Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бәсеке түрлері
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы. Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады: * Даму масштабы бойынша: 1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады. 2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы. 3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс. 4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы. 5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс. 6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы. * Жүргізу әсеріне қарай: 1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы 2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы. * Ниет тәсілдері бойынша: 1. Адал ниеттілік бәсеке 2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы. * Бәсеке даму сипатына қарай: 1. Жетілген бәсеке 2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке). Бәсеке - дегеніміз латын тілінен аударғанда " соғысып- қалу" деген сөз. Бағалы бәсеке - өндірушілер өзінің өнімін өткізу үшін, нарықта монополиялық жағдай алу үшін бағамен манипуляция жасайды, бағаны арзандатады, кұпия сыр ретінде өзгертеді. Бағалы емес бәсекеде өндірушілер өнімнің белгілі бір артықшылығын пайдаланады: өнімнің сапасы, дизайны, дамыған технология, кепілді жөндеу мерзімі т.б. Еркін бәсеке нарығында тауар өндірушілер және тұтынушылардың саны өте көп болады. Тауар өндірушілер біртекті тауар өндіреді. Нарықта өндірушілер мен түтынушылар саны көп болғандықтан бір өндіруші немесе бір тұтынушы бағаға, сұраныс пен ұсьнысқа әсер ете алмайды. Еркін бәсеке нарығының ерекшеліктері: • Тұтынушылар мен өндірушілердіңсаны өте көп болады; • Бағаға бақылау болмайды; • Салаға кіру мен шығу оңай; • Бағалы бәсеке қолданылады. Еркін бәсеке нарығында экономикалық билік кеңінен жайылған және бұл жағдайды дамыған экономикалык бәсеке дейді.
Билет 1. Монополия, олигополия.Түрлері.Монополияға қарсы заңдар Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады: 1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар). 2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады. 3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады. Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы Монополияның ұйымдастыру формалары: 1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу 2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік. 3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі. 4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі. Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады Олигополия- нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім қабылдауда бір-бірінен ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын жетілмеген бәсекенің түрі. Олигопсония- бірнеше сатып алушыларға әрекет ететін нарықтың жағдайы. Date: 2015-10-22; view: 2388; Нарушение авторских прав |