Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар





Сөйлеу - әртүрлі түрлері мен қалыптары бар күрделі психикалық іс-әрекет. Сөйлеуді экспрессивті және импрессивті деп бөледі.

Экспрессивті айтылған сөйлеу - сыртқа бағытталған және бірнеше кезеңнен өтеді: ой - іштей сөйлеу - сырттай айту - тіл арқылы ой айту.

Импрессивті /қабылданатын/ сөйлеу - қоршағандардың сөйлеуін /ауызша немесе жазбаша/ түсіну процесі; ол бірнеше кезеңнен тұрады: сөздік мәліметті қабылдау – мәліметтік сәттерді бөлу - қабылданған мәліметтің жалпы маңыздылық сызбасын іштей сөйлеуге айналдыру.

Сөздік іс-әрекеттің 4 өзіндік қалпын бөліп алуға болады, олардың ауызша және жазбаша /өзіндік жазба/ түрлері экспрессивті сөйлеуге жатады, ал импрессивтіге - ауызша және жазбаша сөйлеуді /оқу/ түсіну.

Қандай болмасын сөйлеу компонентінің ауытқуына байланысты лингвистикалық бұзылыстар келесідей болып бөлінеді:

1. Фонетикалық бұзылыстар - бір немесе бір топ дыбыстарды дұрыс емес
айту.

2. Лексикалық-грамматикалық бұзылыстар. Олар: шектелген сөздік қоры, сөздерден сөйлемді дұрыс құра алмау, сөздерді аяқтамау, орындарымен алмастыру және т.б..

3. Күй-екпіндік бұзылыстар:

а) екпінді дұрыс емес қолдану /логикалық - сөйлемдерде, грамматикалық -

сөздерде/;

ә) дауыстың күші, тембрі, биіктігіне байланысты бұзылыстар /тыныш, қысыңқы, анық емес, шулы, төмен дыбысты/.

4. Жылдамдық-ырғақтық бұзылыстар:

а) бас миында қозу процестерінің басым болуымен /тахилалия/ байланысты
жылдамдатылған темп;

ә) тежелеу процестерінің басым болуымен байланысты баяу темп /брадилалия/;

б) үзілмелі темп /дыбыстар мен сөздерді қайта-қайта қайталау, негізделмеген
тоқтатылымдар, физиологиялық интерациялар, потерн, және тұтығу/.

5. Жазбаша сөйлеудің бұзылыстары:

1) жазуда:

а) фонеманы графемаға дұрыс емес аудару;

ә) жазып аяқтамау;

б) сөзде әріптерді тастап кету және орындарымен ауыстыру;

в) сөздердің сөйлемде үйлесімді болмауы және олардың орындарымен
алмасуы;

г) қатардан шығып жазу және т.б.

2) Оқуда:

а) дыбыстарды ауыстыру, шатыстыру;

ә) әріптеп оқу;

б) сөз құрылымын дыбыстық-буындық өзгеруге ұшырату;

в) оқығанның мазмұнын түсінбеу;

г) аграмматизмдер.







Date: 2015-10-19; view: 4204; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию