек қана Қазақ хандығы дәуірі үшін емес, жалпы алғанда Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихын зерттеу барысындағы ең ірі оқиғалардың бірі болып саналады. Жинақтың авторлары Қазақстан тарихында алғаш рет Қазақ халқының, Қазақстан тарихының әр түрлі тілдерде жазылған жазба дерек мәліметтерін ғылыми принциптерге сай жүйелеп, саралап және хронологиялық негізде топтастырады [213.]. Егерде бұл жинақ жарыққа шыққанға дейін Қазақстан тарихының жазба деректері әр түрлі жинақтар мен әдебиеттерде сирек кездесетін кітаптарда басылып, оларды табу көптеген қиыншылықтарды туғызса, бұл жинақ көптеген құнды деректерді көпшілік оқырмандармен таныстырды. В.В. Вельяминов-Зернов еңбегіндегі «Тарих-и Рашидиден» алынған Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі мәліметтер де осы жинақтың арқасында қалың оқырманға жол табады [213, 93-94 бб.]. Мұхаммед Хайдар Дулатидың және тағы да басқа ортағасырлық авторлар еңбегіндегі Қазақстан тарихына қатысты өте құнды тарихи мәліметтердің бір жинаққа шоғырландырылуы – зерттеушілер үшін өте қолайлы жағдайлар туғызып, жалпы Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлардағы тарихының мәселелерін зерттеуге мол мүмкіндіктер береді. Жинақ жарыққа шыққан кезінен бастап, бірден құнды кітаптар қатарына енгізіледі. Ондағы көптеген деректердің ғылыми маңыздылығының деңгейін олардың әлі күнге дейін зерттеушілер назарынан түспей, тарихшылардың осы жинаққа жиі сілтеме беруінен байқаймыз. Сондай-ақ жинақтағы деректердің құндылығы ескеріліп, 1998 жылы ол екінші рет басылып шығады [22, 16-17 бб.].

С.Д. Асфендияров 1935 жылы жарық көрген «История Казахстана» атты кітабында Қазақ хандығының құрылу мәселесін таптық тұрғыда қарастырып өтеді [22, 304 б.]. Ол өзінің негізгі тұжырымдарын М. Тынышбаевтың пікірлерін сынау тұрғысында білдіреді. Төменде оның пікірлеріне назар салып көрелік.


1) Әбілқайыр ханнан Керей мен Жәнібек хандардың бөлінуіне байланысты Әбілқайыр ханның жанында қалғандары «өзбектер» деп, бөлініп кеткендерді «қазақтар» деп атайтындығымен келіспейді. Оған дәлел ретінде С.Д. Асфендияров «қазақ» сөзімен «өзбек» терминдерінің бөлінуден кейін бір-бірімен араластырып қолданылатынын тілге тиек едеді [22, 98 б.].

2) ХY-ХYІ ғасырларда ноғай-өзбек-қазақ одақтарының ыдырау процесі әлі де болса ұлттық топтар арасындағы айырмашылықтардың толық ажыратылмағандығымен сипатталып, соған байланысты сол кезеңдегі саяси бірлестіктер: ноғай-қазақ, немесе өзбек-қазақ болып, аралас сипатқа ие болады [22, 99 б.].

3) ХYІ ғасырдың соңы – ХYІІ ғасырдың басында далалық аймақтарда ірі жылжулар бәсеңсіп, қазақтар қазіргі Қазақстан территориясына берік орныққан кезде ғана дербес қазақтар тарихының басталғандығы туралы сөз айтуға болады [22, 99 б.].

4) Феодалдық-рулық топ басшыларының қалың бұқараны қанауы мен тонауы кейбір рулардың бөлінуі мен көшіп кетуіне алып келіп отырды, рулық бірлестіктер арасындағы құнды қырғындарда халық бұқарасының бас көтерулері стихиялы, ұйымдаспаған сипатқа ие болады. [22, 99-100 бб.].

Екінші тарихнамалық кезеңде біз қарастырып отырған мәселе бойынша пікір білдіріп, ой айтқан тарихшылардың бірі – М.П. Вяткин болды. Оның «Очерки по истории Казахской ССР», «К вопросу об образовании Казахского ханства» атты жұмыстарында Қазақ хандығының құрылуы мәселесі арнайы қарастырылады [23, 76-89 бб.; 24, 42-52 бб.]. Төменде ғалымның пікірлеріне назар аударып көрелік.

1) Ғалым Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі атауына қатысты «Жошы әулетінің ерекше иелігі», «Қазақ одағы», «Ерекше саяси бірлестік», «Қазақ мемлекеті» деген терминдерді жиі қолданып, Керей мени Жәнібек хандар тұсындағы олар негізін қалаған мемлекетке – Қазақ хандығы атауын қолданбайды.

