Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көру бұзылыстары
Көру функциясының бұзылу деңгейі көру өткірлігі деңгейінің төмендеуімен анықталады - көздің бір-бірінен минималды қашықта орналасқан екі жарық нүктені көруі. Қалыпты көру өткірлігі 1,0 тең - 5 метр қашықтықта орналасқан арнайы таблицаның 10-шы қатарындағы әріптер мен белгілерді ажырата алу қабілеттілігі. Келесі және алдыңғы қатарларындағы белгілерді ажырату қабілеті көру өткірлігін 0,1 арттырады. Көру бұзылыстары бар балаларды келесі топтарға бөледі: 1. Соқырлар - көру түйсіктерінен толық айырылғандар, немесе көру қалдығы 2. Абсолютті, немесе тоталді, соқырлар - көру түйсіктерінен мүлдем 3. Нашар көретіндер - көру өткірлігі 0,05-тен 0,2-ге дейін. Соқырлардан Кемістіктің пайда болу уақытына байланысты балаларды екі топқа бөледі: 1. Соқыр туылғандар - тоталді соқырлықпен туылған немесе 3 жасқа дейін 2. Соқырлар - көру мүмкіндігінен мектепалды және кейінгі жаста Тума аурулар және көру ағзаларының даму ауытқушылықтары сыртқы және ішкі зақымдаушы факторлардың нәтижесі болуы мүмкін. Көру функциясы бұзылыстарының пайда болуына әсер ететін генетикалық факторлар: ағзада химиялық заттар айналымының бұзылуы /альбинизм/, көз алмасы дамуын зақымдандыратын тума ауырулар, көз қабығының тума патологиясы, тума берілген катаракта, көз торы патологияларының кейбір түрлері. Көру ауытқушылықтары жүктілік кезеңінде сыртқы және ішкі әсерлер нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Баланың құрсақта дамуына жүктілік кезеңінің ауытқушылықты болуы, ананың вирустық ауыруларға шалдығуы, токсоплазмоз, қызылша және т.б. әсер етуі мүмкін.
Date: 2015-10-19; view: 4101; Нарушение авторских прав |