Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Церебралды сал ауруының түрлері





Ми жүйесінің зақымданған бөліміне байланысты түрлі қозғалыс бұзылыстары пайда болады. Церебралды сал ауруының 5 түрі анықталған.

1. Спастикалық диплегия. Сал ауруы, немесе плегия, - бұлшық-етте немесе бір топ бұлшық-еттерде қозғалыстың жоқтығы. Қозғалыс функцияларынан жартылай айырылу парез деп аталады. Спастикалық диплегия аяқ-қолдарда қозғалыс бұзылыстарымен мінезделенеді, бірақ аяқтар, қолдарға қарағанда, терең бұзылыстарға ұшырайды. Спастикалық диплегияның негізгі көрсеткіші - қозғалыстардың көлемі мен күшін шектеу негізінде аяқтардың бұлшық-еттері тонусының жоғарылауы.

2. Екі еселенген гемиплегия - церебралды сал ауруының ең ауыр түрі. Жаңа туылған кезеңде де анықтауға болады. Екі еселенген гемиплегия аяқ-
қолдардың ауыр қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады.

3. Церебралды сал ауруының гемипаретикалық түрі /балалық церебралды гемиплегия/ бас ми қыртыстарының қозғалыс бөлімдері немесе негізгі қозғалыс /пирамидалық/ жолының бір жағының бұзылуымен мінезделенеді. Церебралды сал ауруының гемипаретикалық түрі бір жақты қозғалыс бұзылыстарымен анықталады.

4. Церебралды сал ауруының гиперкинетикалық түрі - көбіне ми
бөлімдерінің қыртыстарының асты зақымдалады, олар бұлшық-еттердің
қысқару реттілігін, күшін және ұзақтылығын қадағалау арқылы ырықты
қозғалыс актінің орындалуын қамтамасыз етеді. Церебралды сал ауруының
гиперкинетикалық түрі күштеп орындалатын ырықсыз қозғалыстар -
гиперкинездер түрінде көрініс табатын қозғалыс бұзылыстарымен
мінезделенеді. Олардың хореиформдық, атетоидтық, хореоатетоидтық және
спастикалық мойын қисаю түрлері де болады.

5. Церебралды сал ауруының атоникалық-астатикалық түрі /мишықтық/ -
бұлшық-еттер тонусының төмендігімен, тік тұра алмау қиындықтарымен
анықталады. Мишықтық атаксияның көріністеріне жатқызылады:

1) тыныштықта және жүруде дененің тепетеңдігінің бұзылуы;

2) дисметрия - қозғалыстардың сәйкес еместігі, қозғалысты дәл орындай
алмауда көрінеді;

3) интенциондық /динамикалық/ тремор - аяқ-қолдардың дірілдеуі, бұл
жағдай ырықты, мақсатқа бағытталған қозғалыстарда пайда болады және
мақсатқа жақындауда, қозғалыс актінің аяғында күшейе түседі.

Осы және басқа да қозғалыс бұзылыстары бұлшық-еттер тонусының төмен болу негізінде бақыланады. Аса дәлдікті қажет ететін бағытталған ырықты әрекетті қозғалыстарды орындауды /жазу, мозаика құрастыру және т.б./ қолдар треморы қиындатады.







Date: 2015-10-19; view: 2988; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию