Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Церебралды сал ауруы бар балалардың тірек-қимыл аппараты бұзылған жағдайында психологиялық анықтау және түзету





Медицина қызметкерлерінде церебралды сал ауруы бар балаларды анықтау қиыншылықтар тудырмайды. Жеңіл және орта ауырлық деңгейлі церебралды сал ауруын жаңа туылған баланың алғашқы күндерінде анықтау қиын. Емізулі балаларда болатын неврологиялық симптоматика барлық кезде церебралды сал аурудың дамуын растамайды. Бірақ дамудың ерте

кезеңдерінде церебралды сал ауруын анықтау ғана маңызды емес, сонымен қатар баланың психикалық даму деңгейін анықтау да қажет. Басты рольді психологиялық анықтау және психологиялық түзету жұмыстарында мектепалды мекеменің педагог-психологы атқарады. Церебралды сал ауруы бар баланы зерттеуде пайда болатын қиындықтар оның ақыл-есі кемдігі, дамуы кешеуілдеуі, көру, есту т.б. кемістіктермен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе церебралды сал ауруы бар баланың есту бұзылыстарын ерте анықтаған маңызды. Олар жиі кездеседі. Церебралды сал ауруы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы ауытқушылықтарды анықтау үшін оның ерекшеліктерін клиникалық-психологиялық-педагогикалық талдаудан кешенді өткізу қажет.

Церебралды сал ауруы бар баланы тексеру өте қиын, өйткені физикалық кемшіліктер қоршаған орта жайлы білімдерінің шектеулі болуы оның нақты мүмкіндіктерін ашпайды. Бақылаумен біріккен оның кейбір психикалық функциялары мен меңгерген жаңа білімдерін және дағдыларын зерттеуге бағытталған эксперименттік тексеру ең сенімді анықтау болып қала береді. Анықтау жұмысының нәтижелілігі түрлі салалардағы мамандардың бірігіп жұмыс жасауына тәуелді. Ерте жүргізілетін психологиялық-педагогикалық- түзету-дамытушылық жұмыс өте қажет. Қозғалыс бұзылыстарын түзету -кешенді, жүйелі әсерді /медикаменттік терапия, физиотерапия, ортопедиялық емдеу, уқалау, емдік дене шынықтыру/ қажет етеді.

Медикаменттік емдеу бұлшық ет тонусын қалыптандыруға, ырықсыз қозғалыстарды азайтуға бағытталған.

Физиотерапиялық процедуралар жасушалардың трофикасын және бұлшық еттегі қан айналымын жақсартады.

Ортопедиялық жұмыс ортопедиялық тәртіпті ұстануды, ортопедиялық тәсілдерді жүруде пайдалануды, аяқ-қолдардың қалпын түзетуді қамтамасыз етеді.

Емдік дене шынықтыру балалардың мектептік және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне бағытталған қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады.

 

Date: 2015-10-19; view: 2575; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию