Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Церебралды сал аурулары бар балалардың жеке тұлғасы мен эмоционалды-еріктік сфераларының даму ерекшеліктері
Церебралды сал аурулары бар балалардың ауытқулықты даму түрлерінің арасында психикалық инфантилизм қалпы бойынша даму кешеуілдеуі жиі кездеседі. Психикалық инфантилизмнің негізінде интеллектуалдық және эмоционалды-еріктік сфераларының, әсіресе соңғысының, жетілмеу, жетілу үйлесімсіздігі жатыр. Инфантилизм жағдайында психикалық даму кейбір психикалық функциялардың біркелкі жетілмеуімен мінезделенеді, қарапайым психикалық инфантилизмді анықтайды. Оған үйлесімді инфантилизмді де жатқызады. Бұл қалыпта психикалық жетілмеу баланың барлық іс-әрекет сфераларында көрінеді, әсіресе эмоционалды-еріктік сферасында. Қосымша инфантилизмнің күрделенген қалыптары да бар, мысалы органикалық инфантилизм. Церебралды сал аурулары бар балалардың эмоционалды-еріктік сфераларының қалыптасу және даму ерекшеліктері тек биологиялық фактормен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағдайлармен де байланысты. Церебралды сал аурулары бар балалардың қозғалыс функцияларының бұзылу деңгейі олардың эмоционалды-еріктік және басқа да жекетұлғалық сфераларының деңгейін анықтамайды. Церебралды сал аурулары бар балалардың эмоционалды-еріктік және іс-әрекеттегі бұзылыстары жоғары деңгейлі қозуда, барлық сырттан келетін тітіркендіргіштерге деген аса сезімталдықта көрінеді. Әдетте бұл балалар тынымсыз, ашушаң, қырсық. Кейбір топтары, керісінше, әлсіз, батыл емес, енжар болады. Көбіне олар аса сезімтал, қоршағандардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді, дауыс ырғағын жақсы сезеді. Церебралды сал аурулары бар балалардың ұйқылары жиі бұзылған болады: олар мазасыз ұйықтайды, қорқынышты түстер көреді. Барлық ЦСА бар балаларға аса жоғары деңгейлі шаршау тән. Маңыздысы, бала өз-өзін дұрыс қабылдауы, оның өзінің ауруына және мүмкіндіктеріне деген жақсы көзқарасы дамығаны дұрыс. Бұл жағдайда басты рольді ата-ана мен тәрбиешілер ойнайды. Ауытқулықты мінезді жеке тұлға қалыптасуы церебралды сал аурулары бар балалардың көбісінде байқалады. Церебралды сал аурулары бар балалардың жағымсыз мінез қасиеттері көбіне аса қамқорлық жасау бағыты бойынша тәрбиелеу нәтижесінде дамып, қалыптасады. Церебралды сал ауруы - бұл тек моторлық дамуда кешеуілдеу немесе кейбір қозғалыс функцияларының қалып қоюы ғана емес, бұл жалпы психикалық дамудың бұзылысын мінездемелейтін ауру. Date: 2015-10-19; view: 3454; Нарушение авторских прав |