2) Қазақ мемлекеттілігінің құрылуын жалпы алғанда Алтын Орданың ыдырауы кезеңіндегі жошылық ұрпақтардың өзара ішкі күрестерімен, ал нақтырақ алғанда, Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен мен Шейбан әулеттері арасындағы күреспен байланыстыра келе, ол күрестің Әбілқайыр хан тұсынде өте шиеленісіп, жеңіліске ұшыраған Орда Ежен ұрпақтары қашуға мәжбүр болып, олардың «қашуын» Орда Ежен ұрпақтарының әулет билігін қалпына келтіру жолындағы күрес түрі деп есептейді.


3) Қазақтардың иелігі Моғолстанға тәуелді иелік ретінде пайда болады.

4) Қазақ Одағы ХY ғасырдың екінші жартысында пайда болады.

5) Алғаш рет тарихнамада М. Вяткин Қазақ мемлекетінің құрылуының саяси және әлеуметтік-экономикалқық алғышарттарын мәселе етіп қояды. Бірақ ол оны шешуде қателіктерге бой алдырады. Оның ең басты қателігіне – Қазақ хандығының құрылған уақытын дұрыс анықтай алмауына байаланысты саяси жәнеРәлеуметтік Гэконмикалық алғышарттарды ХY ғасырдың екінші жартысындағы тарихи дамулардан іздестіруі жатады. Қазіргі кездегі мәселенің тарихнамасында Қазақ хандығының құрылған кезі ХY ғасырдың ортасы деген пікірдің берік орныққандығына қарап, алғышарттарды тарихи оқиғаға дейін емес, одан кейін қарастыруды біз қателік деп санаймыз.

6) Жалпы алғанда, М.П. Вяткин Қазақ хандығының құрылуы мәселесін зерттеу барысында өзіне дейінгі тарихнаманың жеткен жетістіктерін пайдалана отыра, мәселенің көкжиегін кеңейтіп, кейбір жаңа қырларын ашуға күш салды.

Қазақ хандығының құрылуының тарихнамасындағы екінші кезеңнің соңғы тұжырымдамасына – 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» академиялық басылымындағы пікірлер жатады [25, 91-95 бб.].

Томның авторлары Қазақ хандығының құрылуының жалпы схемасына Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр билігінен бөлініп Моғолстанның батыс бөлігіне қоныстануын негізге алады да, осы оқиғаға қатысты кейбір мәселелерді басқаша түсіндіреді. Сондай-ақ олар сол жылдарда қалыптасқан дәстүрге қарамастан Керей мен Жәнібек негізін қалаған мемлекетті «Қазақ одағы», «ерекше саяси бірлестік», «иелік», деп атамай, олардың орнына «Қазақ хандығы» деген атауды қолданады. Авторлар одан да терең барып, «Қазақ хандығынның пайда болуы» мәселесін жеке тақырып етіп, оны арнайы түсіндіреді. Енді осы ұжымдық авторлародың Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтқан пікірлеріне құлақ салып көрелік.


1) Алтын Орда ыдырап кеткеннен кейін Қазақстан аумағында Өзбек және Ноғай хандығы пайда болады да, олардың ішінде фодалдық күрестер жалғаса береді. Одан әрі том авторлары М. Вяткиннің Орда Ежен мен Шайбан әулеті арасында өткен күрестер туралы пікірін қайталайды.

2) Феодалдық топтар арасындағы талас-тартыстар еңбекші бұқараның жағдайына қатты әсер етіп, олардың шаруашылықтары күйзеліске ұшырайды. Сол себепті де көптеген көшпелілер тыныш өмір іздеп, Моғолстанға көшіп келеді. Моғолстанға тек қарапайым көшпелілер ғана емес, Керей мен Жәнібек сұлтандар да Әбілқайырдың тықсыруымен Шығысқа қарай қашады.

3) Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған ауылдардың Моғолстанға келуі ХY ғасырдың ортасында болған.

4) Моғолстанның батысында шашырап жүрген жергілікті түрік тапйалары мен Әбілқайыр ханнан қашып келген қауымдар Жәнібек пен Керей қоластына біріктіріледі. Сөйтіп, осы өңірде жаңа мемлекет – Қазақ хандығы дүниеге келеді.

5) Жәнібек хан тұсында Қазақ хандығы Моғолстанға тәуелділік қатынастарда болып, ол жағдай өз кезегінде жаңа мемлекеттің нығаюына мүмкіндіктер туғызады. Керей жөнінде еш нәрсе айтылмайды, Жәнібек хан – «Әз Жәнібек» деп аталынды деген пікірді білдіреді том авторлары.

Осылайша, академиялық томның авторлары Қазақ хандығының құрылуы мәселесінде өздеріне дейінгі зерттеушілердің жетістіктерін пайдалана отырып, оны одан әрі тереңдете түседі. Қазақ хандығынң этникалық негізін Керей мен Жәнібек хандарға бағынышты ру-тайпалармен бірге Жетісудың жергілікті тұрғындары да құрады деген тың ой айтылады. Бірақ та неге екендігі белгісіз, оларға дерек мәліметі бойынша алғашқы қазақ ханы Керей екені белгілі болса да, том авторлары Жәнібек ханды алғашқы хан деп таниды.

 







Date: 2015-11-14; view: 1367; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.019 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию